2015 жылғы 26 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 922 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 803 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 26 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді 2015 жылғы 26 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 922 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 10 қазандағы
№ 803 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі "екі Тарап" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі

      екі Тарап арасындағы екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен дамытуға деген өзара ниетті ескере отырып,

      2015 жылғы 26 қазанда Доха қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін өзара визалық талаптардан босату туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 11-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық, арнайы, қызметтік және жалпы азаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім".

2-бап

      Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Келісім шеңберінде мынадай паспорттар жарамды болып табылады:

      Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

      - дипломатиялық паспорт;

      - қызметтік паспорт;

      - Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.

      Қатар Мемлекетінің азаматтары үшін:

      - дипломатиялық паспорт;

      - арнайы паспорт;

      - жалпы азаматтық паспорт".

3-бап

      Келісімнің 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір Тарап мемлекетінің азаматтары – осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғаш келген күнінен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн кезеңі ішінде 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады.".

4-бап

      Келісімнің 3-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір Тарап мемлекетінің азаматтары – екінші Тарап мемлекетінде аккредиттелген дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктердің мүшелері болып табылатын дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері өз балаларымен және жұбайларымен бірге екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде екінші Тарап аумағында ресми аккредиттеу жөніндегі формальдылықтардың аяқталуы шартымен өздерінің өкілеттік мерзімі ішінде екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту және онда болу үшін виза алу қажеттігінен босатылады.".

5-бап

      Кіріспеде, 7-бапта және 8-баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген "дипломатиялық және арнайы паспорт" және "дипломатиялық және арнайы паспорттар" деген терминдер мәнмәтінге қарай "дипломатиялық, арнайы, қызметтік және жалпы азаматтық паспорттар" деген терминдермен ауыстырылсын.

6-бап

      Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша осы Хаттамаға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер осы Хаттаманың 8-бабында көзделген рәсімдерге сәйкес күшіне енеді.

7-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін қолдану немесе түсіндіру кезінде туындайтын кез келген даулар дипломатиялық арналар арқылы екі Тарап арасындағы консультациялар немесе келіссөздер жолымен бейбіт шешіледі.

8-бап

      1. Осы Хаттама Келісімнің 12-бабына сәйкес күшіне енеді.

      2. Егер екі Тараптың бірде біреуі екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы өзінің осы Хаттаманың қолданысын тоқтатуға ниеті туралы жазбаша хабардар етпесе, осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады. Мұндай жағдайда осы Хаттама осындай хабарлама алынған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.

      20___ "___" __________ Астана қаласында әрқайсысы қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басым болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қатар МемлекетініңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады