Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 996 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" және "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдарына Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевты сайлауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады