Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 және "Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 17 қарашадағы № 757 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 622 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 882-құжат);

      2) "Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 757 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 62-63, 371-құжат).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады