"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1008 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің кейбір мәселелері туралы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 27) және 56) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тауарларды беруге және қызметтерді көрсетуге өкілеттік берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын тұлғаларды анықтасын;

      2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады