Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 68, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19-1 және 19-2-жолдармен толықтырылсын:
"
19-1. | "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі | ДСМ |
Наурыз |
Шілде |
Қыркүйек |
JI.M. Ақтаева |
19-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ДСМ |
Наурыз |
Шілде |
Қыркүйек |
JI.M. Ақтаева |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |