Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 42, 403-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға) қабылданатын азаматтар, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері аттестаттау және қызметтік тергеу жүргізу кезінде құқық қорғау органының тиісті бөлімшесінде зерттеуден өтеді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |