Шығыс Қазақстан облысының кейбір білім беру, дене шынықтыру және спорт ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 392 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру, дене шынықтыру және спорт ұйымдарына:

      1) Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі;

      2) Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қажымұқанның есімі;

      3) Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 4 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілсін.

      2. Мынадай білім беру ұйымдары:

      1) "Киров атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Бородулиха ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Бородулиха ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Киров жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Октябрь мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аққала мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Маяковский атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Биғаш негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Ново-Тимофеевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Сарыбел орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады