Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бизнеске, әсіресе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі – Шаралар кешені) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері шаралар кешенін орындауға жауапты ұйымдар (келісу бойынша):
1) Шаралар кешенін іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жартыжылдықтың соңғы айының 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 15 қаулысымен бекітілген |
Бизнеске, әсіресе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешені
Р/с | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көздері және жоспарлаған шығындар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Өзін-өзі реттеу институтын жетілдіру | |||||
1. |
Дауларды шешудің тиімді жүйесін: | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2020 жылғы желтоқсан | ҰЭМ | талап етілмейді |
2. | Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері болып табылатын субъектілерді тексеру графигінен алып тастау жолымен ерікті мүшелікке негізделген, өзін-өзі реттейтін ұйымдардан өз мүшелері қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы кепілдік бар болған кезде ерікті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді дамытуды ынталандыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2020 жылғы желтоқсан | ҰЭМ | талап етілмейді |
3. | Саланың өкілдерінің көпшілігі қосылған ерікті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың кодексін мемлекеттік "қорғау" рәсімін енгізу арқылы өзін-өзі реттеу институтының қолданылу салаларын кеңейту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2020 жылғы желтоқсан | ҰЭМ | талап етілмейді |
4. |
Өзін-өзі реттейтін ұйымдарға: | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2020 жылғы желтоқсан | ҰЭМ | талап етілмейді |
5. | Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың міндеттеріне тұтынушылардан келіп түскен шағымдар және оларды қарау нәтижелері туралы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуді енгізу | Заң жобасы | 2020 жылғы маусым |
СИМ, ҰЭМ, | талап етілмейді |
6. | "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесі базасында өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету | ҰЭМ бұйрығына өзгерістер енгізу | 2020 жылғы желтоқсан |
ҰЭМ, | талап етілмейді |
7. | Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы бұзу тұрғысынан тұтынушылардың шағымдары көп болатын кәсіпкерлік қызмет салаларының тізбесін қалыптастыру |
қалыптастырыл | 2020 жылғы желтоқсан |
СИМ, ОМО, | талап етілмейді |
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері жүзеге асыратын қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі іс-шаралар | |||||
8. |
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерге: | Заң жобасы | 2020 жылғы маусым |
СИМ, ҰЭМ, | талап етілмейді |
9. | Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында құрылатын қоғамдық бірлестіктерге ерекше мәртебе беру, сондай-ақ тұтынушылардың осындай қоғамдық бірлестіктерінің бірыңғай тізілімін енгізу мүмкіндігін қарау | шаралар әзірлеу |
2020 жылғы | СИМ, АҚДМ | талап етілмейді |
10. | Тұтынушыларға кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау тұрғысынан тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің олардың тәуелсіз рейтингтерін жүзеге асыруының ұсынымдарын әзірлеу | тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының рейтинг жүргізу әдістемесі | 2020 жылғы маусым | СИМ, ОМО, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | талап етілмейді |
11. | Қоғамдық бірлестіктерімен және кәсіпкерлік субъектілермен бірлесіп АҚШ-тағы Better Business Bureau коммерциялық емес ұйымының қызметіне ұқсас үкіметтік емес ұйым құру жөнінде ұсыныстарды қарау және әзірлеу | жол картасы | 2020 жылғы қыркүйек | СИМ | талап етілмейді |
12. | Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері жанынан тұтынушылардың мүдделерін білдіру және сараптамаларды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау мәселесін пысықтай отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына сараптама жасау мүмкіндігін қарау |
сараптамаларды | 2020 жылғы маусым | СИМ, ДСМ | талап етілмейді |
13. | Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерге халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларға әлеуметтік зерттеулер жүргізуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына өз құқықтарын қорғауға өкілдік қызметтер көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерді өтеуге бюджет қаражатын бөлу мәселесін қарау | мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбы бойынша жобалар | 2020 жылғы маусым | СИМ, ОМО, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | бөлінетін қаражат шеңберінде |
14. | Қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің бизнес қызметіне мониторинг жүргізуде және бақылауда қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша олардың қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізу | дөңгелек үстел қорытындысы бойынша пысықталған ұсынымдар | 2020 жылғы ақпан | СИМ | талап етілмейді |
15. |
Кәсіпкерлік қызметтің өзін-өзі реттеу артықшылықтары туралы: | БАҚ-қа, дөңгелек үстелдерге, брифингтерге ақпараттық материалдар | үнемі |
СИМ, ОМО, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, | бөлінетін қаражат шеңберінде |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі іс-шаралар | |||||
16. |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жүйелі проблемаларды талдау мен анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар қалыптастыру: | СИМ-ге ұсыныстар | 2020 жылғы маусым | ДСМ, АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді |
17. | Тексеру нәтижелерінің актілеріне шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиялардың құрамына кәсіби қоғамдастықтар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін енгізу | бұйрық | 2020 жылғы наурыз | ДСМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді |
18. | Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 12-бабына сәйкес кәсіптік қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін тексерулер мен профилактикалық бақылауға қатысуға тарту | тексеру актілері | жыл бойы | ДСМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
талап етілмейді |
19. |
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің қызметін: | пайдалануға беру актісі |
2020 жылғы | ДСМ | талап етілмейді |
20. |
Ашық деректер порталында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында өнімнің қауіпсіздігіне жүргізілетін мониторинг нәтижелері туралы мәліметтерді өзектілендіру: | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтындағы деректерді өзектілендіру | үнемі | ДСМ | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
ОМО – орталық мемлекеттік органдар
"Атамекен" ҰКП – Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы