"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 581 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысынбекіту туралы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабына және "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 75 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы бекітілсін.

      2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы " "
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1.Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар үшінақпараттық күн тәртібін медиа-жоспарлау және болжау, медиа-сценарийлер мен медиа-хабарлар әзірлеу,өңірлік коммуникация қызметтерінің іс-қимылынағымдағы жедел және дағдарысқа қарсы ақпараттық басқару, үйлестіру мен сүйемелдеу тетіктерін енгізу, дағдарыстық жағдайлардағы практикалық ұсынымдар мен технологиялық шешімдер әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесібар коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің түрі:республикалық.

      3. Мемлекеттік мекеме "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 75 Жарлығымен құрылған.

      4. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік мекемеге қатысты уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты республикалық меншік субъектісініңқұқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті(бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      6. Мемлекеттік мекеменің атауы:

      мемлекеттік тілде:

      толық – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      қысқаша– Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті жанындағы "Орталық коммуникациялар кызметі" РММ;

      орыс тілінде:

      толық– республиканское государственное учреждение
"Служба центральных коммуникаций" при Президенте Республики Казахстан";

      қысқаша– РГУ "Служба центральных коммуникаций" при Президенте Республики Казахстан".

      7. Мемлекеттік мекеменіңорналасқанжері: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есілауданы, Д. Қонаевкөшесі, № 4 үй.

      2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

      8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрлері болады.

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғақұра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

      10. Мемлекеттік мекеме өзiнiңмiндеттемелерi бойынша өз иелігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      11. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

      3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

      12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:

      1) мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету үшін мемлекеттік органдар мен мекемелер, квазимемлекеттік секторсубъектілері және бұқаралық ақпарат құралдары коммуникацияларының бірыңғай ұлттық медиа-алаңын қалыптастыру;

      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қатысатын ақпараттық күн тәртібін медиа-жоспарлау және болжау;

      3)өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар үшін медиа-сценарийлер мен ақпараттық хабарларды әзірлеуге қатысу;

      4) дағдарыстық жағдайларды болдырмау және оқшаулау үшін практикалық ұсынымдар мен технологиялық шешімдер әзірлеу;

      5) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге қатысу;

      6) бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникациялар мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары ақпараттық салада мемлекеттік билік органдарының және қоғамның өзара ic-қимылының тиімді тетігін құру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) өзара ic-қимылыболып табылады.

      14. Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік органдар үшін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған ақпараттық іс-шаралардың оқиғалар қатарын дайындауға қатысу;

      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің Әкімшілігі қатысатын ұзақ мерзімді және ағымдағы медиа-жоспарларды әзірлеу;

      3) елдегі және шетелдегі ақпараттық өрістің ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ түрлі салалар бойынша ақпараттық деректер базасын жинақтап және тұрақты шолулар, анықтамалар мен есептер жасай отырып, келіп түсетін ақпаратты талдау;

      4) жиналған материалдар негізінде талдамалық және болжамдық құжаттарды, ақпараттық және желілік өрісті дамытудың сценарийлік жоспарларын дайындау;

      5) елде жүргізіліп жатқан реформаларды және өзге де стратегиялық бастамаларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша әртүрлі форматта брифингтер, баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру;

      6) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері бойынша күн сайынғы, ай сайынғы және жылдық кезеңдерге мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлеуге қатысу;

      7) мемлекеттік органдар үшін түрлі ақпараттық оқиғалар бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды (топиктерді), әдістемелік ұсынымдар мен материалдарды дайындауға қатысу;

      8) бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау;

      9) орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың спикерлері үшін оқыту семинарларын, бұқаралық ақпарат құралдары үшін тренингтер өткізу;

      10) интернет-ресурстарда мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілетуге қатысу, әлеуметтік желілерде және өзге де медиалық коммуникациялық форматтарда жұмысты жүзеге асыру;

      11) сараптамалық іс-шараларды, консалтингтік әлеуметтанушылық зерттеулерді және т. б. ұйымдастыру арқылы зерттеулерді жүзеге асыру;

      12) өңірлік коммуникация қызметтерінің қызметін үйлестіру және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

      13) халықаралық БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау, өзінің жарғылық қызметі мәселелері бойынша халықаралық конференциялардың жұмысына, семинарларға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысу, баспасөз турларын ұйымдастыру арқылы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      14) мемлекеттік мекеме қызметінің бағыттары бойынша анықтамалық және ақпараттық материалдарды мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерге аударуды ұйымдастыру;

      15) мемлекеттік мекеме атынан және өз құзыреті шеңберінде сауалдарды жүзеге асыру, мемлекеттік органдармен, оның ішінде арнайы мемлекеттік органдарымен, мемлекеттік емес ұйымдармен және шетелдік мекемелермен хат алмасуды жүргізу;

      16) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін және мемлекеттік мекеменің осы жарғысына қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

      15. Мемлекеттік мекеме осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқылы емес.

      16. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір түрде шектелген қызмет мақсаттарына қарама-қайшы не мемлекеттік мекемедиректорының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле уәкілетті органның немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      17. Мемлекеттік мекеме директорының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.

      4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

      18.Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      19. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

      2) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      4) мемлекеттік мекеме жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;

      5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;

      6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқарып отырған қызметінен босату негіздерін айқындайды;

      7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

      8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды келіседі;

      9) мемлекеттік мекеменің жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;

      11) мемлекеттік мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

      12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

      13) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Мемлекеттік мекеменің директоры мемлекеттік саяси қызметші болып табылады, оны Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. Мемлекеттік мекеменің директоры мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, уәкілетті органға тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      22. Мемлекеттік мекеменің директоры дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      23. Мемлекеттік мекеменің директоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасасады;

      4) сенімхаттар береді;

      5) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) уәкілетті органмен келісім бойынша өз орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      9) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды, тағайындауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;

      10) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалауды қолданады;

      11) өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер шеңберін айқындайды;

      12) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      24.Уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік мекеме құрылымында Мемлекеттік мекеменің үйлестіру кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің үйлестіру кеңесі мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі бағыттарын келісуді жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

      25. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құны оның балансында көрсетілетін заңды тұлғаның активтер құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) өз қызметі барысында алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      26. Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітіп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      27. Мемлекеттік мекеменің қызметін уәкілетті орган республикалық бюджеттен қаржыландырады.

      28. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есеп береді.

      29. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизиялауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

      6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

      30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

      7-тарау. Құрылтай құжаттарынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      31. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жүргізіледі.

      32. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

      8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      33. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Президентінің шешіміне сәйкес жүргізіледі.

      9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

      34. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының аумағында филиалдары мен өкілдіктерін иеленуге құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады