"Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 386 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 40, 249-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қаулысына:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді және өтініш берушіге беріледі.

      Құжаттар Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Әкетілетін тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес құжаттар немесе олардың көшірмелері;

      2) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға басым құқықты іске асырудан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас тартқанын растайтын құжат (аффинирленген алтынды әкету кезінде);

      3) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген құжат;

      4) әкетуге арналған қорытындының көшірмесі (тауарды әкеткен жағдайда);

      5) қайта өңдеуге арналған қорытындының көшірмесі (тауарды қайта өңдеуге әкеткен жағдайда).

      Құжаттар Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.";

      "16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      16. Әкетуге не қайта өңдеуге қорытынды алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) тауардың атауы, оның өлшем бірліктеріндегі саны, партия нөмірі көрсетілген өтінім-хат;

      2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіретін субъектілер үшін – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі. Бұл ретте егер бұрын осындай құжаттың көшірмесі берілген болса, онда мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ұсыну талап етілмейді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа да ұйымдар үшін – әкетілетін тауарларға меншік құқығын не тауарларға ие болу туралы тараптардың ниетін растайтын құжат;

      4) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі, оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі. Егер келісімшарт (шарт, келісім) мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;

      5) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік қамтылуы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдардың қамтылуы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген құжат;

      6) бағалы металдарды өндірудің барлық субъектілерінен тауарларды қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуы немесе уәкілетті орган бекіткен тәртіппен алынған осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасы.

      Уәкілетті орган әкетуге не қайта өңдеуге арналған қорытындыны уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша уәкілетті органға құжаттар ұсынылған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде береді.

      Әкетуге не қайта өңдеуге арналған қорытындыны уәкілетті орган бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетудің барлық болжамды жылдық көлеміне береді.

      Құжаттар Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.";

      17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді және өтініш берушіге беріледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады