Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 115 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2020 жылғы 18 наурыздағы
  № 115 қаулысымен
  бекітілген

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8) тармақшасына және "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің 027 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу" республикалық бюджеттік бағдарламасының 130 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы (бұдан әрі – 027 бюджеттік бағдарламасы) бойынша көзделген, республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібі айқындалады.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды 027 бюджеттік бағдарламасының жеке қаржыландыру жоспары негізінде жүргізеді.

      4. Ағымдағы нысаналы трансферттер Нұр-Сұлтан және Мәскеу (Ресей Федерациясы) қалаларындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік шерулерге қатысу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың делегациялары құрамында жіберілетін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, сондай-ақ медициналық қызметкерлерді қоса алғанда, олармен бірге жүретін адамдарға жол жүру, тұру және тамақтану шығыстарын төлеуге пайдаланылады.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді 084 "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көздейді. Көрсетілген бюджеттік бағдарлама бойынша осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шығыстар жүргізіледі.

2-тарау. Нұр-Сұлтан және Мәскеу (Ресей Федерациясы) қалаларындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік шерулерге қатысу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың делегациялары құрамында жіберілетін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, сондай-ақ медициналық қызметкерлерді қоса алғанда, олармен бірге жүретін адамдарға жол жүру, тұру және тамақтану шығыстарын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      6. Нұр-Сұлтан және Мәскеу (Ресей Федерациясы) қалаларындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік шеруге қатысу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың делегациялары құрамында жіберілетін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, сондай-ақ медициналық қызметкерлерді қоса алғанда, олармен бірге жүретін адамдарға (бұдан әрі – делегацияға қатысушылар) Нұр-Сұлтан және Мәскеу (Ресей Федерациясы) қалаларына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік шеруге теміржол және (немесе) әуе көлігімен жол жүру үшін жол жүру құжаттары беріледі, сондай-ақ мерекелік шерулер өткізілетін кезеңде тұру және тамақтану шығыстары төленеді.

      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерімен келісу бойынша 2020 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Нұр-Сұлтан және Мәскеу (Ресей Федерациясы) қалаларында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік шеруге баратын делегацияларға қатысушылардың, бірге жүретін адамдар мен медициналық қызметкерлердің тізімдерін қалыптастырады және бекітеді, әр делегация үшін бірге жүретін адамдардың қатарынан жауапты адамды айқындайды және уәкілетті органдар арқылы аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына (бұдан әрі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары) жібереді.

      8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегацияларға қатысушылардың тізімдерін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде делегацияға әрбір қатысушыға мынадай құжаттарды жинауды жүзеге асырады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардағы не "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      4) соғысқа қатысушының немесе соғыс мүгедегі куәлігінің көшірмесі немесе жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі (Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін);

      5) медициналық ұйымның жол жүруге қарсы айғақтамалардың жоқ екені туралы анықтамасы (Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін).

      9. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары алынған өтініштер мен құжаттардың негізінде екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға арналған өтінімді дайындайды және уәкілетті органға ұсынады.

      10. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған шеруге Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) жол жүру құжаттары (билеттері):

      1) Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының делегацияларына қатысушылар үшін облыс орталығынан Нұр-Сұлтан қаласына дейін және кері қайтуға, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласынан Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) дейін және кері қайтуға – әуе көлігіне;

      2) Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының делегацияларына қатысушылар үшін:

      облыс орталығынан (Алматы, Шымкент қалаларынан) Нұр-Сұлтан қаласына дейін және кері қайтуға – теміржол көлігіне;

      Нұр-Сұлтан қаласынан Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) дейін және кері қайтуға – әуе көлігіне;

      3) Нұр-Сұлтан қаласының делегациясына қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласынан Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) дейін және кері қайтуға – әуе көлігіне беріледі.

      11. Уәкілетті органдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға өтінімді қалыптастырады және делегацияның кетуіне дейін кемінде он бес жұмыс күні қалғанда жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға (билет кассаларына) береді.

      12. Жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар (билет кассалары) 11-тармақта көрсетілген өтінімді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген жол жүрудің толық маршрутына жол жүру құжаттарын (билеттерін) дайындайды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалатын жол жүру құжаттарын (билеттерін) қабылдап алу-беру актісіне сәйкес уәкілетті органдарға береді.

      13. Уәкілетті органдар жол жүру құжаттарын (билеттерін) алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды № М-2а нысанындағы сенімхат (бұдан әрі – сенімхат) бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына береді.

      14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары екі жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) делегациялардың қатысушыларына қолын қойғызып береді.

      Бұл ретте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегацияға қатысушыларға пайдаланылған (пайдаланылмаған) жол жүру құжаттары (билеттері) қайтарылуға тиіс екенін ескертеді.

      15. Уәкілетті органдар мен жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдардың (билет кассаларының) арасында жол жүру құжаттарын (билеттерін) қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін делегацияларға қатысушыларға берілген жол жүру құжаттары (билеттері) үшін жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға (билет кассаларына) ақы төлеу үшін негіздеме болып табылатын салыстырып тексеру актісі жасалады.

      Салыстырып тексеру актісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады.

      16. Жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құнын төлеуді уәкілетті органдар осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген қол қойылған салыстырып тексеру актісінің негізінде қолма-қол ақшасыз нысанда жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      17. Делегацияларға қатысушыларға тамақтану және тұру шығыстары бір мезгілде мынадай мөлшерде төленеді:

      1) Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған шеруге (Нұр-Сұлтан қаласы делегациясына қатысушыларды қоспағанда) бір адамға бес тәулікке есептегенде:

      тамақтануға – тәулігіне 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

      қонақүйде тұруға – тәулігіне 7 АЕК;

      2) Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған шеруге бір адамға бес тәулікке есептегенде, оның ішінде:

      Нұр-Сұлтан қаласында екі тәулік болған кезде тамақтануға – тәулігіне 2 АЕК; Нұр-Сұлтан қаласында тұруға – тәулігіне 7 АЕК (Нұр-Сұлтан қаласы делегациясына қатысушыларды қоспағанда);

      Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) үш тәулік болған кезде – тәулігіне тамақтануға 80 АҚШ долларына баламалы сома; Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) қонақүйде тұруға тәулігіне 220 АҚШ долларына баламалы сома.

      Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) тамақтану және тұру шығыстарын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем күніне Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валютасына қатысты ресми бағамы бойынша жүргізіледі.

      18. Уәкілетті органдар тамақтану және тұру шығыстарын делегацияның кетуіне дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда делегацияға әрбір қатысушының банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда не "Қазпошта" акционерлік қоғамында зейнетақылар мен жәрдемақыларды есепке жатқызу үшін ашылған жеке шотына аудару арқылы төлейді.

      Бұл ретте бірге жүретін адамдар мен медициналық қызметкерлердің банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда не "Қазпошта" акционерлік қоғамында зейнетақылар мен жәрдемақыларды есепке жатқызу үшін ашылған жеке шоты болмаған жағдайда қаражатты аудару олар көрсеткен жеке шотқа жүзеге асырылады.

      19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары ай сайын 2020 жылғы сәуір – мамыр аралығындағы кезеңде ай сайын уәкілетті органдарға делегацияларға қатысушылар қайтарған пайдаланылған (пайдаланылмаған) жол жүру құжаттарының (билеттерінің) не жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдардың (билет кассаларының) жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қайтарылғаны туралы жазбаша растамаларының негізінде жасалған пайдаланылған жол жүру құжаттары (билеттері) туралы есепті ұсынады.

      20. Жол жүру мүмкін болмаған немесе жол жүруден бас тартқан жағдайда делегацияға қатысушы өзі алған жол жүру құжаттарын (билеттерін), сондай-ақ оның жеке шотына аударылған тамақтануға және тұруға арналған қаражатты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арқылы 2020 жылғы 31 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға қайтарады. Бұл ретте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегациялардың қатысушыларына жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қайтарылғаны туралы жазбаша растама береді.

      Алынған жол жүру құжаттарын (билеттерін) және өзінің есебіне аударылған тамақтануға және тұруға арналған қаражатты делегацияға қатысушы көрсетілген мерзімде қайтармаған жағдайда көрсетілген қаражат сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылады, бұл туралы уәкілетті органдар алушыны жазбаша хабардар етеді.

      21. Егер делегацияға қатысушы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан алынған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруды жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда (билет кассаларында) жүзеге асыратын болса, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар (билет кассалары) көрсетілген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құнын қайтаруды уәкілетті органдарға қолма-қол ақшасыз нысанда үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Бұл ретте жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар (билет кассалары) делегацияларға қатысушыларға жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қайтарылғаны туралы жазбаша растама береді.

      22. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) және қайтарылған қаражатты уәкілетті органдарға сенімхат бойынша қайтарады.

      23. Уәкілетті органдар пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға (билет кассаларына) мынадай тәсілмен қайтарады:

      1) егер жол жүру құны өтелген болса, орындарды қайтару үшін жол жүру құжаттары (билеттері) пойыз жөнелтілгеннен кейін үш сағаттан кешіктірілмейтін немесе ұшақтың ұшуына дейін үш сағаттан аспайтын уақыт қалған мерзімде жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға (билет кассаларына) ұсынылады. Бұл ретте төлеуге ұсынылатын салыстырып тексеру актісінде көрсетілетін жалпы сома жол жүру құжатының (билетінің) құнынан ұстап қалу шегеріле отырып, қайтарылған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құнына тең сомаға азайтылады;

      2) егер жол жүру құны өтелмеген болса, орындарды қайтару үшін жол жүру құжаттары (билеттері) поезд жөнелтілгеннен кейін үш сағаттан кешіктірілмейтін немесе ұшақтың ұшуына дейін үш сағаттан аспайтын уақыт қалған мерзімде жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға (билет кассаларына) ұсынылады. Бұл ретте төлеуге ұсынылатын салыстырып тексеру актісінде көрсетілетін жалпы сомаға қайтарылған жол жүру құжатының (билетінің) құнынан ұстап қалу сомасы қосылады.

      ____________________________

      [1] "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген)

  Облыстық бюджеттердің, республикалық
  маңызы бар қалалардың, астана
  бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы
  Жеңістің 75 жылдығына арналған
  мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін
  ағымдағы нысаналы трансферттерді
  пайдалану қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органының басшысы

      ______________________________________________________________

      мекенжайы бойынша тұратын, жеке куәлігі (паспорты)

      _________________ соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің) куәлігі

      (мұндай мәртебесі болған жағдайда) немесе жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі ______________________________

Өтініш

      Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған шеруге (шерудің қай қалада болатыны көрсетілсін: Нұр-Сұлтан қаласында, Мәскеу қаласында) жол жүру құжаттарын (билеттерін) беруді, оның ішінде мерекелік іс-шаралар өткізілетін кезеңде тамақтану және тұру шығыстарын төлеуді сұраймын.

      Жол жүру мүмкін болмаған жағдайда жол жүру құжаттарын (билеттерін), сондай-ақ өзім алған тамақтануға және тұруға ақшалай қаражатты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына кеткенге дейін үш тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде қайтаруға міндеттенемін.

      Пайдаланылған жол жүру құжаттарын (билеттерін) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына келгеннен кейін бір айдың ішінде ұсынуға міндеттенемін.

      Мерекелік іс-шаралар өткізілетін кезеңде тамақтану және тұру шығыстарын төлеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Күні ________________ Делегацияға қатысушының қолы __________________

      Өтініш қабылданды ______________________________________________

      (күні, Т.А.Ә. (бар болса), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы маманының қолы)

_____________

  Облыстық бюджеттердің, республикалық
  маңызы бар қалалардың, астана
  бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы
  Жеңістің 75 жылдығына арналған
  мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін
  ағымдағы нысаналы трансферттерді
  пайдалану қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға өтінім

Р/с №

Делегацияға қатысушының Т.А.Ә.

Мәртебесі

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі

Шығу және кері қайту күні көрсетілген жол жүру маршруты

Көлік түрі (вагон үлгісі көрсетілген теміржол, әуе көлігі)













      М.О. _________________________________________________________

      Өтінімді қалыптастырған орган қолы басшысының Т.А.Ә. (бар болса)

  Облыстық бюджеттердің, республикалық
  маңызы бар қалалардың, астана
  бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы
  Жеңістің 75 жылдығына арналған
  мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін
  ағымдағы нысаналы трансферттерді
  пайдалану қағидаларына
  3-қосымша
  нысан
  № __ дана

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қабылдап алу-беру актісі

Р/с

Делегацияға қатысушының Т.А.Ә.

Мәртебесі

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі

Шығу және кері қайту күні көрсетілген жол жүру маршруты

Билет нөмірі

Көлік түрі (вагон үлгісі көрсетілген теміржол және/немесе әуе көлігі)

Жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құны, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Берді: ____________________________________ ________________________ Жол жүру құжаттарын беру жөніндегі қолы ұйым (билет кассасы) басшысының Т.А.Ә. (бар болса)

      М.О. Қабылдады: ____________________________________    _________________________ Уәкілетті орган басшысының қолы Т.А.Ә. (бар болса)

  Облыстық бюджеттердің, республикалық
  маңызы бар қалалардың, астана
  бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы
  Жеңістің 75 жылдығына арналған
  мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін
  ағымдағы нысаналы трансферттерді
  пайдалану қағидаларына
  4-қосымша
  нысан
  № __ дана

Салыстырып тексеру актісі

Р/с №

Делегацияға қатысушының Т.А.Ә.

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі

Шығу және кері қайту күні көрсетілген жол жүру маршруты

Билет нөмірі №

Көлік түрі (вагон үлгісі көрсетілген теміржол, әуе көлігі)

Жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құны, теңге

Төлеу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

















Жиынтық сомасы:

      ____________________________________ ________________________

      Жол жүру құжаттарын беру жөніндегі қолы ұйым (билет кассасы) басшысының Т.А.Ә. (бар болса)

      ____________________________________ _________________________

      Уәкілетті орган басшысының қолы Т.А.Ә. (бар болса

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады