Қазақстан Республикасының "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" 2011 жылғы 19 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Е 321 көше (жобалық атауы), № 6/1 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан 1,1077 га жер учаскесі бар 240 орындық балабақша ғимараты, оның ішінде оның жұмыс істеуіне арналған жабдық, техника, жиһаз, мүкәммал, Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігінен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының меншігіне берілсін.
2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымымен (келісу бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |