Өңірлік үйлестіру кеңесінің үлгілік функцияларын айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 916 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2024 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өңірлік үйлестіру кеңесінің мынадай үлгілік функциялары айқындалсын:

      1) әлеуетті қатысушыға индустриялық аймаққа рұқсат беру не рұқсат бермеу туралы шешім қабылдайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады