"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз

      "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мынадай салықтар мен әлеуметтік төлемдердің:

      төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының;

      жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығының;

      дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициенті белгіленсін.

      Осы тармақтың ережелері мынадай салық төлеушілер мен олардың жұмыскерлеріне қатысты қолданылады:

      міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі – 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есептеу (есебіне жазу) міндеттемелері бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде басталатын жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;

      міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.10.2020 № 721 (01.10.2020 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде:

      әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары бойынша;

      жеке практикамен айналысатын тұлғалардың мүлік салығының мөлшерлемелеріне "0" коэффициенті белгіленсін.

      3. Әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын Қазақстан Республикасының резиденттері-салық төлеушілерге техникалық қызмет көрсету және әуе кемелері лизингінің мәмілелерін заңдық сүйемелдеу бойынша резидент емес үшін есептелген қосылған құн салығын төлеу бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдыру берілсін.

      Бұл ретте есептелген қосылған құн салығының сомасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджетке төленген жағдайда аталған салық төлеушілер резидент емес үшін есептелген қосылған құн салығының сомасын резидент еместен осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу салық салынатын айналым деп танылған салық кезеңінде есепке жатқызады.

      4. "COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 28/2020 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 наурыздан бастап төленетін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлердің үстемеақылары төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, жарналардың және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың объектілері болып табылмайды деп белгіленсін.

      5. 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылсын.

      6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 4 және 5-тармақтарды қоспағанда, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 224 қаулысына
1-қосымша

Микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілерінің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың әлеуметтік салық, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жарналар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мөлшерлемелеріне "0" коэффициентін қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесі

Р/с
ЭҚЖЖ Қызмет түрлері
1 2 3

1.

45.11.2

Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

2.

45.11.3

Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

3.

45.20

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

4.

45.32.1

Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

5.

45.32.2

Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

6.

47

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда)

7.

49.4

Жүк автомобиль көлігінің қызметі және көшу бойынша қызметтер ұсыну

8.

51.10

Әуе жолаушылар көлігінің қызметі

9.

52.23.2

Әуежайлар қызметі

10.

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтерін ұсыну

11.

56.10

Мейрамханалар қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді ұсыну

12.

58.2

Бағдарламалық қамтылымды шығару

13.

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

14.

62.01

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

15.

68.20

Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері) жалға беру

16.

69.10

Құқық саласындағы қызмет (заң консультанттары, жеке практикамен айналысатын тұлғалар: нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар, оның ішінде өзі үшін туындаған міндеттемелер бойынша қызметкерлер болмаған жағдайда)

17.

70.22

Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша консультация беру және басқару мәселелері бойынша басқа да консультациялар беру

18.

71.20.1

Санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі

19.

79.1

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

20.

85.10

Мектепке дейінгі білім беру (жеке меншік мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім беру)

21.

85.20

Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

22.

85.30

Орта білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

23.

86.10

Аурухана ұйымдарының қызметі (жеке ұйымдар)

24.

86.10.3

Санаторийлік-курорттық ұйымдардың қызметі

25.

86.2

Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жеке ұйымдар)

26.

90.04

Концерттік және театр залдарының қызметі

27.

93.13

Фитнес-клубтардың қызметі

28.

96.01

Тоқыма және үлбір бұйымдарын жуу және химиялық тазалау

29.

96.02

Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көрсетуі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 224 қаулысына
2-қосымша

Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік салық, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жарналар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мөлшерлемелеріне "0" коэффициентін қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесі

Р/с
ЭҚЖЖ Қызмет түрлері
1 2 3

1.

45.11.2

Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

2.

45.11.3

Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

3.

45.20.1

Жол бойындағы белдеулерде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциялары көрсететіндерден басқа, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

4.

45.32.1

Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

5.

45.32.2

Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

6.

47

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда, ірі сауда желілері және стационарлық сауда объектілері, сауда алаңы 2000 ш.м. астам сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек сауда)

7.

51.10

Әуе жолаушылар көлігінің қызметі

8.

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтерін ұсыну

9.

56.10

Мейрамханалардың қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді ұсыну

10.

68.20

Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері) жалға беру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады