"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына және "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қазакстан Республикасының Энергетика министрлігі" мемлекеттік мекемесіне бекітіп берілген республикалык мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-аукат қоры" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазакстан Республикасының Энергетика министрлігімен және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-аукат қоры" акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 810 қаулысына қосымша |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат коры" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Р/с |
Мүліктің |
Өлшем | Саны |
Түгендеу | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Жел электрлік жабдық | дана | 2 | 234001000004 | Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы |
2 | Күн энергетикалық жабдық | дана | 3608 | 234001000005 | Алматы қаласы, Медеу ауданы, Алатау кенті |