Қарағанды облысының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 393 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру ұйымдары:

      1) "Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "Индустриальный жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі білім беру бөлімінің "Рақымжан Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "№ 1 Киевка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі білім беру бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "Киевка № 2 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі білім беру бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "Заречное жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі білім беру бөлімінің "Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Тірек мектеп (ресурс орталығы) Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "№ 3 Киевка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі білім беру бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп" тірек мектебі (ресурс орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "Дон негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі білім беру бөлімінің "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Щербаков жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі білім беру бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "Пржевал жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі білім беру бөлімінің "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады