"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 805 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне темiржол көлiгi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      124-6-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімделетін төлемақыларды есептеу және төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

      2. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 255-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "255-бап. Жер қойнауын пайдаланушы, жүк тасымалдаушысы шығыстарының жекелеген түрлерін шегеру";

      2) 225-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

      "27) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысы үшін - теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін ұлттық инфрақұрылым операторынан өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып алуына байланысты туындайтын кіріс.";

      3) 243-бап мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Ұлттық инфрақұрылым операторының теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуіне байланысты шеккен шығыстары шегерімге жатады.";

      4) 255-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай:";

      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Жүк тасымалдаушысы Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына төленген уақытша теңгерімделетін төлемақы бойынша шығыстарды шегеруге құқылы.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген мөлшерлер шегінде жүзеге асырылады.";

      5) 372-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "қаржыландыруын білдіреді." деген сөздер "қаржыландыруын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының уақытша теңгерімделетін төлемақыны алуын білдіреді.";

      6) 372-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 34) тармақшамен толықтырылсын:

      "34) Ұлттық инфрақұрылым операторының теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына магистральдық теміржол желісі қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуі.";

      7) 400-бапта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы баптың ережелеріне сәйкес келмейтін қосылған құн салығының, сондай-ақ осы Кодекстің 402-бабында көрсетілген қосылған құн салығының сомасы осы баптың 7-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының сомасы деп танылады.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Ұлттық инфрақұрылым операторының теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына магистральдық теміржол желісі қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуі үшін пайдаланған немесе пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар сақталған кезде есепке жатқызылуға жатады.".

      3. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) жүк транзиті – жүкті бір елден екінші елге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, оның процесінде мынандай бір немесе бірнеше операцияларды: тоқтап тұруды, жүкті қайта тиеуді, қоймаға қоюды, бөлшектеуді, жүктің және көлік түрінің орнын, салмағын, санын өзгертуді орындай отырып, жүк Қазақстан Республикасының теміржол станциясына келеді және (немесе) теміржол станциясынан Қазақстан Республикасы шегінен тыс кетеді;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) локомотивтік тартқыш операторы – жолаушылар қозғалысындағы қызметті жүзеге асыратын локомотив тартқыш операторын қоспағанда, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелiк ететiн, оны күтiп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "37-1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы – меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелiк ететiн, оны күтiп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 49-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "49-2) уақытша теңгерімделетін төлемақы – Ұлттық жүк тасымалдаушының жолаушылар тасымалын қолдауға бағытталған шығыстары;";

      54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) тасымалдау процесіне қатысушы – тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы, тасымалдаушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тартқыш операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы, вагондар (контейнерлер) операторы, тармақ иеленуші, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдар иесі;";

      64-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "64-2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      2) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өзiнiң жылжымалы құрамы жоқ тасымалдау процесiне қатысушылар шарттың негізінде локомотивтiк тартқыш операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтiк тартқыш операторының және вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін пайдаланады.";

      3) 6-2-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы тасымалдар немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүк транзиті;";

      4) 8-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру кезінде Ұлттық темiржол компаниясының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтiк тартқыш операторының және тасымалдаушылардың мемлекеттiк басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттар талаптарымен жүзеге асырылады.";

      2-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтiк тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар, сондай-ақ тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.";

      2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-3. Уәкілетті орган мен (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мынадай міндеттемелер:

      1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтiк тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;

      3) осы баптың 2-2-тармағының екінші абзацында көрсетілген тасымалдаушыны айқындау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттемелер бойынша шарттар жасаса алады.";

      5) 12-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Тарифтер мен төлемақылар";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Ұлттық жүк тасымалдаушының уақытша теңгерімделетін төлемақыларын локомотив тартқыш қызметтеріне бағалардың шекті деңгейлерін қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілейді және:

      1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтiк тартқыш операторына;

      2) Ұлттық инфрақұрылым операторына жібереді.

      Уақытша теңгерімделетін төлемақыларды есептеу және төлеу қағидаларын табиғи монополиялар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган теміржол көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді.

      Уақытша теңгерімделетін төлемақыларды есептеу және төлеу қағидалары уақытша теңгерімделетін төлемақыларды қалыптастыру кезінде есепке алынатын шығыстар тізбесін қамтиды.

      Ұлттық жүк тасымалдаушының жүктерді теміржол көлігімен барлық қатынастарда тасымалдау жөніндегі қызметінен алған кірістері уақытша теңгерімделетін төлемақылардың көзі болып табылады.";

      6) 14-баптың 2-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) магистральдық, станциялық жолдар мен магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін магистральдық және станциялық жолдар мен магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілердің тізбесіне енгізу және одан алып тастау тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 34-40), 34-41) тармақшалармен толықтырылсын:

      "34-40) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтiк тартқыш операторының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушыларға локомотивтiк тартқыш қызметтерін көрсетумен байланысты шығыстарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      34-41) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтiк тартқыш операторының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушыларға локомотивтiк тартқыш қызметтерін көрсетумен байланысты шығыстарын субсидиялау көлемін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      7) 40-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жүк транзиті;";

      8) 44-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "тексеруге құқылы." деген сөздер "тексеруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жүк транзиті кезінде жүк алушыдан, жүк жөнелтушіден тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін алуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жүк жөнелтушінің өкілі жүк жөнелтудің мәлімделген күніне дейін бір тәулік бұрын жүк әкелу/әкету тәсілін және орнын көрсете отырып, жүк транзиті туралы тасымалдаушыға жазбаша хабарлайды.";

      9) 57-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жылжымалы құрамның бір жолдан екінші жолға ауысуына арналған кірме жолдың құрылысжайларын, құрылғылары мен элементтерін пайдаланғаны үшін бөлек төлемақы алуға тыйым салынады.";

      10) мынадай мазмұндағы 57-2-баппен толықтырылсын:

      "57-2-бап. Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда кірме жолдар қызметтерін көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

      Кірме жолдар қызметтерін көрсететін тармақ иеленуші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға кірме жол қызметтерін көрсетуді тоқтатуға алып келетін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.";

      11) 64-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жолаушылар тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынастарына жатпайтын жаңа теміржол қатынастарын ашуы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Жолаушылар тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынастарына жатпайтын жаңа теміржол қатынастарын ашуын уәкілетті органмен келісу тәртібі Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларында айқындалады.".

      4. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат, "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2019 жылғы 4 қаңтарда жарияланған "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 13-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлік реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету күнінен бастап он сегіз айдан кем табиғи монополия субъектісінің меншігінде болса;

      4-2) кірме жолдардың реттелетін көрсетілетін қызметтерін ұсынатын табиғи монополия субъектісі бекітілген уақытша өтемдік тарифке сәйкес негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға өтеуді жүргізсе;";

      2) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) қызмет көрсетілуіне субъектіге тариф бекітілген, кірме жолдардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын кірме жолдардың жаңа учаскелерін сатып алған (салған) жағдайда;";

      3) 26-баптың 2-тармағы 28) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополия саласына жататын кірме жол иеліктен шығарылған жағдайда, осы кірме жолдың иесі:

      кірме жолдар қызметтерін көрсетуге жасалған шарттары бар тұтынушыларды тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тендер өткізілетіні туралы жазбаша хабардар етуге;

      тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алу шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп тұрған тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алу бойынша артықшылықты құқық беруге міндетті.".

      2-бап. Осы Заң:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-баптың 1 және 2-тармақтарын, 1) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 3-тармағының 5) тармақшасын;

      2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады