Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 938 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 938 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 491-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдану, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік материалдық резерв – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, нарыққа реттеушiлік ықпал етуге, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық құндылықтары – "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сай келмейтін, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан зақымдалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен материалдық құндылықтар.".

      2. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 492-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің (бұдан әрі – мемлекеттік резерв) материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау және шығару тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс – қорғаныс мұқтаждары, мемлекеттегі қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін, мемлекеттік резервті, жұмылдыруды, ғарыш қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және сақтау көлемдері – уәкілетті органның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемдері;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия – азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің республикалық және аумақтық деңгейлерінде құрылатын консультациялық-кеңесші орган;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кірмейтін мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткізіп беруге тапсырыстар оларды жеткізіп берушілер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджет қаражатының есебінен орналастырылады.";

      14-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1. Материалдық құндылықтарды сақтау шығыстарының сомасы сақтауда тұрған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының нақты көлемі ескеріле отырып және шығындарды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сақтау пункттері жыл сайын ұсынатын материалдық құндылықтарды сақтау бойынша шығындар есептері негізінде есептеледі. Шығындар есебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларына сәйкес 10 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде есеппен бірге ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2 және 19-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "19-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар болып табылатын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жаңарту мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдаланады.

      Бұл ретте мемлекеттік резервтің пайдаланылған материалдық құндылықтарының жалпы көлемі сақтауға берілген материалдық құндылықтардың нақты қолда барының отыз пайызынан аспауы тиіс.

      Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды кейіннен салуды сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін материалдық құндылықтар осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген талаптарға сәйкес пайдаланылған күннен бастап он екі ай ішінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және оларды сақтау көлемдеріне сәйкес жүзеге асырады.

      19-2. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау мақсатында мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану үшін сақтау пункті немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйым ведомствоға шығару ұсынылған материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, сомасы және болжалды кейіннен салу мерзімі туралы мәліметтер қамтылған өтінімді ұсынады.

      Өтінімге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың көшірмесі қоса беріледі.

      19-3. Ведомство өтінімді түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығаруды келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Келісуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға жол берілмейді.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығарудан:

      1) осы Қағидалардың 19-2-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың көшірмелері толық көлемде ұсынылмаған;

      2) өтінім осы Қағидалардың 19-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулерімен құжаттар бар болған;

      4) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес материалдық құндылықтарды пайдалану қажет болған жағдайларда бас тартылады.

      Өтінім келісілген жағдайда ведомство мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығаруды сақтау пунктімен немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйыммен шарт жасасу жолымен жүзеге асырады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Мемлекеттік резерв номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің материалдық құндылықтарды броньнан шығару туралы шешімдерінің негізінде ведомство жүзеге асырады.

      Броньнан шығару тәртібімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау кезінде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 27-2-тармақпен толықтырылсын:

      "27-2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарының алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімімен жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажет болған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган уәкілетті органға әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін енгізу туралы шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, шешімнің жобасын келісуге жібереді.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарының алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім жобасында шығарылатын материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, материалдық құндылықтарды алушы көрсетіледі.

      Уәкілетті органның әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарының алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім жобасын қарауы және келісуі ол келіп түскен күннен бастап бір тәуіліктің ішінде жүзеге асыралады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторинг жүргізеді.

      Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган азық-түлік тауарлары, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларына мониторинг жүргізеді.

      Нарыққа реттеушілік ықпал ету орынды болатын баға деңгейіне жеткен жағдайда көрсетілген мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды – сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттігі туралы ұсыныс енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. Мемлекеттiк резервтi жұмылдыру мұқтаждары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының тиісті жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жоспарлары негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажет болған кезде материалдық құндылықтардың атауын, санын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссия айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 36, 37, 38 және 39-тармақтармен толықтырылсын:

      "36. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссияның шешімі негізінде жергілікті атқарушы орган бір тәулік ішінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы өтінішхат жолдайды.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатта:

      1) төтенше жағдайдың ықтимал аймағы туралы мәліметтер;

      2) төтенше жағдайдың ықтимал аймағындағы адамдардың саны;

      3) зақымдануы/қирауы мүмкін тұрғын үйлердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, көлік инфрақұрылымының болжамды саны;

      4) мемлекеттік резервтен шығарылуы тиіс материалдық құндылықтардың атауы мен саны көрсетіледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою бойынша шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатта:

      1) төтенше жағдай аймағы туралы мәліметтер;

      2) қаза болған және зардап шеккен адамдардың саны;

      3) зақымданған/қираған тұрғын үйлердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, көлік инфрақұрылымының саны;

      4) мемлекеттік резервтен шығарылуы тиіс материалдық құндылықтардың атауы мен саны көрсетіледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссиялар шешімдерінің тиісті көшірмелері қоса беріледі.

      37. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатты түскен күнінен бастап бір тәулік ішінде қарайды.

      38. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа теріс қорытынды болған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүгінген жергілікті атқарушы органға тиісті хат жолдайды.

      39. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа оң қорытынды болған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссия шешімінің көшірмелерін және өтінішхатты қоса бере отырып, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімнің жобасын уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      Төтенше жағдай жарияланған жағдайда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы тиісті шешімнің көшірмесі қоса беріледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімнің жобасында шығарылатын материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, материалдық құндылықтарды алушы көрсетіледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімнің жобасын уәкілетті органда қарау және келісу келіп түскен күннен бастап бір тәуліктен аспауы тиіс.

      Шешім жобасына келісім алынғаннан кейін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бір тәулік ішінде оны бекітеді және заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару үшін уәкілетті органға жолдайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 497-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі.".

      4. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 12, 60-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрі – мемлекеттік резерв) – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйымда сақтауда тұрған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын түгендеу (бұдан әрі – түгендеу) – материалдық құндылықтардың нақты бар-жоғының бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкестігін тексеру;";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Орны ауыстырылғандарын қоспағанда, сақтау пункттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымға салу кезінде материалдық құндылықтар есепке қойылады. Бұл ретте салу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес салу актісі және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады.

      Актілер салу күні жасалады, оларға сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) қол қояды, елтаңбалы мөрмен бекітіледі және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке қою үшін ведомствоға жіберіледі.

      Актілерге материалдық құндылықтардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (сертификаттар, өнім паспорттары, сынақ хаттамалары немесе тауардың сапасын растайтын басқа да құжаттар) қоса беріледі.

      10. Ведомство осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген актілерді қарайды және оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке есепке қоюды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.

      Актілер пысықтауға:

      1) актілер осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;

      2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;

      3) акт жеткізу шартына сәйкес келмеген (жеткізу шарты бар болған жағдайда) жағдайларда қайтарылады.

      Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке қою үшін ведомствоға пысықталған актілерді жібереді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шығару актісінің және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылдау-беру актісінің негізінде есептен шығарылады.

      Актілер шығару күні жасалады, оларға сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) қол қояды, елтаңбалы мөрмен бекітіледі және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару үшін ведомствоға жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Ведомство осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген актілерді қарайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды есептен алуды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.

      Актілер пысықтауға:

      1) акт осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;

      2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;

      3) акт мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару нарядына сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылады.

      Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару үшін ведомствоға жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зертханалық зерттеулер, сынақтар, талдаулар жүргізу үшін іріктелген мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың актілері негізінде жүзеге асырылады.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын бір сақтау пунктінен/ведомстволық бағынысты ұйымнан басқа сақтау пунктіне/ведомстволық бағынысты ұйымға ауыстырған кезде материалдық құндылықтар есептен шығарылмайды. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары туралы есептік деректерге материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы тиісті белгілер бастапқы құжаттардың негізінде енгізіледі.

      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстырған кезде орны ауыстырылатын материалдық құндылықтардың техникалық реттеу саласындағы талаптарға сәйкестігін қарау жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес орны ауыстырылуға тиіс мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарап-тексеру актісі жасалады.

      Қарап-тексеруді ведомство басшысының бұйрығымен құрылған комиссия жүргізеді. Комиссия құрамына ведомствоның, сақтау пунктінің/ведомстволық бағынысты ұйымның қабылдаушы/беруші тарапының өкілдері кіреді.

      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық жай-күйінің сәйкессіздігі анықталған кезде материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру сәйкессіздік жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде басқа мемлекеттік органдардың балансына беру кезінде мемлекеттік резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтары қабылдау-беру актісіне және шығару актісіне сәйкес есептен шығарылады.";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін жаңарту мақсатында шығару кезінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары шығару актісі негізінде есептен шығарылады.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін жаңарту мақсатында шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кейіннен салу қабылдау-тапсыру актісі және салу актісі негізінде жүзеге асырылады.

      Салуды ведомство басшысының бұйрығымен құрылған комиссия жүргізеді. Комиссия құрамына ведомствоның, сақтау пунктінің, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырмасы алынған мемлекеттік органның (жұмылдыру резервiнің материалдық құндылықтарын салу кезінде) өкілдері кіреді.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Салу кезінде есепке алынған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомствоның балансына алынады.

      22. Мынадай:

      1) шығару (броньнан шығару, жаңарту, қарызға беру, сараптама жүргізу);

      2) мұнай және мұнай өнімдері жетіспеушіліктерін табиғи кему нормалары шегінде есептен шығару;

      3) дебиторлық берешекті есептен шығару;

      4) кәдеге жарату;

      5) басқа мемлекеттік органдардың балансына беру жағдайларында есептен шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомствоның балансынан шығарылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы өзгерістер мен толықтыруларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы өзгерістер мен толықтыруларға 4-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиісті орталық мемлекеттік орган комиссия ұсынымдарының негiзiнде ақшалай немесе тауар нысанында Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.

      Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      16, 16-1 және 17-тармақтар алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
1-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      ________________________________________ жөнелтіледі

      (алушының атауы және мекенжайы)

      ________________________________________ сақтау пункті

      (атауы)

      Министрлік (ведомство) ___________________

      Сақтау пунктінің мекенжайы _______________

      _____ жылдарға арналған материалдық құндылықтарды сақтау шығындарының есеп-қисабы

Р/с №

Шығындардың атауы

Шығыстарды есептеу

Шығындардың бірлігі

Саны

Шығыстардың сомасы

Негіздеме

Растайтын құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

1

Жалақы

адам




Жалақы төлеу бойынша жиынтық есеп ведомосі

2

Әлеуметтік салық

адам




Жалақы төлеу бойынша жиынтық есеп ведомосі

3

Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау мәселелері бойынша іссапарлар

адам




Бұйрық,
аванстық есеп

4

Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын алаңдар мен үй-жайларда коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

шаршы метр




Шарт, шот фактура, төлем тапсырмасы

5

Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын үй-жайларды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу

шаршы метр




Шарт, орындалған жұмыстар актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

6

Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын тасылмалдау кезіндегі көлік шығыстарына ақы төлеу

көрсетілетін қызмет




Шарт, көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

7

Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуын қамтамасыз етуге қажетті өзге де тауарларды сатып алу

тауар




Шарт, қабылдау-беру актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

8

Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сапалық және сандық сақталуын қамтамасыз етуге қажетті өзге де ағымдағы шығыстар

көрсетілетін қызмет




Шарт, орындалған жұмыстар актісі/ көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы


Шығындардың жиыны:






      Мөр орны

      Сақтау пунктінің басшысы ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушының телефоны

      Арнайы бөлім бастығы немесе жұмылдыру жұмыскері/материалдық

      құндылықтардың сақталуына жауапты адам ____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
2-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есепке алу
қағидаларына
1-қосымша
  ___________________________
  (құпиялық белгісі)
  № __ дана

20__жылғы "__" _______

______________________ жөнелтілді
(ұйымның атауы мен мекенжайы)

      Тексерілді _____________________________ Қолы ______________________

      (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік

      материалдық резервтер комитетінің өкілі)

      ________________________________________________

      (салу, шығару)

      20___ жылғы "__" ________ № __ АКТ

      __________________________________________________________ тәртібімен

      (жеткізу, жаңарту, қарызға беру, қайтару, орнын ауыстыру және т.б.)

      Негіздеме _____________________________________________________

      (құжаттың атауы, күні және №)

Есептік позициялар № (шифрі)

Материалдық құндылықтардың атауы (сұрыпы, өлшемі, маркасы)

Өлшем бірлігі

Салынды

Саны

Бірлігі үшін бағасы

Сомасы

Мем СТ нөмірі, сериясы, сертификациясы

Мемтіркеудің нөмірі, жылы

теңге

теңге









      кестенің жалғасы:

Шығарылды

Жүргізілген операциядан кейінгі бар-жоғы

Саны

Бірлігі үшін бағасы

Сомасы

Мем СТ нөмірі, сериясы, сертификациясы

Мемтіркеудің нөмірі, жылы

Саны

Бірлігі үшін бағасы

Сомасы

теңге

теңге

теңге

теңге










      Мөр орны

      Ұйым басшысы ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
3-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есепке алу
қағидаларына
2-қосымша
  Қызмет бабында пайдалану үшін
(толтырылған соң)
№ __ дана
  ______________________
  Жөнелтіледі
(алушының атауы мен
мекенжайы)
  Ұйым_____________________
(атауы мен мекенжайы)

      Материалдық құндылықтарды қабылдау-беру АКТІСІ

      20___ жылғы "__" ________

      Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия құрамы __________________________,

      комиссия мүшелері _________________________________________________

      ________________________________________________ өнім беруші (алушы)

      (өнім берушінің (алушының) атауы)

      өкілінің қатысуымен № ____ шартқа сәйкес мемлекеттік резервтің төменде

      тізбеленген материалдық құндылықтарын қабылдап алуды (беруді) жүргіздік.

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлігі үшін бағасы

Сомасы

Жасалған күні

Өндіруші

Ескертпе











ЖИЫНЫ:








      ____________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      Қабылдады (тапсырды):

      Комиссия төрағасы: _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, басшы)

      Мөр орны

      Комиссия мүшелері: _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      (бас бухгалтер, материалдық жауапты адам және т.б.) ____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Мөр орны

      Тапсырды (қабылдады):

      Өнім берушінің

      (алушының) уәкілетті адамы __________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
4-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есепке алу
қағидаларына
8-қосымша

      Орны ауыстырылуға тиіс мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарап-тексеру АКТІСІ

  20____жылғы
"___"_____________

      _________________________________________ бұйрықпен құрылған комиссия

      мына құрамда:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (сақтау пунктінің/ведомстволық бағынысты ұйымның атауы)

      орын ауыстырылуы тиіс мемлекеттік резервтің мынадай материалдық

      құндылықтарын қарап-тексеруді жүргізді:

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

МЕМСТ, ТШ, артикулы, сериясы, талдау

Өлшем бірлігі

Саны

Дайындалған күні

Салынған күні

Жарамдылық мерзімі

Сақтау мерзімі

Бір бірлігінің бағасы

Құны (теңге)

Техникалық жай-күйі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Комиссияның қарап-тексеруі барысында мыналар анықталды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қарап-тексеру нәтижесі бойынша комиссияның қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері:

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 938 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 857 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 489-құжат).

      2. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 857 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 165 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 103-құжат).

      3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 857 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 844 қаулысы (2018 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады