"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 54 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236 құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) реттелетін салаларда мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      120) және 141) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "120) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу тәртібін келіседі;";

      "141) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 173-1), 173-2) және 173-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "173-1) балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      173-2) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      173-3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін экспорттауға лицензия береді;"

      176) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "176) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      197) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 200-1), 200-2), 200-3) және 200-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "200-1) жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;

      200-2) жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;

      200-3) мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      200-4) уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      209) және 237) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "209) әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "237) жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 246-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "246-1) ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жоспарын әзірлейді және бекітеді;";

      260), 269) және 275) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын;

      "260) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "269) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн белгілейді;";

      "275) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғаларға беретін халықты орталықтандырылмаған ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерасты және жерүсті су объектілеріне қорытындысын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 279-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "279-1) су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелер мен құрылысжайларды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      ведомстволардың функцияларында:

      124), 125), 126), 127), 128), 129) және 130) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "124) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      125) ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөнiндегi іс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының, екпелердің табиғи, антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының пайда болуының, таралуының алдын алу, олардың есебін жүргізу мен болжаудың дәлдiгi жөнiндегi шаралардың дер кезінде қабылдануына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      126) кеспеағаштардың бөлінуіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      127) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      128) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргізілуіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      129) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердің қорғалуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      130) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 138-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "138-1) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрады;";

      141) тармақша алып тасталсын;

      151), 153), 163), 166) және 186) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "151) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарында күзет режимдерінiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;";

      "153) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қарамағындағы заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;";

      "163) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";

      "166) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;";

      "186) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) бередi;";

      мынадай мазмұндағы 219-1) және 261-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "219-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "261-1) гидротехникалық құрылыс жайлар мен негізгі жабдықты көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады