"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 346 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 669 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 669 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 40-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:

      "1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген бөлімнің ескертпесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тәрбиеленушілерді дамытудың басым бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында мынадай:

      әдіскер, бір бірліктен артық емес;

      төрт жастағы және одан да ересек балалардың әр тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі бойынша балаларды бейінді оқыту жөніндегі педагогтер лауазымының штат бірліктері белгіленеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы қазақ тілі педагогінің штат бірліктері 3 жастағы және одан да ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Гуманитарлық-эстетикалық бейіндегі жұмыс бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-аналар мен балалардың қазіргі заманға сай талаптары ескеріле отырып, хореограф, эстетика, бейнелеу өнері жөніндегі педагогтер лауазымдарының және басқа да лауазымдардың штат бірліктері қосымша көзделуі мүмкін.";

      2. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген бөлімде:

      "Жалпы білім беретін мектептер" деген кіші бөлімнің ескертпесі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Жалпы білім беретін мектептерде педагог-ассистент лауазымы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынысы бойынша белгіленеді.";

      "4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары":

      "4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген бөлімнің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы білім беру ұйымдарында тәрбиешілердің саны тәрбиеленушілердің әр тобына 2 штат бірлігі есебінен белгіленеді.

      2. Сыныптар және тәрбиелеу топтарының толықтырылуы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы білім беру ұйымдары туралы тиісті нормативтік құқықтық актіде айқындалады.

      3. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жексенбі және мереке күндері осы ұйымда қалатын балалар бар арнаулы білім беру ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдар:

      осындай әрбір 25 балаға бірақ әр ұйымға 0,25 бірліктен кем болмайтын тәрбиеші лауазымының 0,25 штат бірлігі;

      ұйымда кемінде осындай 25 бала болған кезде аспаз лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.

      4. Жүріп-тұру мүшелері, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында 12-15 – балаға бір штат бірлігі есебінен, кемтарлығы күрделі балаларға балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бір штат бірлігі есебінен логопед мұғалім және дефектолог мұғалім лауазымдары белгіленеді.

      5. Бір немесе бірнеше мектепке дейінгі топтары бар арнаулы білім беру ұйымдарында әрбір топқа мынадай лауазымдар:

      тәрбиеші – екі штат бірлігі;

      естімейтін, нашар еститін, кейін саңырау болған балаларға, зағип және нашар көретін, ақыл-ойы кенжелеп қалған балаларға арналған топтар үшін дефектолог мұғалімнің бір штат бірлігі белгіленеді.

      6. Көру қабілеті бұзылған, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі топтарында тәрбиеші көмекшісінің екі штат бірлігі, сөйлеу қабілеті өте нашар әрбір 10 балаға немесе фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбір 12 балаға логопед мұғалімнің бір штат бірлігі белгіленеді. Егер мектепке дейінгі топтардың жатын бөлмелері қатар орналасса, әрбір екі топқа 2,5 штат бірлігі есебінен тәрбиешінің көмекшісі, 0,5 штат бірлігі есебінен кір жуу машинисі лауазымдары белгіленеді.

      7. Арнаулы білім беру ұйымдарында екі немесе одан да көп мектепке дейінгі топтар болған кезде аспаз және қосалқы жұмысшы лауазымдарының 0,5 штат бірліктері қосымша белгіленеді.

      8. Көру қабілеті бұзылған балаларға, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған төрттен тоғызға дейін топтары бар арнаулы білім беру ұйымдарында қосалқы жұмысшы лауазымының бір штат бірлігі, ал тоғыз және одан да көп топтар болған кезде қосалқы жұмысшы лауазымының екі штат бірлігі қосымша белгіленеді.

      9. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында: тәрбиеленушілерінің саны 100 дейін осы ұйымдарда ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөніндегі техник лауазымының 0,5 штат бірлігі және тәрбиеленушілер саны 100 астам болса, 1 штат бірлігі белгіленеді.

      10. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында оқушылар бедерлі қаріптермен жазылған оқулықтар мен оқу әдебиетін пайдаланатын 4-5 топ болса, кітапханашы лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.

      11. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында 3-8 сынып болған кезде – дыбысты күшейту аппаратына қызмет көрсету жөніндегі техник лауазымының бір штат бірлігі, осындай 9-16 сынып болса – 1,5 штат бірлігі белгіленеді. Сыныптардың қатарында дыбысты күшейту аппаратурасы орнатылған мектепке дейінгі топтар да есепке алынады.

      12. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында есту кабинетінің дефектолог мұғалімі лауазымының бір штат бірлігі белгіленеді.

      13. Арнаулы білім беру ұйымдарында тәрбиешінің көмекшісі лауазымы әрбір жатын корпусына екі штат бірлігі есебінен белгіленеді, жатын корпусына 100 астам тәрбиеленуші орналастырылған кезде жатын корпусының әрбір қабатына екі штат бірлігі енгізіледі.

      14. Арнаулы білім беру ұйымында жатын корпусынан тыс орналасқан изолятор болған кезде тәрбиешінің көмекшісі лауазымының екі штат бірлігі қосымша белгіленеді.

      15. Топ саны 15-ке дейінгі арнаулы білім беру ұйымдарында жуылатын бұйымдардың бір бөлігі кір жуатын орындарға тапсырылатын жағдайда кір жуу машиналары операторы лауазымының бір штат бірлігі, ал 15 топ және одан астам болса, лауазымның екі штат бірлігі белгіленеді.

      16. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында әрбір топқа массаж жасаушы мейіргер лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.

      17. 150 астам тәрбиеленушісі бар арнаулы білім беру ұйымдарында психиатр дәрігер лауазымының бір штат бірлігі қосымша енгізіледі.";

      "6. Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген бөлімде:

      "Балалардың музыкалық, көркемөнер, өнер мектептері" деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Балалар өнер мектебі (балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері, балалар өнер мектептері, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептер)";

      "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының сарайлары, кешендері, студиялары, үйлері, орталықтары" деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқушылар сарайлары (үйлері, орталықтары, кешендері, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталықтары), балалар аула клубтары, балалар әскери-патриоттық клубы (клубтық демалыс ұйымдары), балалар қызығушылығы мен жұмыстарының бағыттары бойынша ұйымдар";

      "Жас техниктер, туристер, натуралистер станциялары мен базалары" деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, жасөспірімдер мен балалар шығармашылық техникалық мектептері), жас туристер станциялары (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары)";

      көрсетілген қаулымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады