"Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 487 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А.Мамин

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:

      "29) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      30) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу.";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, олар бойынша хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады;";

      2) "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 64-65, 382-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Рейтинг өткізуді ұйымдастырушы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - ұйымдастырушы) болып табылады.

      Ұйымдастырушыға мынадай функциялар жүктеледі:

      1) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу әдістемесін (бұдан әрі - әдістеме) әзірлеу және бекіту;

      2) пікіртерім мен статистикалық деректер негізінде жыл сайын бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу;

      3) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өткізілген өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу және Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырыстарын өткізуге жәрдем көрсету;

      4) дипломдарды, награда белгілерін дайындау мен ресімдеуді қамтамасыз ету:

      5) жеңімпаздарды марапаттау салтанатына ақпараттық материалдарды дайындау;

      6) үздік өңірлер мен қалалар тәжірибесін таратуға жәрдем көрсету.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - ұйымдастырушы) өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша ұсынатын материалдарды қарау, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды айқындау;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) қосымша материалдарды қарау кезінде балдардың жиынтық көлеміне түзету коэффициенттерін қолдану;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады