Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қала санатына жатқызу және оны қайта атау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қала санатына жатқызу және оны қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
2. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |