"Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2020 жылға кредит берудің негізгі шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2020 жылға кредит берудің негізгі шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 151 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2020 жылға кредит берудің негізгі шарттарында:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында 224 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 10120083000 (он миллиард бір жүз жиырма миллион сексен үш мың) теңге және 042 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 1112400000 (бір миллиард бір жүз он екі миллион төрт жүз мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады