Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 984 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 575 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2020 № 575 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына шаққанда проценттік қатынаста:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша;

      2) еңбекші иммигранттарды тартуға 3,9 % мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 984 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квота

Р/с
Экономикалық қызмет түрі Жұмыс күшіне шаққанда %

1

Құрылыс

0,1174 %

2

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

0,0284 %

3

Өңдеу өнеркәсібі

0,0302 %

4

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

0,0018 %

5

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

0,0004 %

6

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

0,0217 %

7

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

0,0086 %

8

Көлік және қоймаға жинау

0,0057 %

9

Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер

0,0072 %

10

Ақпарат және байланыс

0,0025 %

11

Қаржы және сақтандыру қызметі

0,0017 %

12

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

0,0008 %

13

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

0,0272 %

14

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

0,0528 %

15

Білім беру

0,0020 %

16

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

0,0022 %

17

Өнер, ойын-сауық және демалыс

0,0006 %

18

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

0,0070 %

19

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

0,00001 %


Жиыны

0,32 %


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады