"Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 407 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 250-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;";

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады