Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (екінші кезең: 2020 – 2022 жылдар) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 315 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 408 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.06.2022 № 408 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (екінші кезең: 2020 – 2022 жылдар) (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 21 мамырдағы
№ 315 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (екінші кезең: 2020 – 2022 жылдар)


Р/с №

Іс-шара атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар
(мың теңге)

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

І. Ерлер мен әйелдердің тең әріптестігіне негізделген отбасылық қатынастарды құру арқылы отбасы институтын нығайту. Отбасы үшін қосалқы қызметтер сапасын арттыру және спектрін кеңейту

Индикатор: тіркелген неке санымен салыстырғанда ажырасқандардың үлесі – 2020 жылға қарай 32 %, 2023 жылға қарай 30 %, 2030 жылға қарай 25 % құрайды

1.

Қазақстанда отбасының әл-ауқаты индексін есептеу әдістемесін әзірлеу

ӘІОДСҰК-ға ақпарат
 

АҚДМ, Еңбекмині, ИИДМ, ДСМ, ІІМ, БҒМ, ҰЭМ, МСМ,
ЖАО, ҚҚДИ (келісу бойынша)

2020 жылғы қараша

33,0
 

ҚҚДИ МТ
001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы
124 "Қоғамдық сананы жаңғырту саласында іс-шаралар өткізу"

2.

"Қазақстандық отбасылар -2020" ұлттық баяндамасын дайындау

ӘІОДСҰК отырысында таныстыру

АҚДМ, Еңбекмині, ИИДМ, ДСМ, ІІМ, БҒМ, ҰЭМ, МСМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ЖАО, ҚҚДИ (келісу бойынша)

2020 жылғы қараша
 

7622,0
 

ҚҚДИ МТ
001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы
124 "Қоғамдық сананы жаңғырту саласында іс-шаралар өткізу"

3.

Әке болу институтын қолдау және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

АҚДМ, ЖАО, ЮНФПА
(келісу бойынша)

2020 жыл ішінде

30761,0
 

РБ
007 "Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру"

4.

Өңірлік деңгейде "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының қатысушыларын іріктеу рәсімдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӘІОДСҰК-ға ақпарат
 

АҚДМ, Еңбекмині, ЖАО

2020 жылғы
мамыр
 

талап етілмейді
 
 

-

5.

Үлгілі отбасыларды ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

АҚДМ, МСМ, БҒМ, Еңбекмині,
ЖАО

2020 жылғы
маусым

талап етілмейді
 

-

6.

Отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысқа тарту үшін сарапшылар, спикерлер, сондай-ақ үлгілі отбасы өкілдері қатарынан пул қалыптастыру

пул қатысушылары туралы анықтамалық ақпарат

АҚДМ, Еңбекмині, БҒМ, МСМ, ДСМ,
ЖАО

жыл сайын, мамыр

көзделген қаражат шегінде
 

РБ 007 "Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру"

7.

Бірыңғай республикалық медиа-жоспар шеңберінде Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруды ақпараттық қолдауды ұйымдастыру

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

АҚДМ,
ЖАО

жыл сайын,
шілде, желтоқсан

көзделген қаражат шегінде

РБ 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу"

8.

Отбасыларға кәсіби көмек көрсетуге (отбасын ресурстық қолдау, дағдарыс орталықтары және т.б.), неке және отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған ҮЕҰ үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

АҚДМ-ға ақпарат
 
 

ЖАО

жыл сайын,
сәуір

көзделген қаражат шегінде
 

ЖБ

9.

Мемлекеттік отбасы және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуына мониторинг жүргізу

ӘІОДСҰК-ға
ақпарат

АҚДМ, ЖАО

жыл сайын,
шілде, қаңтар

көзделген қаражат шегінде
 

РБ 001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру"
 

10.

Жайсыз отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін отбасының әлеуметтік картасы негізінде өңірлерде әл-ауқат мониторингін жүргізу

ӘІОДСҰК-ға
ақпарат

Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, ІІМ, АҚДМ,
ЖАО

2021 – 2022 жылдары шілде

талап етілмейді
 

-

11.

Отбасылық жайсыздықтың алдын алу жөніндегі жұмысқа білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерін тарту

АҚДМ-ға ақпарат

БҒМ,
ЖАО, ЖОО (келісу бойынша)

2020 – 2022 жылдары ішінде

талап етілмейді

-

12.

Жанжал немесе қиын өмірлік жағдайлар болғанда медиация қызметтерін дамыту және отбасын әлеуметтік-психологиялық қолдау бойынша іс-шаралар өткізу

АҚДМ-ға ақпарат

ЖАО,
АҚДМ, БҒМ

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

13.

Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша іс-шаралар кешенін өткізу

тренингтер, бейнероликтер,
акциялар, жас отбасылар фестивалі

АҚДМ,
ЖАО

2020 жыл ішінде

50000,0
 

РБ 007 "Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру"

14.

Алматы қаласының тұрмысы төмен отбасыларына арналған "Baqytty Otbasy" әлеуметтік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы "Жанұя" отбасын қолдау орталығын құру және олардың жұмыс істеуі тәжірибесіне негізделіп барлық өңірлерде орталықтар ашу

АҚДМ-ға ақпарат

ЖАО

2020 жылғы
желтоқсан

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

15.

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының индикаторларын есептеу әдістемесін әзірлеу

ӘІОДСҰК-ға
ақпарат

ҰЭМ, АҚДМ, ДСМ, Еңбекмині, Қорғанысмині, СІМ, ІІМ, МҚІА (келісу бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

-

16.

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге мониторинг және талдау жүргізу

ӘІОДСҰК-ға ақпарат
 

АҚДМ, Еңбекмині, ҰЭМ, ДСМ, БҒМ, Қорғанысмині, СІМ

жыл сайын, ақпан

көзделген қаражат шегінде
 

РБ
001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру"

17.

Гендерлік стереотиптерді кинода бейнелеудің дұрыс тәсілдерін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу
 

ӘІОДСҰК-ға ақпарат
 

АҚДМ, ҚҚДИ (келісу бойынша)

2020 жылғы
желтоқсан

3516,0
 

ҚҚДИ МТ
001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы
124 "Қоғамдық сананы жаңғырту саласында іс-шаралар өткізу"

ІІ. Репродуктивті денсаулықты сақтау үшін жағдай жасау және күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтықты жою

Индикаторлар: ерлердің әйелдерге қарағанда күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық - 2020 жылға қарай 8,5 жылды, 2023 жылға қарай 8 жылды, 2030 жылға қарай 7 жылды құрайды;
репродуктивті жастағы 1000 әйелге шаққанда аборттардың коэффициенті - 2020 жылға қарай 17,0, 2023 жылға қарай 15,0, 2030 жылға қарай 10,0 құрайды

18.

ЮНИСЕФ және ЮНФПА сарапшыларын тарта отырып, репродуктивті денсаулықты қорғау, қауіпсіз
сексуалдық мінез-құлық, қаламаған жүктіліктің, ЖЖБИ/АИТВ берілуінің профилактикасы мәселелері бойынша мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және жастар денсаулық орталықтарында жасөспірімдер мен жастарға консультация беру

ДСМ-ға
ақпарат

ЖАО, ЮНИСЕФ (келісу бойынша),
ЮНФПА
(келісу бойынша)

2020 – 2022 жылдары ішінде

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

19.

Амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарының медицина қызметкерлерін репродуктивті денсаулық, аборттың профилактикасы мәселелері бойынша хабардар етуді арттыру бойынша іс-шаралар өткізу

ДСМ-ға
ақпарат

ЖАО

2020 – 2022 жылдары ішінде

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

20.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды, оның ішінде үйде оқитын (ерекше қажеттіліктері бар) балаларды әлеуметтендіру жөніндегі қызметке "ешкім назардан тыс қалмайды" қағидаты бойынша волонтерлік ұйымдарды, ақсақалдар, әкелер, аналар кеңестерін тарту

АҚДМ-ға ақпарат

ЖАО

2020 – 2022 жылдары ішінде

талап етілмейді

-

21.

Қарт адамдардың, жалғызбасты қарт адамдардың бос уақытын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

АҚДМ-ға ақпарат

ЖАО

2020 – 2022 жылдары ішінде

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

22.

Балаларды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу, репродуктивті денсаулығын нығайту, мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтендіру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу

акциялар, консультациялар, тренингтер, ақпараттық материалдар, конкурстар

АҚДМ,
ЖАО

2020 – 2022 жылдары ішінде

2020 жылы –
20006,0
2021 жылы –
20006,0
2022 жылы –
20006,0
 

РБ 007 "Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру"

23.

Жалпы білім беретін пәндердің мазмұнына репродуктивті тәрбие және білім беру жөніндегі мәселелерді енгізу

АҚДМ-ға ақпарат

БҒМ,
ЖАО, ЮНИСЕФ (келісу бойынша), ЮНФПА
(келісу бойынша)

2020 – 2022 жылдары ішінде

талап етілмейді

-

24.

Халықтың қажеттілігі мен тығыздығына қарай ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған медициналық – әлеуметтік педагогикалық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) кезең-кезеңімен ашу

АҚДМ-ға ақпарат

ЖАО

2020 – 2022 жылдары ішінде

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

25.

Жыныстық белсенді жасөспірімдерді, мүгедек әйелдерді, АИТВ жұқтырған әйелдерді қоса алғанда, халықтың осал топтарының тегін немесе жеңілдікті контрацептивтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету

ДСМ-ға ақпарат
 

ЖАО

2020 – 2022 жылдары ішінде

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

26.

Жастар денсаулық орталықтары ұсынатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін, оның ішінде персоналдың біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

ДСМ-ға ақпарат
 

ЖАО

2020 – 2022 жылдары ішінде

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

27.

Жайсыз отбасылардан шыққан, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балаларды қосымша біліммен, спорт секцияларымен және үйірмелермен барынша қамту. Олардың жеңілдікті шарттармен бару мүмкіндігін қарастыру

АҚДМ-ға ақпарат

ЖАО, БҒМ, МСМ

жыл сайын, желтоқсан

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

ІІІ. Отбасында балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау

Индикаторлар: әйелдерге қатысты тіркелген тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің азаюы – 2020 жылға қарай 20 %, 2023 жылға қарай 30 %, 2030 жылға қарай 50 %; балаларға қатысты тіркелген тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің азаюы – 2020 жылға қарай 20 %, 2023 жылға қарай 30 %, 2030 жылға қарай 50 %

28.

"Қазақстандық отбасыларда зорлық-зомбылыққа жол жоқ" пилоттық жобасын іске асыру

АҚДМ-ға ақпарат

Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері

2020 – 2021 жылдар ішінде

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

29.

Отбасы-тұрмыстық салада, оның ішінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандарын анықтаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және енгізу

АҚДМ-ға ақпарат

ІІМ, АҚДМ, БҒМ

2020 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

-

30.

Ауылдық және қалалық жерлердегі балалар мен жастарға арналған адам құқықтары, анти-буллинг бойынша семинарлар сериясын өткізу

ӘІОДСҰК-ға ақпарат
 

АҚДМ, ЖАО

2020 жыл ішінде

14597,0
 

РБ 007 "Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру"

31.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру және агрессорлармен жұмыс істеу бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

ӘІОДСҰК-ға ақпарат
 

АҚДМ, ІІМ, ЖАО

2020 жыл ішінде

31021,0
 

РБ 007 "Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру"
 

IV. Гендерлік теңдік институтын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде де мемлекеттік реттеу және гендерлік әсерді бағалауды енгізу жолымен нығайту

32.

Гендерлік бюджеттеуді енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ, Қаржымині, Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2020 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

-

33.

Гендерлік бюджеттеуді енгізу тәсілдерін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

Ақмола облысының әкімдігі, АҚДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2020 – 2021 жылдары ішінде

көзделген қаражат шегінде
 

ЖБ

34.

Гендерлік бюджеттеу мәселелері бойынша статистикалық деректерді ендіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, Еңбекмині

2020-2021 жылдар ішінде

талап етілмейді

-

35.

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде гендерлік бюджеттеуді енгізу бойынша тәсілдерді әзірлеу

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2022 жыл ішінде

талап етілмейді

-

V. Ерлер мен әйелдердің жұмыспен тең қамтылуын және ресурстардың барлық түрлеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау

Индикаторлар: материалдық активтері (жер мүлік, кәсіпорын, ДК және т.б.) бар әйелдердің ерлерге қатысты үлесі - 2020 жылға қарай 5 %-ке, 2023 жылға қарай 7 %-ке, 2030 жылға қарай 10 %-ке ұлғаяды; ерлердің жалақысына қарағанда әйелдердің орташа жалақысының үлесі - 2020 жылға қарай 70 %, 2023 жылға қарай 73 %, 2030 жылға қарай 75 % құрайды;
биліктің атқарушы, өкілді және сот органдарында мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі 2020 жылға қарай 22 %, 2023 жылға қарай 25 %, 2030 жылға қарай 30 % құрайды

36.

Жеке сектормен корпоративтік және квазимемлекеттік секторлардағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ еңбекақы төлеудегі алшақтықты азайту бойынша жұмысты ұйымдастыру

ӘІОДСҰК-ға ақпарат
 

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар (халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта)

2020 жыл ішінде

талап етілмейді

-

37.

Атқарушы, өкілді және сот билік органдарында мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешім қабылдау деңгейінде әйелдер үшін басшы лауазымдарға гендерлік квоталарды енгізу мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар (халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта)

2020 жыл ішінде

талап етілмейді

-

38.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасының науқас мүшесіне күтім жасайтын қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыты режиміне құқық беру бөлігінде еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселелерді пысықтау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстар

Еңбекмині

2020 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

-

39.

Отбасы институтын қолдау, гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға жеке, корпоративтік, квазимемлекеттік секторды белсенді тартуға бағытталған жұмыс жүргізу

бірлескен жобалар

АҚДМ, БҒМ, Еңбекмині, ҮЕҰ (келісу бойынша), ЕҚҚДБ
(келісу бойынша),
ЖАО

жыл сайын,
желтоқсан
 

талап етілмейді

-

40.

Кәсіпкерлікті қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары туралы кәсіпкер әйелдерді, оның ішінде ауылдық кәсіпкер әйелдерді ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуі

АҚДМ-ға ақпарат

ҰЭМ,
ҰКП
(келісу бойынша)

2020 – 2022 жылдар ішінде

2020 жылы –
546433,0
2021 жылы – 710000,0
2022 жылы -
710000,0

РБ
087 "Бизнестің жол картасы – 2025" Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
іс-шараларды іске асыру"

41.

"Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әйелдерді, оның ішінде ауыл әйелдерін кәсіпкерлікке оқыту

АҚДМ-ға ақпарат

ҰЭМ,
ҰКП (келісу бойынша)

2020 – 2022 жылдар ішінде

2020 жылы - 122500,0
2021 жылы - 322500,0
2022 жылы - 322500,0

РБ 087 "Бизнестің жол картасы – 2025" Бизнесті қолдау
мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру"

42.

Ауыл әйелдерінің ІІІ республикалық форумын өткізу

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

АҚДМ, "Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы" ЗТБ (келісу бойынша), ЕҚҚДБ
(келісу бойынша), облыстардың
әкімдіктері

2020 жыл ішінде

-

ЕҚҚДБ қаражаты есебінен

43.

Әйелдер мен ерлерді басшы лауазымдарға тағайындау туралы ақпарат беру

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

АҚДМ, МҚІА (келісу бойынша), ОСК (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), ОМО, ЖАО

жыл сайын,
сәуір

талап етілмейді

-

44.

Мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторлардағы басшы лауазымдарға әйелдер мен ерлерді тағайындау туралы ақпарат беру

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын,
сәуір

талап етілмейді

-

VІ. Гендерлік сауаттандыруды ілгерілету және әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын кеңейту

Индикатор: бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің үлесі 2020 жылға қарай 8 %, 2023 жылға қарай 8,5 %, 2030 жылға қарай 10 % құрайды

45.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесі шеңберінде гендерлік саясатты іске асыру мәселелері бойынша тақырыптық сабақтар, семинар-тренингтер өткізу

бекітілген оқу графиктері

МҚІА
(келісу бойынша), МБА
(келісу бойынша), ОМО, ЖАО

2020 – 2022 жылдары ішінде

талап етілмейді

-

46.

Әйелдерді БҰҰ бітімгершілік миссиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету секторына дайындау және жіберу

АҚДМ-ға ақпарат

Қорғанысмині, СІМ

2020 – 2022 жылдары ішінде

талап етілмейді

-

47.

Қорғаныс және қауіпсіздік, соттар мен құқық тәртібі саласында жұмыс істейтін және қызмет өткеретін әйелдер саны, сондай-ақ
басшы лауазымдарға әйелдерді тағайындау туралы ақпарат беру
 

АҚДМ-ға ақпарат

Қорғанысмині, ІІМ, БП
(келісу бойынша), ЖС
(келісу бойынша)

жыл сайын,
сәуір

талап етілмейді

-

48.

Үкіметтің осы Жоспарды іске асыру туралы шоғырландырылған есебінің жобасын енгізу
 

Үкіметтің шоғырландырылған есебінің жобасы

АҚДМ, Еңбекмині, ДСМ, ІІМ, Қорғанысмині, ҰЭМ, БҒМ, ИИДМ, СІМ, МСМ, Қаржымині, Әділетмині, МҚІА
(келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ЖС
(келісу бойынша), ОСК (келісу бойынша), ЖАО

жыл сайын,
1 наурызға дейін

талап етілмейді

-


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


      ӘІОДСҰК      – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері
және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия;

      АҚДМ      – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі;

      Еңбекмині      – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі;

      БҒМ            – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      ІІМ            – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ДСМ            – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      МСМ            – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      Әділетмині      – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      СІМ            – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      Қорғанысмині      – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      ҰЭМ            – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ИИДМ      – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігі;

      Қаржымині      – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      БП            – Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы;

      ЖС            – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;

      МҚІА            – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      МБА            – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы;

      ОМО            – орталық мемлекеттік органдар;

      ЖАО            – жергілікті атқарушы органдар;

      ЗТБ            – "Жасыл экономиканы" қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы"
заңды тұлғалар бірлестігі;

      ҰҚП            – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер
палатасы;

      ҮЕҰ            – үкіметтік емес ұйымдар;

      АҚ            – акционерлік қоғам;

      ҚҚДИ            – "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты;

      БҰҰ            – Біріккен Ұлттар Ұйымы;

      ЮНФПА      – БҰҰ тұрғын халық саласындағы қоры;

      ЮНИСЕФ            – БҰҰ балалар қоры;

      РБ                  – республикалық бюджет;

      ЖБ                  – жергілікті бюджет;

      ББ                  – бюджеттік бағдарлама;

      МТ                  – мемлекеттік тапсырма;

      ЕҚҚДБ            – Еуропа қайта құру және даму банкі;

      ЖОО                  – жоғары оқу орындары;

      ОСК                  – ҚР Орталық сайлау комиссиясы;

      ЖЖБИ            – жыныстық жолмен берілетін инфекциялар;

      АИТВ            – адамның иммун тапшылығы вирусы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады