2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2020 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2) кредиттік шарттардың негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды;
3) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырма шартын жасассын.
4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
1) түпкі қарыз алушымен кредиттік шарттар жасасын;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2020 жылғы 27 наурыздағы | |
№ 151 қаулысымен | |
бекітілген |
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2020 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары
1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттары белгіленеді:
1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2020 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;
2) "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында 224 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 10120083000 (он миллиард бір жүз жиырма миллион сексен үш мың) теңге және 042 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 1112400000 (бір миллиард бір жүз он екі миллион төрт жүз мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;
3) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 6 (алты) жылдан аспауға тиіс;
4) кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған кезден бастап есептеледі және 2021 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.08.2020 № 525; 29.12.2020 № 901 қаулыларымен.2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.