Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол кою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 922 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 803 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.10.2022 № 803 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Шәкізатұлы Нұрышевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 922 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі

      Тараптар арасындағы екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниеттене отырып,

      екі мемлекеттің қызметтік және жалпыазаматтық паспорттарын иеленушілерді екі ел аумақтарына келуі үшін виза алу талабынан босатуға әзірлігін білдіре отырып,

      2015 жылғы 26 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 11 -бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық, арнайы, қызметтік және жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісім".

2-бап

      Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тараптар Келісімді іске асыру мақсатында бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуі үшін жарамды жол жүру құжаттарының тізбесіне мынадай құжаттарды енгізуге уағдаласты:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

      дипломатиялық паспорт;

      қызметтік паспорт;

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты - жалпыазаматтық паспорт.

      2) Қатар Мемлекетінің азаматтары үшін:

      дипломатиялық паспорт;

      арнайы паспорт;

      қызметтік паспорт;

      Қатар Мемлекеті азаматының паспорты - жалпыазаматтық паспорт.

      2. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлерін қоспағанда, бір Тарап мемлекетінің азаматтары - осы баптың 1-тармағында көрсетілген паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы визасыз кіруге және одан шығуға, оны кесіп өтуге және онда күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы".

3-бап

      Келісімнің бүкіл мәтіні бойынша "дипломатиялық және арнайы паспорттар" деген сөздер тиісті түрде "дипломатиялық, арнайы, қызметтік және жалпыазаматтық паспорттар" деген сөздермен ауыстырылсын.

4-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдану немесе түсіндіру кезінде туындайтын кез келген дау Тараптар арасындағы консультациялар немесе келіссөздер жолымен шешіледі.

5-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 12-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.


      20 __ жылғы "__" ________ _________ қаласында әрқайсысы қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Мәтіндер арасында алшақтық болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады