"Мерейтойлық күндерді мерекелеу шеңберінде жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 275 қаулысы.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мерейтойлық күндерді мерекелеу шеңберінде жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 138 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетiлген қаулыға қосымшада:

      "Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына (Шығыс Қазақстан облысы)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Абай Құнанбайұлының үйі кешенінің: 1894-1904 жылдар (тұрғын үй, Абайдың музей-үйі, Абайдың зираты), "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенінің аумағындағы ғылыми-реставрациялық жұмыстар, құрылыс, реконструкциялау, абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту

инжинирингтік көрсетілетін қызметтер

"СемСтройИнжиниринг" ЖШС

160240020548

ғылыми-реставрациялық жұмыстар, құрылыс-монтаждау жұмыстары

"Level S8" ЖШС

100540017607

      ";

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Ақшоқы ауылында Құнанбай Өскенбайұлының музейін салу, қорымды абаттандыру және реконструкциялау

жобалау-іздестіру жұмыстары

"Тұрмыс 25" ЖШС

041240013187

жобаның сараптамасы

"Эксперт
техстрой" ЖШС

160140017128

инжинирингтік көрсетілетін қызметтер

"КВК Строй Групп" ЖШС

190640007085

құрылыс-монтаждау жұмыстары

"Терезе" ЖШС

010740001450

      ";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "     

5

Қарауыл ауылында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ салу

жобалау-іздестіру жұмыстары

"ИНСОН" ЖШС

050340013348

жобаның сараптамасы

"Эксперттех
строй" ЖШС

160140017128

инжинирингтік көрсетілетін қызметтер

"КВК Строй Групп" ЖШС

190640007085

құрылыс-монтаждау жұмыстары

"Терезе" ЖШС

010740001450

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Ертіс өзенінің жағалауын реконструкциялау (2 км. жаяу жүргіншілер және велосипед аймағы, демалыс орындары және спорт алаңдары бар), Семей қаласының Мирный кенті

жобалау-іздестіру жұмыстары

"ПИИ "Семстрой
проект" ЖШС

941040001154

жобаның сараптамасы

"Altai Expert KZ" ЖШС

181240012048

инжинирингтік көрсетілетін қызметтер

"Дан-Строй- Проект" ЖШС

090140007195

құрылыс-монтаждау жұмыстары

"СИГРОСТ" ЖШС

050640005308

      ";

      "Алтын Орданың (Ұлық Ұлыс) 750 жылдығына (Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы)" деген бөлімде:

      "Тарихи-мәдени туристік кешеннің құрылысы және "Жошы хан" кесенесі маңындағы аумақты абаттандыру" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Тарихи-мәдени, туристік кешеннің құрылысы және "Жошы хан" кесенесі маңындағы аумақты абаттандыру

инжинирингтік көрсетілетін қызметтер

"KazGPS" LTD" ЖШС

130640012163

құрылыс-монтаждау жұмыстары

"Самға" ЖШС

070440005824

      ";

      "Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" және "Домбауыл" кесенелеріне дейін автомобиль жолын салу" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

"Облыстық маңызы бар "Сәтбаев-Малшыбай – Жошы хан кесенесі, Домбауыл" автомобиль жолын салу

инжинирингтік көрсетілетін қызметтер

"KazGPS" LTD" ЖШС

130640012163

құрылыс-монтаждау жұмыстары

"Алмас Құрылыс Kazakhstan" ЖШС

110140008279

құрылыс-монтаждау жұмыстары

"Дорожник" ӨК

990140004872

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады