Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 116-ө өкімі.

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) жобасын әзірлесін.

      3. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудің 2019 жылғы 4 қарашаға дейінгі мерзімі белгіленсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 17.10.2019 № 192-ө өкімімен.

      4. Осы екімнің орындалуын бақылау жұмыс тобының жетекшісіне жүктелсін.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 29 маусымдағы
№ 116-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 26.12.2019 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, жетекші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің кеңесшісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ғылыми-технологиялық даму департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сектор меңгерушісі (келісу бойынша)

      Ақмола облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Алматы облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Атырау облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Қостанай облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Павлодар облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Солтүстік - Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Түркістан облысы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Алматы қаласы білім басқармасының басшысы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту департаментінің директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны адами ресурстарды және ғылымды дамыту орталығының басшысы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының білім және ғылым жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамы президентінің орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Орта білім беру орталығының директоры (келісу бойынша)

      "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы Стратегиялық және корпоративтік басқару департаменті директорының орынбасары (келісу бойынша)

      Nazarbaev University Graduate School of Edutation (Жоғары білім беру мектебі) бас атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы колледждер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының бірінші вице-президенті (келісу бойынша)

      Жеке меншік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының төрағасы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады