Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Ұлтгық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2020 жыл - 2 700 000 000 мың теңге;
2021 жыл - 2 700 000 000 мың теңге;
2022 жыл - 2 600 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 21, 76-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |