"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 716 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №13-I, 13-II, 83-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; №22-I, 140-құжат; №22-III, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 67-құжат; №12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №9, 21-құжат; №14, 50-құжат; №16, 56-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №24, 115-құжат; 2018 ж., №1, 2-құжат; №14, 44-құжат; №15, 46-құжат; №16, 56-құжат):

      1) мазмұнында:

      69-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "69-бап. Кепiлгерлікті белгілей отырып жазадан босату";

      124-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "124-бап. Жас балаларды, он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру";

      мынадай мазмұндағы 188-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "188-1-бап. Мал ұрлау";

      203-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "203-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру";

      380-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының өміріне қолсұғушылық";

      мынадай мазмұндағы 380-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "380-2-бап. Жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына қатысты күш қолдану";

      423-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауы деректерiн жария ету";

      2) 3-бапта:

      3) тармақта:

      "188," деген цифрлардан кейін "188-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "202 және 204" деген цифрлар "202, 204 және 425" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      28) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметші; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын орындайтын адам; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері;";

      38) тармақта:

      "188," деген цифрлардан кейін "188-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "202 және 204" деген цифрлар "202, 204 және 425" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "және 239 (үшінші бөлігі)" деген сөздер алынып тасталсын;

      3) 15-баптың екінші бөлігінде:

      "ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері)" деген сөздерден кейін "мал ұрлау (188-1-баптың екінші және үшінші бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "тағылық (294-бап)," деген сөздер алып тасталсын;

      4) 50-баптың екінші бөлігінің екінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Кодекстің 238-бабының екінші бөлігінде, 239-бабының екінші бөлігінде, 250-бабының екінші бөлігінде көзделген, қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, оның ішінде осы Кодекстің 239-бабының екінші бөлігінде көзделген қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын тұлғалар жасаған, экономикалық қызмет саласындағы және қаржы ұйымдарындағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру бес жылдан бастап қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге белгіленеді.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады.";

      5) 51-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу – ол осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделмеген жағдайларда да қосымша жаза түрі ретінде, ал қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін негізгі де, қосымша да жаза түрі ретінде тағайындалуы мүмкін.

      Сот осы жаза түрін қосымша жаза ретінде тағайындаған кезде бұл негізгі жаза түрі өтелгеннен кейін немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 161-бабы бірінші бөлігінің 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша оны одан әрі өтеуден босатылғаннан кейін, ал шартты түрде соттау қолданылған жағдайларда үкім заң күшіне енген кезден бастап орындалады.";

      6) 55-баптың екінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде – жартысынан;";

      7) 62-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн күзетпен ұстау уақыты:

      1) қауіпсіздігі жоғары және толық қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеудің бір күніне;

      2) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа, сондай-ақ қауіпсіздігі орташа мекемеде бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеудің бір жарым күніне;

      3) қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеудің екі күніне бір күн есебімен жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақыты:

      1) қамаққа алу түріндегі жазаны өтеудің бір күніне;

      2) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күніне бір күн;

      3) қоғамдық жұмыстар түрінде жазаны өтеудің төрт сағаты;

      4) түзеу жұмыстары, тиісінше айыппұл түрінде жазаны өтеудің төрт айлық есептік көрсеткіші есебімен есептеледі.";

      8) 63-баптың төртінші бөлігінде "мүлiктi тәркiлеуден басқа," деген сөздер алып тасталсын;

      9) 68-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың ережелері:

      1) азаптаулар;

      2) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайларды қоспағанда,

      3) мұндай қылмыс, абайсызда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасау жағдайын қоспағанда, абайсызда адам өліміне не екі және одан көп адамның өліміне әкеп соққан қылмыс;

      4) сыбайлас жемқорлық қылмыс;

      5) террористік қылмыс;

      6) экстремистік қылмыс;

      7) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс;

      8) осы Кодекстің 71-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің өтуі ішінде бұрын жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан соң қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.";

      10) 69-баптың тақырыбы және бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "69-бап. Кепiлгерлікті белгілей отырып, жазадан босату

      1. Қылмыстық теріс қылықты не қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес, жасалғаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында немесе бабының бөлігінде негізгі жазаның өзге де түрлерімен бірге айыппұл көзделген онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адамды сот кепілгерлікті белгілей отырып, жазадан босатуы мүмкін.

      2. Кепiлгерлікті белгілеу жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген айыппұлдың жоғары мөлшеріне тең мөлшерінде кепіл енгізуінен тұрады.

      4. Егер жазадан босатылған адам кепілгерлік кезеңі ішінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған болса, кепілгерлік мерзімі өткеннен кейін кепіл кепілгерге қайтарылады.

      5. Егер кепілгерлік кезеңі ішінде адам жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот жазадан босату туралы шешімнің күшін жояды және үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша оған жаза тағайындайды. Бұл ретте кепіл мемлекеттің кірісіне алынады.";

      11) 72-баптың үшінші бөлігінде:

      3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн іс жүзінде өтегеннен кейін;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:

      "3-1) бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған жағдайда, жазаның өтелмей қалған мерзімінің кемінде үштен екі бөлігі;";

      12) 73-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

      Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру, кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты осындай қылмыс жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс, адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды.

      Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жазаның өтелмеген бөлігі Қазақстан Республикасынан тыс қары шығарып жібере отырып немесе онсыз айыппұлға ғана ауыстырылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер жазаның қалған өтелмеген бөлігі негізге алынып, ал осы Кодекстің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген тәртіппен үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалған кезде түпкілікті тағайындалған жаза негізге алынып есептеледі.";

      13) 79-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сотталғандықты жою немесе алып тастау өмір бойына тағайындалған жазаның қосымша түрімен белгіленген шектеулерді қоспағанда, осы Кодексте көзделген барлық қылмыстық-құқықтық зардаптардың күшiн жояды.";

      14) 115-баптың екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 117-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып" деген сөздермен толықтырылсын.";

      16) 118-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып" деген сөздермен толықтырылсын.";

      17) 120-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау –

      бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;

      3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан;

      4) бірнеше рет жасалған зорлау;

      5) тұлға қызметтік міндеттерін орындаған кездегі зорлау, -

      тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) алып тасталсын;

      2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;

      3) алып тасталды – 2019 жылғы 01 сәуірдегі № 240-VI ҚР Заңымен;

      4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;

      5) алып тасталды – 2019 жылғы 01 сәуірдегі № 240-VI ҚР Заңымен;

      6) қылмыстық топ жасаса –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3-1. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:

      1) олар кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;

      2) оларды кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3-2. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) екі және одан көп кәмелетке толмағандарға қатысты жасалса;

      2) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқса, -

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар жас балаға қатысты жасалса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жылға бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      18) 121-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "121-бап. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері

      1. Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер – бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;

      3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан;

      4) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер;

      5) тұлға қызметтік міндеттерін орындаған кездегі іс-әрекеттер, –

      тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) алып тасталсын;

      2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;

      3) алып тасталды – 2019 жылғы 01 сәуірдегі № 240-VI ҚР Заңымен;

      4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;

      5) алып тасталды – 2019 жылғы 01 сәуірдегі № 240-VI ҚР Заңымен;

      6) қылмыстық топ жасаса –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3-1. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:

      1) олар көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;

      2) оларды кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3-2. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) екі және одан көп кәмелетке толмағандарға қатысты жасалса;

      2) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқса, -

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар жас балаға қатысты жасалса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жылға бас
бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      19) 122-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

      1) бірнеше рет;

      2) екі және одан көп кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған
іс-әрекеттер, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      20) 124-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "124-бап. Жас балаларды, он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру";

      мынадай редакциядағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адамдарға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі
жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған осы баптың бірінші, 1-1-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер –";

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бірінші, 1-1 немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –";

      21) 125-баптың екінші бөлігінде:

      8) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) пайдакүнемдiк ниетпен;";

      мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақтармен толықтырылсын:

      "9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

      10) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет, –";

      22) 126-баптың екінші бөлігінде:

      9) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып";

      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақтармен толықтырылсын:

      "10) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

      11) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалаумен, жасырумен не жоюмен жасалған дәл сол іс-әрекет, –";

      23) 144-баптың екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып" деген сөздермен толықтырылсын.";

      24) 149-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып" деген сөздермен толықтырылсын.;

      25) 188-бапта:

      екінші бөліктің 3) тармағы алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мынадай:

      1) ірi мөлшерде;

      2) бірнеше рет:

      3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық –

      мүлкi тәркiленiп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      26) мынадай редакциядағы 188-1-баппен толықтырылсын:

      "188-1-бап. Мал ұрлау

      1. Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру –

      мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

      2) бірнеше рет;

      3) тұрғын үй-жайға, мекеме, кәсіпорын, ұйым, мал қора, қаша немесе басқа қоймаға заңсыз кiрумен;

      4) ірi мөлшерде жасалған ұрлық –

      мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Мынадай:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық –

      мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      27) 191-бапта:

      2) және 4) тармақтар алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мынадай:

      1) ірi мөлшерде;

      2) бірнеше рет;

      3) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiріп жасалған тонау –

      мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      28) 192-бапта:

      2) және 3) тармақтар алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мынадай:

      1) денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан;

      2) iрi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында;

      3) бiрнеше рет;

      4) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiріп жасалған қарақшылық –

      мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      29) 203-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "203-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игіліктер объектілерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге заңсыз әкету немесе оларды Қазақстан Республикасына қайтармау -

      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:";

      30) 239-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркілене отырып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі
акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      31) 249-баптың екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      32) 287-бапта:

      бірінші бөлігінің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      33) 288-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.";

      34) 294-баптың екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      35) 296-бапта:

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      36) 297-баптың үшінші бөлігінде:

      4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып;";

      мынадай редакциядағы 5) тармақпен толықтырылсын:

      "5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасаған
іс-әрекеттер";

      37) 299-баптың екінші бөлігінде:

      2) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бірнеше рет;";

      3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасаған
іс-әрекеттер – ";

      38) 303-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасынан тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.";

      39) 316-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      40) 328-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      41) 331-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып не онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi
мөлшерде қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.";

      42) 334-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.";

      43) 335-бапта:

      бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi
бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген:

      1) iрi залал келтiре отырып;

      2) қылмыстық топ жасаған;

      3) балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерді алу жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер, –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      44) 337-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған;

      3) аңшылықпен айналысу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      45) 339-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде олармен айналысу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жою –

      мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Ақбөкенді, оның бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде ақбөкеннің мүйізін заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою -

      мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      46) 343-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      47) 346-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.";

      48) 358-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.";

      49) 376-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      50) 378-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      51) 380-1-бапта баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының өміріне қолсұғушылық

      1. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін олардан кек алу мақсатында олардың немесе жақындарының өміріне қолсұғушылық, яғни қазаға ұшыратуға бағытталған қасақана әрекеттер –";

      52) мынадай мазмұндағы 380-2-баппен толықтырылсын:

      "380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына қатысты күш қолдану

      1. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін олардан кек алу мақсатында оларға немесе жақындарына қатысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру –

      үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану -

      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:

      1) екi немесе одан көп адамға қатысты;

      2) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi болған адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

      3) аса қатыгездiкпен;

      4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен;

      6) бірнеше рет;

      7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      8) төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында;

      9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет, -

      жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      53) 381-баптың екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      54) 383-баптың екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      55) 384-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      56) 385-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      57) 390-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      58) 391-баптың екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      59) 397-баптың екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      60) 400-баптың екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      61) 403-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұлға немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстарымен немесе жүз алпыс сағатқа дейін мерзімге қоғамдық жұмысқа немесе қырық тәулікке дейін қамаққа алу не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейін мерзімге айырып немесе онсыз жазалансын.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.";

      62) 406-баптың екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      63) 407-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      64) 410-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "қамаққа алуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      65) 416-баптың алтыншы бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қылмыстық іс бойынша кәмелетке толмаған адамның
жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс туралы, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы дәлелдемелерді, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан бұрмалау –";

      66) 419-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздерден кейін "не шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      67) 423-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің және сот талқылауының деректерiн жария ету

      Жариялауға жол берілмейтіндігі туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен ескертiлген адамның сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария етуi, егер сотқа дейінгі талқылаудың деректерін жария ету - прокурордың немесе сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның келiсімiнсiз, ал жабық сот талқылауының деректерін жария ету судьяның келісімінсіз жасалған болса,–";

      68) 425-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

      1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) бiрнеше рет жасаған іс-әрекет, -

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

      1) қылмыстық топ жасаса;

      2) аса ірі мөлшерде жасалса, –

      мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      69) 432-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмысты не кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу –";

      70) 434-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгiлi кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау –".

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат):

      1) мазмұнында:

      26-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету";

      107-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкциясына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру";

      251-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      2) 26-баптың тақырыбы, бірінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету

      1. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалуға құқығы бар. Олар бұл құқықты осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке өздерi де, сол сияқты қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де жүзеге асыра алады.

      4. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғаушысының және заңды өкiлiнiң қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы күдіктiге, айыпталушыға тиесiлi құқықтарды кемiтпейдi.

      5. Қорғалуға құқығы бар куә, күдіктi, айыпталушы айғақтар беруге, қылмыстық қудалау органдарына қандай да болсын материалдар беруге, оларға қандай да бiр жәрдем көрсетуге мәжбүр етiлмеуге тиiс.";

      3) 35-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсететін адам (қорғалуға құқығы бар куә), күдікті, айыпталушы, сондай-ақ сотталушы немесе оның заңды өкілдері, ал осы баптың бірінші бөлігінің 11) тармағында көзделген жағдайларда адвокатпен қатар күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны қорғауды жүзеге асыру құқығы бар, осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінде санамаланған адамдар бұған қарсылық бiлдiрсе, қылмыстық істі осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4) және 11) тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатуға жол берiлмейдi. Бұл жағдайда іс бойынша iс жүргiзу жалғастырылады және оған негiздер болған кезде адамды жазадан не қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығару арқылы аяқталады.";

      4) 36-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін соттың депозитіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделген кепіл енгізілген болса, сот кепілгерлікті белгілей отырып, адамды жазаны өтеуден босатып, айыптау үкімін шығаруға құқылы.

      Сот іс бойынша басқа түпкілікті шешім қабылдаған жағдайда, кепіл енгізген адамға кепіл нысанасы дереу қайтарылады. Кепіл нысанасы қайтарылған кезде, оның сақталуын қамтамасыз етуге жұмсалған сома кепіл берушіден өндіріп алынбайды. Кепілді қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, нысанасына өндіріп алу және мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Егер айыпталушы немесе жәбірленуші қарсы болса, кепілгерлікті белгілей отырып, адамды жазасын өтеуден босатуға жол берілмейді.";

      5) 39-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның зиянды өтеткізу құқығын тануға тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi тұлғаға табыс етіледі не пошта арқылы жiберiледi. Сонымен бір мезгілде оған зиянның өтелу тәртiбi және өтеу туралы талап қою мерзімдері түсiндiрiлген хабарлама жіберіледі. Залалды өтеткізуге құқығы бар қайтыс болған адам мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жері туралы мәлiметтер болмаған кезде оларға хабарлама қылмыстық процестi жүргiзетін органға олар өтiнiш жасаған күннен бастап бес тәуліктен кешiктiрiлмей жіберіледі.";

      6) 40-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мүліктік зиянды өтеу үшін төлем жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген қаулысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалады.";

      7) 45-бапта:

      мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "7-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін тоқтата тұру іс бойынша "Жедел-іздестіру туралы" Заңға сәйкес қажетті іздестіру іс-шараларын жүргізуге және жасырын тергеу іс-қимылдарын жасауға және қылмыстық іс материалдарына олардың нәтижелерін қоса тіркеуге кедергі келтірмейді.";

      тоғызыншы бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Олар жойылған соң, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның қаулысымен ол қайта басталады, бұл туралы прокурор жазбаша хабардар етіледі.";

      8) 55-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-2) тармақпен толықтырылсын:

      "5-2) осы Кодекстің 234-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурордың өтінішхаты бойынша жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату;";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      9) 58-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру және соттың істі қарауы кезіндегі өкілеттіктері осы Кодекстің 186 (екінші және үшінші бөліктерінде), 187 (сегізінші бөлігінде), 190 (жетінші бөлігінде), 192, 193, 196 (екінші бөлігінде), 234 (екінші, үшінші және төртінші бөлігінде), 290, 301–305, 321 (алтыншы бөлігінде), 337, 414 (екінші бөлігінде), 428 (алтыншы бөлігінде), 429 (жетінші бөлігінде), 478 (бесінші бөлігінде), 480 (алтыншы бөлігінде) 484, 486, 494 (бесінші бөлігінде), 502 (бірінші бөлігінде), 518 (бесінші бөлігінде)-баптарында, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-тарауларында, 628 (бірінші бөлігінде), 643 (сегізінші бөлігінде), 668 (алтыншы бөлігінде)-баптарында айқындалады.";

      10) 62-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацында "қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтiрiлген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы" деген сөздерден кейін, "сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 71-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамды жәбірленуші деп дереу тануға міндетті.";

      12) 78-бапта:

      алтыншы бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) айғақтар беруден бас тартуға;";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, сондай-ақ дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда қорғалуға құқығы бар куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.";

      13) 107-баптың тақырыбы, бірінші бөлігінің бірінші абзацы, 1-1-бөлігі, бесінші және жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының мынадай:";

      1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор тергеу судьясының:

      1) жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы;

      2) жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;

      3) адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;

      4) адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуге келісетіні туралы не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мұндай келісім беруден бас тарту туралы;

      5) прокурордың жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы;

      6) осы Кодекстің 235-бабы тәртібімен жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату және дәлелдемелер ретінде алынған нәтижелердің пайдаланылуына жол бермеу туралы қаулысына, санкциясына өтінішхат келтіруге құқылы.

      5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы
қаулысының, санкциясының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.

      Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.

      7. Сот тараптардың дәлелдерін тыңдап, ұсынылған материалдарды қарап, мынадай:

      1) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгеріссіз қалдыру туралы;

      2) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгерту туралы;

      3) тергеу судьясы қаулысының, санкциясының күшін жою және жаңа қаулы шығару не шағым жасалып отырған шешімді мәні бойынша шығару туралы уәжді қаулылардың бірін шығарады.";

      14) 113-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жайлармен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес тәркіленуге жататын мүліктің заңсыз, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын немесе осы мүліктен түскен
табыс болып табылатынын не құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы ретінде не экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыру немесе өзгедей қамтамасыз ету үшін пайдаланылғанын немесе пайдалануға арналғанын растайтын мән-жайлар дәлелденуге жатады.";

      15) 118-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) егер қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болды деп пайымдауға негiз болса, мүлік;

      2) қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерін сақтап қалған немесе сақтап қалуы мүмкін болған заттар;

      3) қоғамға қауіпті қолсұғушылық объектiлерi болған заттар;

      4) қылмыстық құқық бұзушылықты табу, iстiң нақты мән-жайларын анықтап алу, кiнәлi адамды анықтау не оның кінәлі екенін теріске шығару немесе жауаптылықты жеңiлдету құралы болуы мүмкiн ақша немесе өзге де құндылықтар, нәрселер мен құжаттар заттай дәлелдемелер болып танылады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығару немесе үкiм шығару кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiлуге тиiс. Бұл ретте:

      1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулар және (немесе) құралдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабы негізінде тәркiленуге жатады;

      1-1) мүлкін пайдаланудың құқыққа қарсы мақсаттары туралы адамның білмеген немесе білуге тиіс болмаған кезде адамға заңды негіздерде тиесілі қылмыстық құқық бұзушылықты жасау қарулары және (немесе) құралдары осы адамға қайтарылуға жатады;

      1-2) өзге жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары немесе құралдары тиісті мекемелерге белгілі бір адамдарға беріледі немесе жойылады;

      2) ұстауға тыйым салынған немесе ұстауға шектеу қойылған заттар тиiстi мекемелерге берілуге жатады немесе жойылады;

      3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi тұлғалардың немесе мекемелердің өтінішхаты болған жағдайда, оларға берiлуi мүмкiн;

      4) қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған ақша және өзге де мүлік, сондай-ақ заңсыз кәсiпкерлiктің және контрабанданың нәрселері соттың шешiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал иелері анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне өтеді. Бұл заттардың тиесiлiгi туралы дау туындаған жағдайда, дау азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешілуге жатады;

      5) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар дәлелдемелерді сақтаудың бүкіл мерзiмi iшiнде іспен бiрге қалады не осы Кодекстiң 120-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртiппен мүдделi жеке немесе заңды тұлғаларға берiледi.";

      16) 131-баптың екінші бөлігінде:

      6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) хаттаманың жасалған уақыты мен орны;";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақпен толықтырылсын:

      "7) ұстау мерзімі.";

      17) 145-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кепiл сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның, прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша оларға күдiктiнiң, айыпталушының келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ олардың жаңа қасақана қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында сот депозитiне күдiктiнiң, айыпталушының өзiнiң не басқа адамның ақша енгiзуiнен тұрады. Тыйым салынатын басқа да құндылықтар, жылжитын және жылжымайтын мүлiк кепiл ретiнде қабылдануы мүмкiн. Кепiлдiң құндылығын және ауыртпалықтың жоқ екендiгiн дәлелдеу кепiл берушіге жүктеледi. Осы Кодекстің 148-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларда кепiл қолданылмайды.";

      үшінші бөліктің бесінші абзацы алып тасталсын;

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кепiлдiң қабылданғаны туралы хаттама жасалады, онда күдіктіге, айыпталушыға шақыру бойынша келу туралы және қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол бермеу туралы міндеттердің түсiндiрiлгенi, ал кепiл берушiге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған және қасақана құқық бұзушылық жасаған жағдайда кепiл мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылатыны туралы ескертiлгенi көрсетіледі. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ кепіл беруші басқа тұлға болса, ол қол қояды. Хаттама және соттың депозитiне кепiлдің салынғаны туралы құжат iс материалдарына қосып
тігіледі, ал кепiл берушiге хаттаманың көшiрмесi табыс етіледі.";

      он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кепілді қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, кепіл затын өндіру және мемлекеттің кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      18) 147-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам
ұстап алынған мерзім ішінде прокурор осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен танысуға және күдіктіден оның ұсталған орны бойынша жауап алуға құқылы.";

      19) 148-баптың он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 135-бабында белгіленген тәртіппен, күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамақта ұстау қолданылғаны туралы күдіктінің туыстарын, ал ол шетелдікке қатысты қолданылған жағдайда елшілікті, консулдықты немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы осы мемлекеттің өзге де өкілдігін хабардар етуге міндетті.";

      20) 151-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Күзетпен ұстау мерзімін тоғыз айдан астам, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартуды аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы аса ауыр қылмыс, қылмыстық топтың құрамындағы қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты істің ерекше күрделілігіне орай, қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған тергеу бөлімі бастығының не прокурордың не тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асыруы мүмкін.";

      21) 161-бапта:

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер басқа тұлғалардағы мүлік күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде алынған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы ретінде не экстремизмді, терроризмді, ұйымдасқан топты, заңсыз әскери құралымды, қылмыстық
қоғамдастықты қаржыландыру үшін пайдаланылған немесе пайдалануға арналған деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, ол мүлікке тыйым салынуы мүмкін.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тыйым салынуға жататын мүлік жасырылуы немесе жоғалтылуы мүмкін деп пайымдауға негіз болған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам соттың санкциясын алғанға дейін мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасасуды тоқтата тұруға не прокурорды және сотты жиырма төрт сағаттың ішінде хабардар ете отырып, оны алып қоюға құқылы.";

      22) 184-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат тиісті мәліметтерді қамтитын соттың жекеше қаулысы, жекеше ұйғарымы келіп түскен жағдайда жасалуы мүмкін.";

      23) 187-бапта:

      екінші бөлікте "188 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейін "188-1 (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын, "203" деген цифрдан кейін "(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын, "335 (үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 337 (төртінші және бесіншi бөлiктерiнде)," деген сөздер "335, 337" деген цифрлармен ауыстырылсын, "338" деген цифрдан кейін "339" деген цифрмен толықтырылсын, "380-1" деген цифрдан кейін "380-2" деген цифрмен толықтырылсын;

      3-1-бөлікте:

      "кодексiнiң" деген сөзден кейін "203 (1-1-бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын, "216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2) және 5) тармақтарында, үшінші бөлігінде" деген сөздер "216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1) және 2) тармақтарында, үшінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 189-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Анықтау органының бастығы қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша, осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бір тәулік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен анықтау не алдын ала тергеу тағайындауға міндетті.";

      25) 190-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап үш тәулік ішінде жасырын тергеу әрекеттері санкцияланған жағдайда қылмыстық іс ол аяқталғаннан кейін он бес тәулік ішінде, бірақ арыз тіркелген, Сотқа дейінгі тергеп тексеру тізілімінде хабарланған кезден бастап екі айдан кешіктірілмей аяқталуы мүмкін.";

      26) 191-бапта:

      екінші бөлікте "188 (біріншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейін "188-1 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын, "337 (үшінші бөлiгiнде), 339," деген сөздер алып тасталсын;

      он алтыншы бөлікте "296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздер "296 (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздермен ауыстырылсын, "335 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      жиырма үшінші бөлікте "337 (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      27) 193-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын:

      "9-1) осы Кодекстің 231-бабының 7), 9) тармақтарында көзделген заңсыз жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;";

      екінші бөліктің он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокуратура басшысының осы бөліктің 2), 3), 6), 7) және 8) тармақтарында санамаланған өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары жүзеге асыруы мүмкін.";

      28) 196-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындағаннан кейiн, бiрақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы тергеулігі туралы мәселелер болмаған кезде бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды жазбаша хабардар ете отырып, iстi дәл осы органның тергеушiсіне беруге мiндеттi. Іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар белгіленген жағдайда анықтау органы қылмыстық істі тоқтатуға құқылы. Қалған жағдайларда қылмыстық іс тергеулігін айқындау үшін прокурорға беріледі.";

      29) 209-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Егер жауап алынатын адам:

      1) әйел жүктілік жағдайында болса не асырауында жас баласы болса;

      2) елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер болса;

      3) алпыс үш жастағы және ол жастан асқан ер адамдар болса, үздіксіз жауап алу - үш сағаттан, ал жауап алудың жалпы ұзақтығы бес сағаттан аспауға тиіс.";

      30) 220-бапта:

      13-3-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-3. Материалдар сотқа келіп түскен соң тергеу судьясы қарап-тексеруді жүргізу туралы қаулыны дереу қарайды.";

      13-4-бөлікте "өтінішхатты" деген сөз "қаулыны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      31) 221-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелер, егер оларды иесiне қайтару мүмкін болмаса, жергілікті атқарушы орган айқындайтын тиiстi ұйымдарға мақсатына сай пайдалану не алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзетін органның депозитiне сала отырып, өткізу
үшін тапсырылады. Сақталуы елеулі материалдық шығынды талап ететiн заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарып берiлуi мүмкiн болмаса, не олардың иесі анықталмаған жағдайда өткізіледі. Заттай дәлелдемелер алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның депозитiне сала отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен өткізіледі. Негiздер болған кезде пайдаланылған немесе өткізілген заттай дәлелдемелер иесіне сондай түрдегі және сападағы нәрселермен қайтарылады немесе соңғысына соттың шешімі бойынша мемлекеттік бюджет есебінен олардың құны төленедi.";

      32) 231-бапта он бірінші абзац алып тасталсын;

      33) 232-баптың төртінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жасағаны үшін санкциясы бір жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша;";

      34) 234-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тергеу судьясы осы Кодекстің 231-бабының 1)-6) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін прокурордың өтінішхаты бойынша тоқтатуы мүмкін. Осы Кодекстің 231-бабының 7), 9) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін прокурор тоқтатуы мүмкін.";

      35) 251-бап алып тасталсын;

      36) 272-баптың сегізінші бөлігінде "жүзеге асыратын адамға" деген сөздерден кейін ", екіншісі сараптамалық қорытынды беру туралы сұрау салуға бастама жасаушыға" деген сөздермен толықтырылсын.";

      37) 304-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Прокурор айыптау актісінің айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтары түсіндірілген айыптау актісін айыпталушының алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.";

      38) 321-баптың бесінші бөлігінде "соттылығы бойынша" деген сөздерден кейін "прокурорға" деген сөзбен толықтырылсын;

      39) 350-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басты сот талқылауы үшін тағайындалған уақытта сот отырысының хатшысы немесе пристав сот отырысына қатысып отырғандарға: "Бәріңіздің тұруларыңызды өтінемін! Сот келе жатыр!" деп жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот отырысының залына кіріп, барлық қатысушыларға өз орындарына отыруын ұсынады және қандай қылмыстық iстiң және оның ашық немесе жабық сот отырысында қаралатыны туралы хабарлайды. Егер жабық сот отырысы жарияланған болса, төрағалық етуші процеске қатысушылардан және сот отырысына шақырылғандардан басқа адамдардың залдан шығуын ұсынады.

      Жабық сот отырысына қатысатын адамдарды сот оның рұқсатынсыз істе бар мәліметтерді жария етуге жол бермеу туралы ескертеді, бұл туралы жауаптылық туралы ескертіліп қолхат алынады.

      Төрағалық етуші соттың аудио-, бейнежазбаны сот отырысында пайдаланатыны туралы хабарлайды.

      Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.

      Аудио-, бейнежазбаның болмау себептері сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсетілуі тиіс.";

      40) 382-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде қысқартылған тәртiппен жүргiзiледі.";

      41) 390-баптың бірінші бөлігінің 8) тармағында "74 және 76" деген цифрлар "74, 75 және 76" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      42) 414-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, оның ішінде үкім, қаулы жария етілгеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен олардың қорғаушыларына, жәбірленушіге (жекеше айыптаушыға),
олардың өкілдеріне және заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері және заңды өкілдері үкімге азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.";

      екінші бөлікте "үкімді" деген сөзден кейін ", қаулыны" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшінші бөлікте "қаулыға" деген сөз "сот актісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43) 428-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Кодекстің 414-бабына сәйкес үкімге шағым жасау құқығы берілген тұлғалар, соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтінуі бойынша берілген шағымды немесе прокурордың келтірілген өтінішхатын не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.";

      44) 442-баптың бірінші бөлігінің 7) тармағында "қылмыстық жауаптылықтан" деген сөздер "жазаны өтеуден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 476-бапта:

      4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бас бостандығынан айыруға сотталған адамға үкім бойынша не үкімді орындаған кезде шығарылған сот қаулысы бойынша тағайындалған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес өзгерту туралы;";

      14) тармақта "96, 98-баптары);" деген сөздер "93, 96, 98-баптары);" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 477-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелерді – осы Кодекстің 478-бабының 3-1-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, үкім орындалатын жерде жұмыс істейтін аудандық және оған теңестірілген сот, ал ол болмаған кезде жоғары тұрған сот шешедi.

      Апелляциялық үкімді орындауға байланысты мәселелерді де осы соттар қарайды.

      Мамандандырылған ауданаралық соттар, осы баптың үшінші бөлігінде және осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселелерді қоспағанда, көрсетілген мәселелерді қарамайды.";

      47) 478-бапта:

      екінші бөліктегі "14) және 18)" деген цифрлар "14), 18) және 21)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3-1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Үкім шығарған сот осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселені сот үкімімен тәркіленген мүлікті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік органның және өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша қарайды.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сот үкімді орындауға байланысты мәселелерді өтінішхат келіп түскен күннен бастап бір ай мерзім ішінде сотталған адамның қатысуымен ашық сот отырысында жеке-дара қарайды. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 7), 8), 10), 13), 14) және 17) тармақтарында көзделген мәселелерді қарау сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.

      Осы Кодекстің 476-бабының 7) тармағында көзделген мәселелерді сот ұсыным келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қарайды.";

      48) 483-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 48, 49-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.

      2. Осы Кодекстің 482-бабы тәртібімен шығарылған сот қаулыларына прокурордың өтінішхаты қаулы жария етілген күннен бастап он тәулік ішінде берілуі мүмкін.

      Шағымдар мен өтінішхаттар үш тәулік ішінде апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.";

      49) 526-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Анықтау органы жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі шегінде осы Кодекстің 64-бабының бірінші бөлігінің 4) тармағында көзделген тәртіппен күдікті ретінде адамнан жауап алу кезінен бастап он тәулік ішінде қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы жасайды.";

      екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;

      50) 527-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тіркейтін тергеу әрекеттері мен өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.

      Егер күдікті мен оның қорғаушысы, жәбірленуші істің анықталған мән-жайларына дау айтпаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жиналған дәлелдемелермен шектелуге құқылы.

      Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша осы Кодекстің 189-бабында көзделген тәртіппен анықтау не алдын ала тергеу тағайындалған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.

      Саралаудың қылмыстан қылмыстық теріс қылыққа өзгертілуі кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.";

      51) 613-баптың бірінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) іске қатысқан жағдайда процестік келісім жасасуға жәбірленуші келіскен кезде жасалуы мүмкін.";

      52) 614-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Кодекстің 192-бабында белгіленген мерзімдерде сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтау;";

      53) 615-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жәбірленуші келіспеген кезде процестік келісім жасалмайды. Егер жәбірленуші келіскен болса, онда оның қылмыспен келтірілген зиянды өтеу мәселесі жөніндегі пікірін ескере отырып, прокурор және қорғаушы тарап процестік келісім жасасады, ол жазбаша түрде жазылып, оған келісімге қатысушылар қол қояды.

      Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат бойынша шешім қылмыстық іс прокуратураға келіп түскен кезден бастап жеті тәулік ішінде қабылданады.

      Прокурордың процестік келісім жасасудан бас тартуы шағым жасалуға жатпайды, дегенмен бұл кейіннен процестік келісім жасасуға кедергі келтірмейді.";

      54) 617-баптың бірінші бөлігінде "күдіктіге" деген сөзден кейін ", айыпталушыға" деген сөзбен толықтырылсын;

      55) 618-баптың екінші бөлігінде "келісімді тиісінше" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры," деген сөздермен толықтырылсын;

      56) 619-бапта:

      алтыншы бөлікте "бекіту үшін тиісінше" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін прокурор қосымша материалдарды талап етуге құқылы.";

      57) 620-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бекітуге келіп түскен процестік келісім бойынша күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, ал сотталған адамға қатысты – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның орынбасары:";

      3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекітеді не бекітуден бас тарту туралы қаулы шығарады.";

      58) 621-баптың бірінші бөлігінде "сотталған адамға қатысты" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры" деген сөздермен толықтырылсын;

      59) 622-бапта:

      1) тармақта "іс жүргізу сатысында" деген сөздерден кейін "барлық күдіктілерімен, айыпталушылармен" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақта "кінәні мойындау" деген сөздердің алдында "барлық сотталушылармен" деген сөздермен толықтырылсын;

      60) 628-баптың екінші бөлігінде "келісімге қол жеткізбеген" деген сөздерден кейін "не барлық сотталушылармен процестік келісім жасаспаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      61) 629-1-бапта:

      екінші бөліктің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың санкциясы негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды, оның ішінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру, егер санкцияда осы құқықтан айырудың нақты мерзімі түріндегі міндетті қосымша жаза түрін көздесе;";

      үшінші бөліктің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) міндетті қосымша жазалау ретінде мүлікті тәркілеу, арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныптан және мемлекеттік наградалардан айыру, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып
жіберу қолданылуы мүмкін адамға қатысты қолданылмайды.";

      62) 629-3-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Прокурор қылмыстық істі зерделеп шығып, іс келіп түскен кезден бастап – жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ол бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:";

      63) 629-5-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын:

      "4-1) сотталушыны белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы шешім.";

      64) 673-бап мынадай мазмұндағы 8-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "8-1. Тоқтата тұру туралы шешім осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған тоқтатылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізу осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен жаңартылады.

      Олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізуге істі қабылдау кезінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін одан әрі ұзарту осы Кодексте көзделген жалпы негіздерде жүргізіледі.".

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 50-құжат; 56-құжат; 2018 ж., №1, 2-құжат):

      1) 12-бапта:

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының қаулысы бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы қаулы көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокуратураға жіберіледі.";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мекемелерде қауіпсіз орын ретінде тәртіптік изоляторлар камералары, уақытша оқшаулау орынжайлары, қамаққа алуды өтеу орындарында – жалғыз адамдық камералар пайдаланылуы мүмкін.";

      2) 14-бапта:

      бірінші, екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға, өлiм жазасына сотталғандардың жазаларды орындайтын мекемелердің немесе органдардың жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жолдаған шағынымдары жазаларды орындайтын мекемелердің немесе органдардың әкiмшiлiгi
арқылы жiберiледi. Сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға өтініштерді сотталғандар электрондық құжат түрінде бере алады. Мекеме әкімшілігі, осындай шағынымдарды беруді камералық ұстау жағдайларындағы мекемелерді қоспағанда, әкімшілік мекемелердің ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген тәртіппен сотталғандар үшін қолжетімді орындарда беруді қамтамасыз етеді, осындай шағынымдардың бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тікелей тұратын орындарында берілуін қамтамасыз етеді. Жазалардың өзге де түрлерiне және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталғандар шағынымдарын өздерi жiбередi.

      2. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда олардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағынымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Пошта жәшігіне жіберілген шағынымдарды прокурор жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен аптасына бір реттік кезеңділікпен алып отырады, бұл жөнінде акт жасалады. Арнайы пошта жәшіктері жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында және үй-жайларында сотталғандар үшін қолжетімді жерлерде орнатылады.

      3. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға, өлiм жазасына сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен органдардың қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жолдаған шағынымдары бақылауға жатпайды және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей адресатқа жiберiледi.";

      3) 16-баптың бірінші бөлігінің 18) тармақшасындағы "қағидаларын бекітеді." деген сөздер "қағидаларын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді.";

      4) 25-бап мынадай редакциядағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның көрсетілген мерзімде келгені туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдікке жіберіледі.";

      5) 52-баптың бірінші бөлігінде "жиырмадан қырыққа" деген сөздер "оннан елуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 53-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында "айына" деген сөз "тоқсанына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 56-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында "айына" деген сөз "тоқсанына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 60-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден жалтарып жүрген сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қоғамдық жұмыстарды қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін қамаққа алуға ауыстырумен, ал қылмысы
үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығын шектеумен не бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыну жібереді."

      9) 86-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасында "мен жеделхаттар" деген сөз алынып тасталсын;

      10) 88-бапта:

      төртінші бөлік мынадай редакциядағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сотталған адамды ауыстыру туралы қабылданған шешім туралы қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, жазбаша нысанда прокурорды хабардар етуге міндетті.";

      4-1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес басқа мекемеге жіберілген не ауыстырылған сотталған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаған кезде, оның өтініші бойынша не оның келісуімен әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау мақсатында ол тиісті түрдегі басқа мекемеге онда орын болса, ауыстырылуға жатады.

      Осы баптың үшінші бөлігінің, төртінші бөлігінің 1)-3) тармақшалары бойынша жіберілген немесе ауыстырылған сотталған адамның жағымсыз мінез-құлық дәрежесінің болмауы, ал осы баптың төртінші бөлігі 4) тармақшасы бойынша ауыстырылған сотталған адамда жағымды мінез-құлық дәрежесінің болуы сотталған адамды ауыстырудың міндетті шарттары болып табылады.

      Бұл ретте сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстары құжаттармен расталады.

      Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      11) 89-баптың жетінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне, 96-бабы үшінші бөлігінің 3) тармақшасына және 3-1-бөлігіне сәйкес жiберiлген сотталғандар;";

      12) 90-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның қалған бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығы туындаған жағдайда, аралас қауіпсіз мекеменің әкімшілігі осы Кодекстің 162-бабының бірінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген іс-шараларды орындауға міндетті.";

      13) 91-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сотталғандардың орнын ауыстырған кезде оларды маусым бойынша киіммен, аяқкиіммен, сондай-ақ жазаны өтеу кезеңінде бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ауыстыру қағидаларына сәйкес сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етеді.";

      14) 92-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қауіпсіздігі аралас мекемелерде немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу тағайындалған, бес жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады. Қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім мекеме комиссиясының материалдары негізінде қауіпсіздігі аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша олардың келісуімен жүзеге асырылады.

      Сотталған адамды толық қауіпсіз мекемеге жіберу оның бастығымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Сотталған адамды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру не толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      алтыншы бөлікте "үшінші, төртінші және бесінші бөліктерімен" деген сөздер "үшінші және төртінші бөліктермен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бір жыл iшiнде екі қысқа мерзiмдi және екі ұзақ кездесу алуға;";

      15) 93-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Әрбір сотталушыға жеке іс арналады.

      Бұл ретте, жеке істерді есепке алу жазбалары жариялауға жатпайды және кәсіптік міндеттері осындай есепке алу деректеріне қолжетімділіктің болуын талап ететін адамдарға ғана ұсынылады.";

      16) 94-баптың үшінші бөлігі мынадай редакциядағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы баптың қолданысы қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге қолданылмайды.";

      17) 95-бапта:

      үшінші бөлігіндегі "сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болуы;" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кемінде бір көтермелеуі, бірінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі екінші оң мінез-құлық;

      3) кемінде бір көтермелеуі, екінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;";

      18) 96-бапта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сотталғандар сот үкімі, қаулысы бойынша тағайындалған мерзiмнiң кемiнде жартысын толық қауіпсіз мекемеде өтегеннен кейін – толық қауіпсіз мекемеден, қауіпсіздігі барынша жоғары немесе орташа қауіпсіз мекемеге;";

      үшінші бөліктегі 3) тармақшасы алынып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Үшінші дәрежелі теріс мінез-құлықты және осы Кодекстің 130-бабының екінші бөлігінің 1), 2), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты сотқа орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеден олар толық қауіпсіз мекемеге қайдан жiберiлсе, қауіпсіздігі сондай түрiндегi мекемеде жазаның қалған мерзiмiн өтей отырып, үш жылдан аспайтын мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыным енгізеді.

      Бұл ретте сотқа ұсынымды жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылықты жазаны өтеудің белгіленген тәртібін алдыңғы қаскөйлікпен бұзушылығы үшін сотталған адам оған жеке адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасы қолданылғаннан кейін жасаған жағдайда сотқа енгізеді.

      Мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге ауыстыру сотталған жүкті әйелдерге және жанында жас балалары бар сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедек болып табылатын сотталған адамдарға қатысты жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-2. Мекеме әкімшілігі мекеменің түрін өзгерту туралы осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерімен көзделген ұсыныммен сотқа жүгінген жағдайда, осы ұсыным мен материалдардың көшірмелері келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "8. Егер осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінің тәртібімен мекемеден сотталған адамды ауыстыруға негіз болатын тәртіптік жазаны прокурор немесе сот жойса, онда мекеме әкімшілігі сотталушы ауыстырылған мекеменің түрін ол қайдан ауыстырылса, сондай түрдегі қауіпсіз мекемеге сондай түрге өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхатпен жүгінуге міндетті, ал сотталушы құқылы.";

      19) 102-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қауіпсіздік шараларының қолданылуы туралы мекеме әкімшісі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, жазбаша нысанда прокурорды хабардар етеді.";

      20) 104-бапта:

      бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "иелік етуге құқығы бар." деген сөздер "иелік етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) оған жататын есептік жазбаларға, сондай-ақ босатылған кезде осындай есептік жазбалардың ресми көшірмелерін алуға қол жеткізуге құқығы бар.";

      үшінші бөліктің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жұбайын (зайыбын) және жақын туыстарын, сондай-ақ сотталғанмен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарды қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандармен телефон арқылы сөйлесуге;";

      21) 105-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жеңілдікті жағдайларда жазасын өтейтін сотталушылар ақшаны немесе банктік төлем карточкаларын уақытша орналастырудың қолма-қол бақылау шоттарындағы қаражаттар есебінен шектеусіз қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы азық-түлік және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын сатып алуға құқылы.";

      22) 108-бапта:

      бірінші бөлікте "мен жеделхаттар" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөлікте "орташа қауіпсіз" деген сөздерден кейін "қауіпсіздігі аралас" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай редакциядағы жетінші бөлікпен толтырылсын:

      "7. Сотталған адам мекемеден кеткеннен кейін оның атына келіп түскен хаттар үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, оның жазасын өтеу орны бойынша жіберіледі.";

      23) 119-бап мынадай редакциядағы 10-бөлікпен толықтырылсын:

      "10. Еңбек объектілерінде ұжымдық еңбек даулары, төтенше жағдайлар және оқиғалар туындаған жағдайда мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, жазбаша нысанда бұл туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды және прокурорды хабардар етеді.

      Уәкілетті орган және прокурор мұндай хабарламаны алғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдайды.";

      24) 127-бапта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Емдеу алдын алу мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы, уақытша оқшаулау орынжайларындағы, сондай-ақ мекемелердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген сотталғандарға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуы үшін жағдайлар жасалады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі және жоғары, жоғары оқу орнынан кейін бiлiм алуға ұмтылыс көтермеленеді және сотталғандардың мінез-құлық дәрежесін айқындау және оларға мінездеме жасау кезiнде ескерiледi.";

      25) 131-бапта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын;

      бірінші бөліктің 5) тармақшасында "алты" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай редакциядағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Сотталған адамға қатысты жазалау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей, прокурорға жіберіледі.";

      26) 132-бапта:

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Тәртіптік изоляторда және жеке адамдық камерада ұстау мерзімі көрсетілген орынжайға нақты жабылған күнінен бастап есептеледі.";

      алтыншы бөлік алып тасталсын;

      жетінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шараларын қолдануға жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұрын бұзғаны үшін тәртіптік изоляторға орналастыру түріндегі жазалау шарасы бар сотталушыға ғана жол беріледі.";

      27) 141-бапта:

      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстыру жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалауы болмаған кезде кемінде он жыл өткен соң жүргiзiледi.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;

      3) бір жыл ішінде төрт қысқа мерзімді кездесу алуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Жеңiлдетiлген жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты жеті айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл ішінде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;

      3) бір жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "8. Қатаң жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл ішінде бір сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;

      3) бір жыл iшiнде екі қысқа мерзiмдi кездесу алуға құқылы.";

      28) 143-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сотталғандарға:

      1) мобильді байланыс құралдарын;

      2) компьютерлік жабдықты, дыбыс-, фото және бейне жазу функциялары бар құралдарды;

      3) атыс және суық қаруды;

      4) жарылу қаупі бар және жарылғыш заттарды;

      5) есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды;

      6) әскери үлгідегі киімді;

      7) алкоголь сусындарының барлық түрін;

      8) дәрігердің рұқсатынсыз есірткі бар медициналық препараттарды қоспағанда, нәрселер мен заттектерді мекеме аумағына әкелуге, пайдалануға және сақтауға рұқсат етіледі.";

      бесінші бөліктің 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұруға рұқсат не одан бас тарту, сондай-ақ аталған құқықты ұзарту не күшін жою мекеме бастығының не мекеменің ішкі тәртібі қағидаларына сәйкес оның орнын басатын адамның қаулысымен ресімделеді. Қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      29) 147-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сотталғандарды ұстауға арналған камералар санитариялық талаптарға сәйкес жабдықталады.";

      30) 150-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шешімнің көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      31) 154-бапта:

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Сотталған адамға қатысты жазалау шараларын қолдану туралы қаулы көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "6. Сотталғандар уақытша оқшаулау орынжайынан емдеу-алдын алу мекемелеріне, сондай-ақ медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына ауыстырылған жағдайда көрсетілген емдеу мекемелерінде олардың болу мерзімі жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.";

      32) 170-баптың екінші бөлігінде "оған дереу хабар береді." деген сөздер "оған және прокурорға дереу хабар береді." деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 441-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "441-1-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық емес тұтыну";

      2) мынадай мазмұндағы 441-1-баппен толықтырылсын:

      "441-1-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық емес тұтыну –

      1. Есiрткi, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық емес тұтыну –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген есiрткi, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық емес тұтынғаны үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған адам жасаған әрекет -

      он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.";

      3) 684-баптың бірінші бөлігінде:

      "440 (төртінші және бесінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "441-1 (үшінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 685-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "441," деген цифрлардан кейін "441-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің 2) тармақшасында:

      "438 (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "441-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 804-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:

      "440 (төртінші және бесінші бөліктері)," деген сөздерден кейін "441-1," деген цифрлармен толықтырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      17-баптың 6) тармақшасында "ерекше" деген сөз алып тасталсын.

      6. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., №24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., №8, 53-құжат; №17-18, 245-құжат; 2002 ж., №4, 32-құжат; №15, 147-құжат; №17, 155-құжат; 2004 ж., №18, 106-құжат; №23, 142-құжат; №24, 154-құжат; 2005 ж., №13, 153-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2009 ж., №6-7, 32-құжат; №17, 83-құжат; №24, 121-құжат; 2010 ж., №10, 48-құжат; 2011 ж., №1, 7-құжат; №20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; 2014 ж., №7,
33-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., №23, 118-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №14, 50-құжат; №21, 102-құжат):

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ қылмыстық іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттарды анықтау;";

      2) 11-баптың төртінші тармағында "2)," деген цифрдан кейін "3), 4)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 12-баптың төртінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары:

      1) ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 116 (бірінші бөлігі), 126 (бірінші және екінші бөліктері), 128 (бірінші бөлігі), 134 (бірінші бөлігі), 161 (бірінші бөлігі), 185 (бірінші және екінші бөліктері), 188 (екінші бөлігі), 188-1 (бірінші бөлігі), 189 (екінші бөлігі), 190 (екінші бөлігі), 194 (бірінші бөлігі), 195 (төртінші бөлігі), 197 (үшінші бөлігі), 207 (екінші бөлігі), 210 (бірінші бөлігі), 211 (екінші бөлігі), 213 (үшінші бөлігі), 216 (бірінші және екінші бөліктері), 218 (бірінші және екінші бөліктері), 231 (бірінші бөлігі), 232 (бірінші бөлігі), 234 (екінші бөлігі), 245 (бірінші және екінші бөліктері), 272 (үшінші бөлігі), 283 (бірінші бөлігі), 286 (бірінші бөлігі), 287 (үшінші бөлігі), 288 (бірінші бөлігі), 307 (екінші бөлігі), 308 (бірінші бөлігі), 309 (бірінші бөлігі), 315 (бірінші бөлігі), 361 (үшінші бөлігі), 362 (бірінші бөлігі), 365 (екінші бөлігі), 366 (бірінші бөлігі), 367 (бірінші және екінші бөліктері), 394 (екінші бөлігі), 399 (екінші бөлігі), 422 (бірінші және екінші бөліктері)-баптарында көзделген ауырлығы орташа қылмыстарды және қылмыстық топ жасаған қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында, егер тексерілетін адам үшінші тұлғаның телефонын немесе өзге сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе үшінші тұлға телефонды және басқа сөйлесу құрылғыларын пайдаланып, тексерілетін адам үшін ақпарат алады не тексерілетін адамнан басқа адамдарға беру үшін ақпарат алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамға не үшінші тұлғаға қатысты прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі және олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп қою;".

      7. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi № 28 Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 16, 56-құжат):

      6-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.".

      8. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 17-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сезіктілер, айыпталушылар және сотталушылар қамауға алынған кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығысуға мүмкіндік беріледі. Жолығысулардың саны мен ұзақтығына шек қойылмайды.";

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "адамдармен жолығуға рұқсат беріледі." деген сөздер "адамдармен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) дипломатиялық өкілдіктің немесе шет мемлекеттің консулдық мекемесінің ресми өкілімен қылмыстық процесті жүргізетін органның шешімін ұсынуы бойынша кездесуге рұқсат беріледі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сезіктілер, айыпталушылар және сотталушыларға қылмыстық процесті жүргізетін адамның немесе қылмыстық процесті жүргізетін
органның жазбаша рұқсаты негізінде туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысуға айына әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін екі реттен аспайтын, ал кәмелетке толмағандарға - үш реттен аспайтын рұқсат берілуі мүмкін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу күзетпен қамауда ұстау орындары қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін не мәліметтерді сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға беруге әрекет жасалған жағдайда кездесу мезгілінен бұрын тоқтатылады.";

      4-тармақ алып тасталсын.

      2) 46-6-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген адамдарды тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, суретке түсіруді жүргізу, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің ресми өкілдерінің өздері білдіретін мемлекеттің азаматы болатын шетелдікке бару тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін Арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына тұрғылықты жері бойынша, ал шетелдікті орналастырған жағдайда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы елшілікке, консулдыққа немесе шет мемлекеттің өзге де өкілдігіне хабарлайды.".

      9. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-І, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы):

      1) 28-баптың 1-тармағында:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы шешім қабылданған немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп рет сотталған;";

      мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) қылмыстық жаза тағайындалып және жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр науқастығына байланысты оны өтеуден босатылып ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы соттың айыптау үкімі шығарылған;

      8) ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарды ауыр науқастығына байланысты бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы сот шешімі қабылданған адам қойылады.

      Қазақстан Республикасының Заңдарында адамдарды профилактикалық есепке қою үшін өзге де негіздер көзделуі мүмкін.".

      10. "Медиация туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 14, 84-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.".

      2) 14-бапта 5-тармақ алып тасталсын.

      11. "Пробация туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2016 ж., №24, 128-құжат):

      10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді атқарады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады