Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 967 және "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квотаны белгілеу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 984 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 575 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 967 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 59-60, 450-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квотаны белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 984 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 61-62, 457-құжат).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады