"Мемлекеттің кепілдігімен "Азия Даму Банкі (АДБ) қарыз қаражат есебінен "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның алдын ала тұрғын үй қарыздарын беруі" ("Тұрғын үйді қаржыландырудағы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі жоба")" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1026 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Азия Даму Банкіне 38000000000 (отыз сегіз миллиард) теңге сомасында тартылатын қарыз бойынша "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде "Мемлекеттің кепілдігімен "Азия Даму Банкі (АДБ) қарыз қаражатының есебінен "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның алдын ала тұрғын үй қарыздарын беруі" ("Тұрғын үйді қаржыландырудағы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі жоба")" жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады