"Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларын және (немесе) оны пайдалану тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 574 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 835 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.11.2021 № 835 қаулысымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) оны пайдалану тәртібі бекітілсін.

      2. "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 232 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 16, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 1 тамыздағы
№ 574 қаулысымен
бекітілген

"Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) оны пайдалану тәртібі

      Осы "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) оны пайдалану тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес әзірленді және "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – "Қарағандышахтатарату" ЖШС) берілген, таратылған шахталар жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Зардап шеккен жұмыскер жоғалтқан, ол алып тұрған не алып тұратыны анық табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулығына зақым келуінен туындаған шығыстар (дәрі-дәрмек сатып алуға, медициналық тексерілуге, оңалтуға, бөгде адамның оны бағып-күтуiне, протез салғызуға, банктер, почталар көрсететін қызметтерге және өзгелеріне), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтелуге тиіс.

      2. Жұмыскер қайтыс болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 940-бабында көрсетілген адамдардың залалды (зиянды) өтетiп алуға құқығы бар.

2-тарау. Залалды (зиянды) өтеу және қаражатты қайтару тәртібі

      3. "Қарағандышахтатарату" ЖШС-ға берілген, таратылған шахталар жұмыскерлерінің өміріне және денсаулығына келтірілген залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет есебінен өтелуге тиіс.

      Залалды (зиянды) өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі.

      4. Өтеуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгеше зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде – жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дәрежелерiне сәйкес еңбекке жарамдылығынан айырылу орын алғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) пайыздарымен анықталады.

      5. Таратылған шахталардың жұмыскерлеріне "Қарағандышахтатарату" ЖШС төлейтін залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қарағанды облысының аумағында орналасқан, жерасты тәсілімен тас көмірді өндірумен айналысатын ұйымдарға қызмет түріне қарамастан осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген лауазымдар мен кәсіптер бойынша инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.

      6. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын есептеуді және төлеуді "Қарағандышахтатарату" ЖШС жүргізеді.

      7. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күнге дейін "Қарағандышахтатарату" ЖШС-ны қаржыландыруды жүзеге асырады.

      8. "Қарағандышахтатарату" ЖШС залалды (зиянды) өтеудің есептелген сомаларын алушылардың шотына қолма-қол емес тәсілмен аударуды жүргізеді.

      9. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріне жөнелту залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар жұмыскерлердің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

      "Қарағандышахтатарату" ЖШС-ға банк, почта бөлімшелері көрсететін қызмет шығындары қызмет көрсету шарттарында айқындалады.

      10. "Қарағандышахтатарату" ЖШС бөлінген қаражат бойынша ай сайын келесі айдың 20-күніне дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өткен айдың есебін ұсынады.

      11. Залалдың (зиянның) өтемін алатын, таратылған шахталардың жұмыскерлері "Қарағандышахтатарату" ЖШС мыналарды:

      Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар – тоқсанына бір рет (тоқсанның бірінші айының 5-күнінен кешіктірмей) нақты тұрғылықты жері туралы мәліметтер;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын азаматтар – тоқсанына бір рет (тоқсанның бірінші айының 10-күнінен кешіктірмей) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін, сондай-ақ айына бір рет (айдың 5-күнінен кешіктірмей) нақты тұрғылықты жері туралы мәліметтер ұсынады.

      12. Пайдаланылмаған бюджет қаражатын қайтару Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларына және (немесе) оны пайдалану тәртібіне
  1-қосымша

Лауазымдар мен кәсіптер тізбесі

Р/с

01-2005 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жіктеуішінің қызметтер сыныптауышына сәйкес лауазымдар мен кәсіптердің атауы

Өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілердегі және кәсіптік улану мен кәсіптік ауруды тергеп-тексеру актілеріндегі лауазымдар мен кәсіптердің атауы

1

2

3

1

Учаске бастығы (өнеркәсіпте)

Учаске бастығы, учаске бастығының көмекшісі, аға механик, тиеу бастығы

2

Тау-кен жұмысшылары және жерасты және ашық тәсілдермен пайдалы қазбалар өндіру жөніндегі басқа да кәсіптер жұмысшылары

Жерүсті тау-кен жұмысшысы

3

Жерасты тау-кен жұмысшысы

Жерасты тау-кен жұмысшысы, жерасты такелажнигі, жерасты қондырғыларының машинисі, шахтаға бекіту материалдарын жеткізуші, тау-кен қазбаларын жөндеу жөніндегі тау-кен жұмысшысы, моторист, плиташы, жол жұмысшысы

4

Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы

Тазартушы забойының тау-кен жұмысшысы, үйінді уатушы

5

Жерасты тау-кен монтажшысы

Жерасты тау-кен монтажшысы, монтажшы

6

Жүк тиеуші

Жүк тиеуші

7

Қазандық машинисі (кочегар)

Күлші

8

Бекітуші

Бекітуші

9

Электровоз машинисі

Электровоз машинисі

10

Тау-кен қазу машиналарының машинисі

Тау-кен қазу машиналарының машинисі, комбайншы, көмір комбайнының машинисі, комбайншының көмекшісі

11

Бұрғылау қондырғысының машинисі

Бұрғылау станогының машинисі

12

Үңгілеуші

Үңгілеуші

13

Оқпаншы (жерасты)

Оқпаншы

14

Сылақшы

Сылақшы-маляр

15

Жерасты электр слесарі

Жерасты электр слесарі, кезекші слесарь

16

Кезекші және жабдықты жөндеу жөніндегі электр слесарі (слесарь)

Электр слесарі, электрик

17

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі

Электр слесарі - автоматшы

18

Басшы

Директор

19

Геолог

Геолог

20

Таразышы

Таразышы

21

Тау-кен шебері

Тау-кен шебері, ЖМ үлестіруші

22

Учаске шебері

Көмірді байыту шебері

23

Жарушы

Жарушы-шебер

24

Механик

Механик

25

Еңбекті нормалау жөніндегі инженер

Жерасты хронометражшысы

  "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларына және (немесе) оны пайдалану тәртібіне
  2-қосымша

Шахталар тізбесі

      "АрселлорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы 1. Қазақстан. 2. Шахтинск. 3. Ленин атындағы. 4. Тентек. 5. Саран. 6. Абай. 7. Күзембаев атындағы. 8. Костенко атындағы.

      "ГЕФЕСТ" көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы 1. Западная. 2. "Батыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      "Рапид" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – Ғ.О. Омаров атындағы Шахта ұңғылау тресі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады