"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 330 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1- бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-ІУ, 112-қркат; 2018 ж., № 10, 32-кұжат; № 19, 62-кұжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 93-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Теңіздегі жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін тұлғаның осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптармен қатар, Каспий теңізінің қазақстандық секторында немесе Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында не Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде теңізде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің оң тәжірибесі болуға тиіс.";

      2) 154-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең озық практиканы басшылыққа алуға, кеме қатынасына, кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарды пайдалану мен қорғауға және теңіздің нақты учаскесінде әдетте жүзеге асырылатын езге де заңды кызметке кедергі жасамауға және зиян келтірмеуге міндетті.";

      3) 157-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Теңіз объектілерінің айналасында осындай теңіз объектілерінің сыртқы шетінің әрбір нүктесінен өлшенетін бес жүз метр қашықтыққа созылатын қауіпсіздік аймақтары белгіленеді. Теңіз объектілері, сондай-ақ оларды қоршайтын қауіпсіздік аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық аулау ісі үшін маңызды мәні бар теңіз жолдарында кедергі бола алмайтын орындарда орналастырылады.".

      2. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-қркат; № 19, 88-қркат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-кұжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83- құжат; 2014 ж., № 7, 37-кұжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-1, 19-11, 96-кұжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-1, 140-кркат; 2016 ж., № 23, 118-қркат; № 24, 126-қркат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-кркат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):

      1) 4-баптың 2-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекітеді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әуе кеңістігінде, Каспий теңізінің қазақстандық секторында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде терроризм актілерінің жолын кесу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекітеді;";

      2) 14-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Каспий теңізінің қазақстандық секторында, теңіздегі экономикалық қызмет объектілерінде және теңізде жүзу кауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін терроризм актілерінің жолын кесу;";

      3) 14-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-3-бап. Каспий теңізінің қазақстандық секторында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде терроризм актілерінің жолын кесу";

      4) 14-3-баптың 1-тармагы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Каспий теңізінің қазақстандық секторында терроризм актісінің қатерін жою мақсатында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қару мен жауынгерлік техниканы қолданады.".

      3. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-қүжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84- құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІУ, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-кұжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 32-1), 58-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) бірлескен су биологиялық ресурстары - басқаруды Каспий теңізінің жағалауы маңындағы елдер бірлесіп жүзеге асыратын су биологиялық ресурстар;";

      "58-1) заңсыз, хабарландырылмайтын, реттелмейтін кәсіпшілік (ЗХР - кәсіпшілік) - су биологиялық ресурстардың заңсыз, хабарландырылмайтын және реттелмейтін кәсіпшілігі;";

      60-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "60-1) кәсіпшілік - мақсаты су биологиялық ресурстарды өз табиғи мекендеу ортасынан алу болып табылатын кез келген қызмет түрі;";

      мынадай мазмұндағы 60-2), 67-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "60-2) кәсіпшілік күш-жігер - балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тікелей бағытталған өндірістік операциялар көлемі, оның ішінде ол кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулау құралдары мен техникалық құралдардың, жүзу құралдарының, балықшылардың рұқсат берілетін санын қамтиды;";

      "67-1) ортақ су кеңістігі - балық аулау аймақтарының сыртқы шегінен тыс орналасқан және Каспий теңізінің барлық елдері пайдаланатын Каспий теңізі акваториясының бір бөлігі;";

      71-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "71-1) су биологиялық ресурстар - Каспий теңізінің аумақтық суларында, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде мекен ететін балықтар, моллюскалар, шаян тәрізділер, сүтқоректілер және су жануарлары мен өсімдіктерінің басқа да түрлері;";

      мынадай мазмұндағы 71-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "71-2) сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы - сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсірумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;";

      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 77-12) тармақшамен толықтырылсын:

      "77-12) Каспий теңізінің балық аулау аймағы мен ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарды аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;";

      3) 14-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының "шектеу белгіленеді." деген сөздер "шектеу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы

      6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) су биологиялық ресурстардың және олардың өнімдерінің заңсыз, хабарландырылмайтын, реттелмейтін кәсіпшілігіне (ЗХР - кәсіпшілік) және заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі шаралар белгіленеді.";

      4) 34-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын су биологиялық ресурстарды бір мезгілде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен (кәсіпшілік құралдарымен) мекендеу ортасынан алуды қамтамасыз ететін кешенді процесс.";

      5) 34-баптың 2-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Теңізде аулау - бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс, сондай-ақ Каспий теңізінің балық аулау аймағында су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, су биологиялық ресурстарды аулау.";

      6) 34-баптың 2-тармағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бірлескен су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігі Каспий теңізінің

      аумақтық суларында, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылады.";

      7) 39-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, сондай-ақ балық аулау аймағы";

      39-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы (бұдан әрі - балық аулау аймағы) - халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың сыртқы шегінен) бастап өлшенетін ені он теңіз милі болатын теңіз белдеуі және оның шегінде Қазақстан Республикасы су биологиялық ресурстарды кәсіптік аулауға айрықша құқыққа ие.";

      8) 55-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) ЗХР - кәсіпшілікке қарсы күрес бойынша шараларды қолдануға міндетті.".

      4. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-кұжат; 2010 ж.,№ 17-18, 109-құжат; 2011 ж., №7, 54-құжат; 2014 ж., №2, 13-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 20-ІУ, 113-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      11- баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының өтуі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балық аулау аймағын және Каспий теңізінің қазақстандық секторын межелеп бөлу туралы халықаралық шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық межелеп бөлінуі туралы;".

      5. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-кркат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІУ, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-қркат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-Ү, 113-құжат; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 2-бапта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы аумақтық суларының енін есептеуге арналған негізге алынатын сызықтар - Қазақстан Республикасының құрлықтық бөлігінде және оның аралдарында орналасқан, орташа көпжылдық деңгейлі (Кронштадт футштогының нөліне қатысты биіктіктердің Балтық жүйесінің минус 28,0 метр белгісінде) сызықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі шығанақтардағы, бухталардағы, құйылыстар мен жайылмалардағы Қазақстан Республикасы ішкі суларының шектерін шектейтін түзу сызықтар;

      5) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (бұдан әрі - аумақтық сулар) - Каспий теңізіндегі негізге алынатын сызықтардан халықаралық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өлшенетін, ені бойынша он бес теңіз милінен аспайтын, Қазақстан Республикасының егемендігі қолданылатын теңіз белдеуі, ал оның сыртқы шегі Мемлекеттік шекара болып табылады;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы (бұдан әрі - балық аулау аймағы) - халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың сыртқы шегінен) бастап өлшенетін ені он теңіз милі болатын теңіз белдеуі және оның шегінде Қазақстан Республикасы су биологиялық ресурстарды кәсіптік аулауға айрықша құқыққа ие;";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Каспий теңізінің қазақстандық секторы - Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға және Каспий теңізінің түбі мен қойнауының ресурстарын игеруге байланысты басқа да заңды шаруашылық - экономикалық қызметке егеменді құқықтарды іске асыру мақсатында халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы шектес және қарсы жатқан мемлекеттермен ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген Каспий теңізінің түбі мен қойнауының учаскесі;

      7) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан әрі - шекаралық кеңістік) - Мемлекеттік шекара және Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық сулары, Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы бар шекаралық аймақтың сыртқы шектеріне дейін оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының аумағы, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардың аумағы, шектерінде уәкілетті органдар шекаралық қызметті жүзеге асыратын Каспий теңізінің қазақстандық секторы және олардың үстіндегі әуе кеңістігі;";

      2) 6-бапта:

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ішкі және аумақтық сулар режимі;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) балық аулау аймағы;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Каспий теңізінің қазақстандық секторы режимі енгізіледі.";

      3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Құрлықта, ішкі және аумақтық суларда (оның ішінде су астындағы ортада) Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.";

      4) 9-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Каспий теңізінде - Қазақстан Республикасы аумақтық суларының сыртқы шегі бойынша;";

      5) 14-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде шектес мемлекеттің шекаралық органымен келісілген өзге де тәртіппен Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі аумақтық сулардың сыртқы шекарасын қоспағанда) кесіп өту құқығы беріледі.";

      6) 15-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шетелдік суасты кемелері (құралдары) аумақтық суларда Мемлекеттік шекараны су үстімен және туын көтеріп кесіп өтеді және жүзеді.";

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстандық және шетелдік (суүсті және суасты) кемелер, шетелдік әскери корабльдер, мұз үстімен жылжитын құралдар Мемлекеттік шекараны кесіп өткен және Қазақстан Республикасының порттарына (рейдтеріне) кіріп немесе кірмей, ішкі және аумақтық суларда жүзген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының порттарынан (рейдінен) Мемлекеттік шекараға қарай жүзген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің талап етуі бойынша:";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Шетелдік әскери корабльдер және коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын басқа да шетелдік мемлекеттік кемелер болжамдалған кіру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей дипломатиялық арналар арқылы сұрау салынатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің алдын ала рұқсаты бойынша аумақтық және ішкі суларға кіру үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өтеді.";

      7) 16-бапта:

      2- тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шет мемлекеттің аумақтық және ішкі суларына, шетелдік порттарға кіруге;";

      8) 30-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аумақтық немесе ішкі суларға, сондай-ақ шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігіне, осы суларға кірудің белгіленген тәртібін бұза отырып кірген шетелдік әскери емес кемелер және әскери корабльдер, оның ішінде су астымен Мемлекеттік шекараны кесіп өткен немесе Қазақстан Республикасының суларында жүзу және тұру кезінде су астында болған шетелдік сүңгуір қайықтар және басқа да суасты құралдары (объектілер);";

      9) 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жол (ақпараттық) белгілері орнатылады.";

      10) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Ішкі және аумақтық сулар режимі";

      11) 44-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-бап. Ішкі және аумақтық сулар режимі

      1. Ішкі және аумақтық сулар шегінде ішкі және аумақтық сулар режимі қолданылады, ол:

      ішкі және аумақтық суларда қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және ездігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу, күтіп-ұстау, олардың орналасу пункттерінен шығу және орналасу пункттеріне қайтып оралу, суда болу;

      қазақстандық кемелердің, шетелдік кемелер мен әскери корабльдердің, мұз үстімен жылжитын құралдардың ішкі және аумақтық суларда жүзу (пайдаланылу);

      ішкі және аумақтық суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының табиғи минералды немесе жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Ішкі және аумақтық сулар режимі осы Заңда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленеді.

      3. Ішкі және аумақтық сулар режимінің негізгі мақсаты Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.";

      12) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Шағын келемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу

      1. Ішкі және аумақтық суларда пайдаланылатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен- жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есепке алуға тиіс.

      2. Кемелерді және мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери корабльдеріне және өзге де кемелеріне, ішкі және аумақтық суларда міндеттерді өз құзыреті шегінде орындайтын уәкілетті органдарға, сондай-ақ халықаралық тасымалдауларды орындаған кезде тиісті теңіз немесе өзен порттарында тіркелімге алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен ұйымдарға тиесілі қазақстандық шағын көлемді кемелерге және мұз үстімен жылжитын құралдарға қолданылмайды.";

      13) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-бап. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың ішкі және аумақтық суларға шығуы

      1. Егер осы Заңмен өзгеше тәртіп белгіленбесе, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және ездігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың ішкі және аумақтық суларға шығуы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін рұқсаттамалар негізінде жүргізіледі.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне рұқсаттамаларды алуға ұсынулар енгізу кезінде жеке және заңды тұлғалар шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың ішкі және аумақтық суларға шығу мақсаттары, уақыты және маршруты (аудандары), олардың типтері және тіркеу нөмірлері, сондай-ақ тіркелімге алу орындары туралы мәліметтерді енгізеді. Енгізілетін ұсынулар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен келісілуге тиіс.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекаралық кеңістікте іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде рұқсаттамалардың қолданысын шектеуге немесе уақытша тоқтата тұруға құқылы, бұл туралы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар хабардар етіледі.

      4. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың ішкі және аумақтық суларға шығуына, егер осы кемелерге (құралдарға) қатысты күтіп-ұстаудың өзгеше тәртібі айқындалмаса, тек қана тәуліктің жарық уақытында олар тіркелімге алынған орындар бойынша кемежайларға, айлақтарға және орналасу орындарына не жағалау маңына қараңғы түскенге дейін оралғанда рұқсат беріледі.

      Аталған шектеу Заңның 16-бабына сәйкес Мемлекеттік шекараны теңізде, өзендерде, көлдерде және де басқа су айдындарында бірнеше рет кесіп өту құқығын пайдаланатын қазақстандық кәсіпшілік кемелерге қолданылмайды.

      5. Ішкі және аумақтық суларда өз құзыреті шегінде міндеттерді орындайтын өзге де уәкілетті органдардың (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен басқа) өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелері (құралдары) және мұз үстімен жылжитын құралдары өздерінің шығуы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін көрсетілген акваторияларда тәуліктің кез келген уақытында шығар алдында хабардар етеді.

      6. Жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен келісілген ұсынулары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл сайын режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатыла тұратын - екі мильге дейінгі арақашықтықта теңізге еркін шығуға, белгіленген акваторияда жеке және заңды тұлғалар демалыс, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жүзуіне және (немесе) пайдаланылуына жол берілетін Каспий теңізінің жағалауы маңы учаскелерінің тізбесін белгілейді.

      7. Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың күтіп-ұсталуын, ішкі және аумақтық суларға шығуын (шығарылуын), орналасу пункттеріне қайта оралуын есепке алуды бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.";

      14) 49-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Ішкі және аумақтық суларда қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жүзу (пайдаланылу) тәртібі";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ішкі және аумақтық суларда қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, оның ішінде шағын көлемділерінің жүзуіне және (немесе) пайдаланылуына тек қана рұқсат етілген немесе белгіленген (айқындалған) аудандарда немесе навигациялық-гидрографикалық жабдықпен қамтамасыз етілген қозғалыстың белгіленген схемаларына сәйкес жол беріледі. Оларға:";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен катерлеріне ішкі және аумақтық суларда түнгі уақытта белгіленген шамдарсыз жүзуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда корабльдердің және катерлердің командирлері өзге де кемелермен (құралдармен) соқтығысу, өзге де авариялық жағдай тудыру мүмкіндігін болғызбайтын шаралар қолдануга міндетті.

      3. Аумақтық сулардың белгілі бір аудандарында уәкілетті органдар қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, оның ішінде шағын көлемділерінің жүзуін шектейді, бүл туралы теңізде жүзушілерге хабарламаларда күні бұрын хабар беріледі.";

      15) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-бап. Шетелдік кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, шетелдік эскери корабльдердің жүзу (пайдаланылу) тәртібі

      1. Осы Заңның 45, 46, 48, 49, 52-баптарының талаптары ішкі және аумақтық суларда уақытша пайдаланылатын шетелдік өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерге (құралдарға), мұз үстімен жылжитын құралдарға қолданылады.

      2. Аумақтық сулар арқылы жүзіп етуді жүзеге асыратын шетелдік өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелер (құралдар), сондай-ақ шетелдік әскери корабльдер жалпыға бірдей танылған халықаралық құқық нормаларын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және заңнамасын сақтауға тиіс.

      3. Шетелдік әскери корабль Қазақстан Республикасы белгілеген аумақтық суларда жүзу тәртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері одан аумақтық суларды дереу тастап шығуды талап етеді.";

      16) 51-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-бап. Ішкі және аумақтық суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының минералды немесе жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу";

      1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ішкі және аумақтық суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының минералды немесе жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу Қазақстан Республикасының экономикалық, экологиялық, қорғаныс және өзге де қауіпсіздігіне залал келтірмеуге немесе онда осындай залал келтіру қатерін болғызбауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және өзге де уәкілетті органдардың міндеттерін орындауына кедергілер жасамауға тиіс.";

      2- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ішкі және аумақтық суларға шығуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне ұсынулар енгізу кезінде ішкі және аумақтық суларда теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметін жүргізу ниеті бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және ұйымдар осы Заңның 48-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа:";

      3. 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аумақтық суларда алдағы жүргізілетін теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметі туралы жұмыс басталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери - теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі хабардар етіледі.

      4. Әуесқой балықшылардың, туристердің, спортшылардың ішкі және аумақтық суларға шығуы, оның ішінде мұз астында балық аулауға шығуы осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады.

      5. Ішкі және аумақтық суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының минералды немесе жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметтің жүргізілуін бақылау ез қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.";

      17) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Ішкі және аумақтық сулар режимін бұзу

      1. Осы Заңда белгіленген:

      1) ішкі және аумақтық суларда қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын кемелерді (құралдарды) есепке алу, күтіп-ұстау, олардың орналасу пункттерінен шығу және орналасу пункттеріне қайтып оралу, суда болу;

      2) ішкі және аумақтық суларда шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігінде кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізу тәртібін бұзу ішкі және аумақтық сулар режимін бұзу деп танылады.

      2. Ішкі және аумақтық сулар режимін бұзуға байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, сондай-ақ осы тарауда көрсетілген өзге де уәкілетті органдар осы Заңға сәйкес заңсыз қызметті тоқтатуға қажетті шаралар қолданады.";

      18) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

      "6-1-тарау. Балық аулау аймағының режимі

      52-1-бап. Балық аулау аймағының режимі

      1. Балық аулау аймағында балық аулау аймағының режимі - су биологиялық ресурстар кәсіпшілігі мен зерттеу тәртібі қолданылады.

      2. Балық аулау аймағының режимі Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.

      3. Балық аулау аймағы режимінің негізгі мақсаты су биологиялық ресурстар кәсіпшілігі мен зерттеудің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Балық аулау аймағы режимінің сақталуын бақылау жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.

      5. Балық аулау аймағында су биологиялық ресурстар кәсіпшілігі мен зерттеу тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      52-2-бап. Балық аулау аймағында кәсіпшілік және зерттеу қызметін жүргізу

      1. Балық аулау аймағында кәсіпшілік және зерттеу қызметін жүргізу Қазақстан Республикасының экономикалық, экологиялық, қорғаныс және өзге қауіпсіздігіне зиян келтірмеуге немесе осындай зиян келтіру қаупі болмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және өзге уәкілетті органдардың міндеттерді атқаруына кедергі келтірмеуге тиіс.

      2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін Каспий теңізінің балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарды аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттар туралы хабардар етеді.

      52-3-бап. Балық аулау аймағының режимін бұзу

      1. Су биологиялық ресурстар кәсіпшілігі мен зерттеудің белгіленген тәртібін бұзу балық аулау аймағының режимін бұзу деп танылады.

      2. Балық аулау аймағының режимін бұзуға байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңсыз қызметті тоқтатуға қажетті шаралар қолданады.";

      19) 7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау Каспий теңізінің қазақстандық секторының режимі

      53-бап. Каспий теңізінің қазақстандық секторының режимі

      1. Каспий теңізінің қазақстандық секторы шегінде теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге, суасты кәбілдер мен құбырларды төсеуге, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылысжайларды жасауға және пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырудың тәртібі - Каспий теңізінің қазақстандық секторының режимі белгіленеді.

      2. Каспий теңізінің қазақстандық секторының режимі Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленеді.

      3. Каспий теңізінің қазақстандық секторы режимінің негізгі мақсаты теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге, суасты кәбілдер мен құбырларды төсеуге, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылысжайларды жасауға және пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондай-ақ теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Каспий теңізінің қазақстандық секторы режимінің сақталуын бақылау жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.

      54-бап. Каспий теңізінің қазақстандық секторының режимін бұзу

      1. Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге, суасты кәбілдер мен құбырларды төсеуге, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылысжайларды жасауға және пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондай-ақ теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу континенттік қайраң режимін бұзу деп танылады.

      2. Каспий теңізінің қазақстандық секторы режимінің бұзылуына байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы Заңға сәйкес заңсыз қызметті тоқтатуға қажетті шаралар қолданады.";

      20) 55-бапта:

      6) , 12) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының енін есептеп шығару үшін негізге алынатын сызықтарды, сондай-ақ аумақтық сулардың сыртқы шегін айқындау үшін географиялық нүктелерді (негізгі геодезиялық деректерді көрсете отырып) белгілейді;";

      "12) қазақстандық кемелердің ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы су кеңістігінде кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;";

      "16) аумақтық сулардағы теңіз дәліздерін және қозғалыстарды бөлу схемаларын белгілейді;";

      21) 56-бапта:

      2) , 27) және 29) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өз өкілеттігі шегінде құрлықта, ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және Каспий теңізінің қазақстандық секторында және өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді, Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;";

      "27) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының режимдік объектілерінде қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесін монтаждауға және жабдықтауға койылатын талаптарды бекітеді;";

      "29) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы режимдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақ сақтау орындарын күзетуді қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы режимдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақ сақтау орындарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының авиациясын қолдану қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 37-1) және 37-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "37-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің кемелерін жасауды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      37-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидаларын бекітеді;";

      22) 62-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін балық аулау аймағында және Каспий теңізінің ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарды аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру туралы хабардар ету тәртібін әзірлейді және бекітеді.";

      23) 64-бапта:

      1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараның тұтастығын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, шекаралық кеңістікте заңдылық пен белгіленген тәртіпті ұстап тұру мақсатында құрлықта, ішкі және аумақтық суларда (оның ішінде су астындағы ортада) Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.";

      3-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Мемлекеттік шекарада және Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға қатысу;

      5) шекаралық аймақта, ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және Каспий теңізінің қазақстандық секторында белгіленген режимдердің сақталуын дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауды жүзеге асыру;";

      24) 66-бапта:

      14) тармақша алып тасталсын;

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өту кезінде ішкі және аумақтық суларда, сондай-ақ шет мемлекеттердің шекарасына дейінгі олардың шегінен тыс жерлерде су астындағы объектілерді танып айыру (жіктеу) үшін өздерінде бар құралдарды пайдалануға;";

      25) 67-бапта:

      1- тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан

      Республикасынан әкетуге тыйым салынған, Мемлекеттік шекара арқылы еткізілетін жарылғыш, уландырғыш, радиоактивті, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, қаруды, оқ-дәрілерді, өзге де жүктер мен тауарларды, сондай-ақ контрабандалық жолмен өткізілетін жүктер мен тауарларды белгіленген тәртіппен дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп ұстауға және алып қоюға;";

      2- тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігінде қазақстандық және шетелдік (суүсті және суасты) кемелерге, мұз үстімен жылжитын құралдарға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) егер тоқтау туралы көзге көрінетін немесе дыбыстық сигналды (олар осы сигналды көруі немесе естуі мүмкін болатындай қашықтықтан) бергеннен кейін ізіне түсу ішкі немесе аумақтық суларда, балық аулау аймағында не Каспий теңізінің қазақстандық секторында басталса және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе заңнамасын бұзған кемелер (мұз үстімен жылжитын құралдар) өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына кіргенге дейін, олардың ізіне түсуге және оларды ұстауға құқығы бар.";

      3-тармақта:

      1) , 2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ішкі және аумақтық суларда су астындағы ортаның жағдайын анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа да уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартуға;

      2) ішкі және аумақтық суларда су астындағы объектілер табылған кезде бүл суларға кіру мақсаттары туралы сауалнама жүргізуге, бағдарын өзгертуді талап етуге, оларға су астындағы жағдайдан шығуды, өз туын көрсетуді ұсынуға, тоқтатуға және оларға қарап-тексеру жүргізуге, табылған су астындағы объектілер әрекеттерінің алдын алу немесе оларды тоқтату бойынша өзге де шараларды қолдануға;";

      "4) ішкі және аумақтық суларда Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің және (немесе) жүзудің белгіленген тәртібінің бұзылуына жол берген су астындағы құралдарды ұстауға, құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшін оларды Қазақстан Республикасының порттарына, езге де орындарға жеткізуге (айдауылмен жеткізуге), осы құралдарды анықтау және тергеу органдарына беруге;";

      26) 69-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) аумақтық сулардағы теңіз дәліздері мен қозғалыстарды бөлу схемаларын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлейді;";

      27) 70-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, сондай-ақ шет мемлекеттердің шекарасына дейінгі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының шегінен тыс жерлерде әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған немесе заңсыз кесіп өткен кезде оларды танып айыру үшін өздерінде бар құралдарды пайдаланады;".

      2- бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-бабы 5-тармағының 5), 9) тармақшаларын, 21) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтарын,

      24) тармақшасының екінші абзацын, 25) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын қоспағанда, 2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады