Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 617 қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.04.2020 № 201 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілі және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілі;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Ербол Қанатұлы Оспанов Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 102 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады