"TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 175 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде әуеайлақты, аэровокзал мен ұшу-қону жолақтарын салу және пайдалануға беру;

      9) әуежайлар мен әуе қозғалысын басқару; терминалдардың, әуежайлардың қызметі; әуеайлақтарда жердегі қызмет көрсетумен байланысты қызмет.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. АЭА "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.

      12. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады