"Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 979 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 – 2021 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1751 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 979 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-129-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-129. "Talap" КеАҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 222-33-7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "222-33-7. "Talap" КеАҚ".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      5. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық компаниялар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 36-жол алып тасталсын.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. "Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 116-ө өкімінде:

      Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында:

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша) деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады