"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын иеліктен шығарудың бағасы, саны, құрылымы туралы шешімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 708 қаулысы

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын иеліктен шығарудың бағасы, саны, құрылымы туралы шешімі (2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 163 отырыстың хаттамасы) бекітілсін.

      2.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 708 қаулысымен
бекітілген

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын иеліктен шығарудың бағасы, саны және құрылымы туралы шешімі

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 9-тармағына, "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелі ортаға берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 661 қаулысының 1-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының қарапайым акциялары базалық активі болып табылатын (бір акция бір ғаламдық депозитарлық қолхатқа тең қатынаста) ғаламдық депозитарлық қолхаттарды шығару және орналастыру жолымен көрсетілген акцияларды мынадай шарттарда иеліктен шығару жүргізілсін:

      1) иеліктен шығару бағасы: бір ғаламдық депозитарлық қолхат үшін 13 (он үш) АҚШ доллары;

      2) иелiктен шығару саны: 9863021 (тоғыз миллион сегіз жүз алпыс үш мың жиырма бір) ғаламдық депозитарлық қолхаттар, бірақ 25 935 661 (жиырма бес миллион тоғыз жүз отыз тоғыз бес мың алты жүз алпыс бір) ғаламдық депозитарлық қолхаттан көп болмауға тиіс;

      3) иеліктен шығару құрылымы: а) иеліктен шығарудың жалпы санының кемінде 20 %-і (жиырма проценті) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында сатып алуға ұсынылатын болады, б) қалған саны шет мемлекеттердің аумағында (оның ішінде Лондон қор биржасында) ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады