Пандемия жағдайында қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 489 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 781 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.11.2021 № 781 қаулысымен.

      Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және халықтың өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Пандемия жағдайында қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық жоспар (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Ұлттық жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Ұлттық жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

      2) ай сайын, айдың 5-ші күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын 15-ші күнге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Ұлттық жоспардың орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2020 жылғы 30 шілдедегі
  № 489 қаулысымен
  бекітілген

Пандемия жағдайында қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық жоспар

Іс-шаралардың атауы

Орындау мерзімі

Жауаптылар

Аяқталу нысаны

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

Адамдарға, оның ішінде тәуекел тобындағы адамдарға (қарт адамдар және созылмалы аурулары бар адамдар) медициналық көмекті ұйымдастыру

1

COVID-19 алғашқы белгілері және олар пайда болған кездегі іс-қимыл алгоритмі бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін Call-орталықтың қызметін 24/7 режимінде күшейту және қаржылық қолдау

2020 жылғы маусым
 

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің қаулысы

ЖБ

2

Халыққа үйде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (МӘМ) медициналық қызметтер кешенін көрсету үшін МСАК ұйымдары жанынан мобильдік әмбебап бригадаларды ұйымдастыру, оның ішінде дәрілік заттарды жеткізу

2020 жылғы шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің қаулысы

ТМККК мен МӘМС қаражаттарының шегінде

3

Қашықтан жұмыс істеу форматына көшкен ЖАО автопаркін тарта отырып, COVID-19 және пневмониямен ауыратын пациенттерден биоматериалдарды алу, оларға дәрілік заттарды жеткізу және емдеу бойынша мобильді бригадаларды, еріктілерді және т. б. қамтамасыз ету үшін CORONA-TAXI ұйымдастыру

2020 жылғы шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

CORONA-TAXI көрсетілетін қызметтерін сатып алуға жасалған шарттар

ЖБ

4

24/7 жұмыс режимімен және ТМККК және МӘМС шеңберінде тек МСАК пен стационарлардың бағыттары бойынша зерттеуді қажет ететін адамдарды толық қамтуды қамтамасыз ете отырып, меншік нысанына қарамастан өңірде қолда бар ресурстарды тарта отырып, амбулаториялық компьютерлік томографияны жүргізу үшін медициналық ұйымдардың тізбесін кеңейту

2020 жылғы шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің қаулысы

ТМККК мен МӘМС қаражатының шегінде

5

Науқастарға консультация беру үшін барлық арнайы мамандары бар (амбулаториялық деңгей үшін) өңірлік құзыреттер орталықтарын құру

2020 жылғы шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ДСБ бұйрықтары

ЖБ

6

Созылмалы аурулары бар пациенттерді және егде жастағы адамдарды қашықтықтан динамикалық бақылауды ұйымдастыру

2020 жылғы шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ДСБ бұйрықтары

талап етілмейді

7

Көп бейінді стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде триаж енгізуді қамтамасыз ету және изоляторларды ұйымдастыру

2020 жылғы шілде

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ДСБ бұйрықтары

ЖБ

8

Медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздік және медицина персоналын қорғау (аймақтандыру, бейнебақылау, визуализациялау) бойынша шараларды енгізу

үнемі

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ДСБ бұйрықтары

ЖБ

9

COVID-19 ауыратын науқастарды амбулаториялық деңгейде қашықтан бақылау алгоритмін әзірлеу және бекіту

2020 жылғы шілде

ДСМ

ДСМ бұйрығы

талап етілмейді

10

COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиялық жағдай кезеңінде созылмалы аурулармен ауыратын науқастарды, оның ішінде 65 жастан және одан жоғары жастағы адамдарды динамикалық бақылау алгоритмін әзірлеу және бекіту

2020 жылғы
15 тамызға қарай

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ДСМ бұйрығы

талап етілмейді

11

COVID-19 профилактикасы және амбулаториялық деңгейде бақылау бойынша халыққа арналған жаднамалар, буклеттер әзірлеу және бекіту

2020 жылғы шілде

ДСМ

ДСМ бұйрығы

талап етілмейді

12

CОVID-19 профилактикасы және амбулаториялық деңгейде бақылау бойынша халыққа арналған жаднамаларды, буклеттерді, сондай-ақ COVID-19 ауыратын науқастарды амбулаториялық деңгейде қашықтан бақылау алгоритмін тираждау және оларды халыққа жеткізу

2020 жылғы шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

қажеттілікті есептеу және тираждау

ЖБ

Медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын және материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту

1

"COVID-19" бойынша бірінші кезектегі мұқтаждық үшін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің арнайы тәртібінің қолданысын ағымдағы жылдың соңына дейін ұзарту

2020 жылғы шілде

Қаржымині,
ДСМ, Әділетмині,
ҰЭМ, ИИДМ, Еңбекмині

Мемлекеттік комиссияның шешімі, Үкіметтің қаулысы

талап етілмейді

2

Инфекцияға қарсы стационарлар мен БМСК ұйымдарын, стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелерді (оның ішінде күрделі жөндеу, газбен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесін орнату, сору-сыртқа тарату желдеткіші, визуализация, аймақтау, сүзгілер, изоляторлар, шлюздер және т. б.), оның ішінде Халықты жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде инфекциялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру

2020 жылғы тамыз-қазан
 

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері,
Еңбекмині, ДСМ
 

ДСМ-ге есептік ақпарат, қабылдау, пайдалануға беру актілері
 

ЖБ

3

"COVID-19" кезінде жұмыс істеп тұрған және жаңадан ашылатын инфекциялық төсек-орындарды, оның ішінде сырқаттанушылықтың ықтимал сценарийлеріне байланысты стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелердегі мұқтаждықты айқындау және бекітілген Медициналық көмек көрсету стандартына сәйкес барлық қажетті медициналық жабдықтармен (оның ішінде ӨЖЖ аппараттары, оттегі концентраторлары, виброакустикалық терапия аппараттары, пациенттердің мониторлары, пульсоксиметрлер, перфузорлар және т. б.) жарақтандыруға жергілікті бюджеттердің резервінен қаражат бөлу

2020 жылғы шілде-қазан

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері,
ДСМ

ДСМ-ге есептік ақпарат, әкімнің шешімі,
ӘлМСҚ-пен шарт, қабылдау актілері

ЖБ

4

Отандық ӨЖЖ аппараттарының өндірісін ұйымдастыру

2020 жылғы қараша

ИИДМ, ДСМ, ҮЕҰ

кемінде 500 бірлік ӨЖЖ шығару

Үкіметтің резервінен бөлінген қаражат шегінде

5

Жедел медициналық көмек қызметін отандық өндірістің, оның ішінде қаржылық лизинг тетігін пайдалана отырып, санитариялық автокөлікпен толық жабдықтауды қамтамасыз ету

2020 жылғы
1 қазанға дейін
 

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері,
ИИДМ, ДСМ

Үкіметке есептік ақпарат, қабылдау актісі

бөлінген қаражат шегінде

6

Инфекциялық және провизорлық стационарлардың төсек қорын 50%-ға (42 мың төсекке дейін), оның ішінде карантиндік төсек-орындарын қайта бейіндеу жолымен, сондай-ақ сырқаттанушылықтың ықтимал сценарийлеріне байланысты стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелердегі төсек-орындарды ұлғайту

2020 жылғы
30 шілдеге дейін
 

ДСМ, Еңбекмині, ЭДСРО, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері
 

Үкіметке есептік ақпарат, қабылдау актісі

бөлінген қаражат шегінде

7

Иондаушы сәулелену көздерін (медициналық рентген аппараттарын, оның ішінде рентген компьютерлік томографтарды) пайдалану құқығына рұқсаттар (лицензиялар) беру бойынша функцияларды атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органнан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға беру мәселесін қарау ("бір терезе" қағидаты)"

осы жоспар бекітілген күннен бастап бір жылдың ішінде

ЭМ, ДСМ, ИИДМ, Әділетмині, ҰЭМ
 

заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу

талап етілмейді

Дәрілік заттармен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету

1

Стационарлық медициналық-әлеуметтік ұйымдарда барлық инфекциялық, провизорлық стационарларды, сондай-ақ қайта бейінделген және карантиндік кереует дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету

2020 жылғы шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, СҚФ

қабылдау актісі

РБ, ЖБ, МӘМС

2

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық ұйымдардың қызметкерлерін және стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету

үнемі

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

қабылдау актісі

ЖБ

3

COVID-19 ауыратын науқастар үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісінің көлемін ұлғайту

2020 жылғы тамыз

ИИДМ, ДСМ

Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және қолдау жоспары

талап етілмейді

4

Өңірлерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, оның ішінде жеке қорғаныш құралдарының төмендемейтін қорының болуын мониторингтеу

апта сайын

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ДСМ-ге ақпарат

талап етілмейді

5

Фавипиравир вирусқа қарсы ерекше препаратын бейімдеу бойынша отандық өндірушінің шаралар қабылдауы

2020 жылғы қыркүйек

ДСМ, ИИДМ

өндірісті іске қосу

бюджеттен тыс қаражат

6

Пандемия жағдайында ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде сатып алу рәсімдерін қайта қарау, сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың номенклатурасы мен көлемін өзгерту, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың ерекше тәртібінің мерзімдерін, сондай-ақ сатып алу және гуманитарлық көмекті жеткізу тетіктерін ұзарту бөлігінде ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне түзетулер енгізу

2020 жылғы
1 тамызға дейін

ДСМ, ҰЭМ
 

Үкімет қаулысының жобасы

талап етілмейді

7

Мемлекеттік тіркеу, сәйкестік сертификаттарын беру, баға белгілеу жөніндегі қолданыстағы рәсімдерді қайта қарау және жеңілдету, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Қазақстан Республикасының нарығына қолжетімділігін жақсарту үшін шекті бағаларды қайта қарау

2020 жылғы
1 тамызға дейін

ДСМ, ҮЕҰ
 

ДСМ бұйрығы

талап етілмейді

8

Төтенше жағдайлардың (COVID-19 емдеу хаттамасына кіретін дәрілік заттар) алдын алу және/немесе салдарын жою үшін тіркелмеген дәрілік заттарды әкелуді келісу бөлігінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына түзетулер енгізу

2020 жылғы
1 тамызға дейін

ДСМ

ДСМ бұйрығы

талап етілмейді

9

Бөлшек саудада өткізу кезінде дәрілік заттардың шекті бағаларынан арттыруға жол бермеу

үнемі

ДСМ, ҮЕҰ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері

мониторинг деректерін талдау және бұзушылық фактілері бойынша шаралар қабылдау

талап етілмейді

10

"In vitro диагностикасы үшін медициналық бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер, клиникалық зерттеулер, клиникалық-зертханалық сынаулар жүргізу қағидаларын, сондай-ақ клиникаға дейінгі және клиникалық базаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 142 бұйрығына вакциналарды клиникалық зерттеулерді ІІІ фазадан ІІ фазаға дейін қысқарту және вакциналарды клиникалық зерттеулердің І/ІІ фазаларын қатар жүргізу бөлігінде (Қытайдың, Ресейдің, Ұлыбританияның және т.б. тәжірибесі бойынша) өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру

2020 жылғы тамыз

ДСМ, БҒМ

ДСМ бұйрығы

талап етілмейді

Кадрлармен қамтамасыз ету және оларды даярлау

1

Карантиндік стационарларда жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлерінің кадрлық резервін қалыптастыру

2020 жылғы
шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

Үкіметке ақпарат

ЖБ

2

Оқыту қажеттілігін анықтау

2020 жылғы
шілде

ДСМ

ұсыныстар енгізу

РБ, ЖБ, өзге де қаражат

3

COVID-19 профилактикасы мен оны емдеудің базалық қағидаттарын оқыту бойынша бағдарламалар әзірлеу

2020 жылғы
шілде

ДСМ, ЖОО

оқыту бағдарламасы

талап етілмейді

4

Кемінде 5000 медицина маманын, оның ішінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мамандарын оқытуды жүргізу.
 

2020 жылдың ішінде

ДСМ, ЖОО, ҒЗИ, ҰО, ҒО

Үкіметке ақпарат

РБ, ЖБ, өзге де қаражат
 

5

Коронавирустық инфекцияны емдеу бойынша жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерінің демалыс жағдайлары мен режимін қамтамасыз ету

үнемі

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

Үкіметке ақпарат

ЖБ

6

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша COVID-19-ға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ МӘМ қызметкерлеріне және олардың отбасыларына қолдау көрсету шараларының кешенін (әлеуметтік қолдау шаралары, қосымша жеңілдіктер, ынталандыратын төлемдер, тұрғын үй беру, оның ішінде қызметтік және басқа да материалдық және материалдық емес ынталандыру шаралары) қабылдау

2020 жылдың ішінде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

Үкіметке ақпарат

ЖБ

7

Медициналық ЖОО, ҒЗИ, ҒО, ҰО түлектерін дербес бөлу

2020 жылғы
шілде,
1 қазанға дейін

ДСМ

Медициналық жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҒО түлектерін дербес бөлу жөніндегі республикалық комиссияның хаттамасы

талап етілмейді

8

COVID-19 профилактикасы және оны емдеу бойынша жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерін қолдау бойынша акция өткізу үшін еріктілерді, азаматтық қоғамды, бизнес өкілдерін тарту
 

үнемі

АҚДМ, ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

Үкіметке ақпарат

талап етілмейді

9

COVID-19-ға қарсы күресте медициналық көмек көрсету үшін аралас мамандықтар бойынша медицина қызметкерлерін және резидентура тыңдаушыларын, интернатура мен резидентура түлектерін тартуды қамтамасыз ету

үнемі

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

Үкіметке ақпарат

ЖБ

10

Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлері үшін нақты нұсқаулықтар (ОРС) әзірлеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерін оқыту тәсілдері

2020 жылғы
шілде

ДСМ

бекітілген ОРС

талап етілмейді

11

COVID-19-ға қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған тәуекел топтарын (I, II, III топтар) айқындау және бастапқы буын ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдау тәсілдерін қайта қарау

2020 жылғы
шілде

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

бюджеттік өтінім

РБ

12

Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде аталған инфекциямен күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ қызметкер жұқтырудан қайтыс болған жағдайда олардың отбасыларына 10 млн. теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлемді қамтамасыз ету

COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық кезеңде

ДСМ, Еңбекмині, Қаржымині
 

Үкіметке ақпарат

ӘлМӘСҚ қаражаты

13

Пандемия кезеңінде Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ведомствосының және аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қабылдау мерзімдерін қысқарту бөлігінде конкурстық рәсімдерді жеңілдету

2020 жылғы
шілде

МҚІА, ДСМ

МҚІА бұйрығы
конкурстардың рәсіміне түзетулер енгізу
 

талап етілмейді

14

Конкурстық рәсімдерді өткізбей, денсаулық сақтау жүйесі мамандарын (денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын қоса алғанда, ТКҚСҚБК, ТКҚСҚБК АД, денсаулық сақтау басқармаларының мемлекеттік қызметшілері) бос лауазымдарға қабылдау рәсімін жеңілдету
 

2020 жылғы
шілде

МҚІА, ДСМ
 

МҚІА бұйрығы
конкурстардың рәсіміне түзетулер енгізу
 

талап етілмейді

15

"COVID-19 зертханалық диагностикасын ұйымдастыру және өткізу" тақырыбы бойынша оқыту (тренингтер, семинарлар) өткізу

2020 жылғы шілде-тамыз

ДСМ, ҰСО

ҰСО бұйрығы, бағдарлама

бөлінген қаражат шегінде

16

Вирусологиялық, бактериологиялық зертханаларда және аса қауіпті инфекциялар зертханаларында жұмыс істеу үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау

2020 жылғы тамыз-қараша

ДСМ, ҰСО

ҰСО бұйрығы

бөлінген қаражат шегінде

17

Аяқталған жоғары медициналық білімі бар және медициналық қызметке тартылмаған азаматтарды кейіннен қажетті мамандықтар бойынша жеделдете қайта даярлау арқылы оларды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауды жүзеге асыру

COVID-19 бойынша эпидемиялық қолайсыз кезеңде

ЖО, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

әскери қызмет өткеруге
келісімшарт

бөлінген қаражат шегінде

18

Төтенше жағдай режимі немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою және ҚР Президенті айқындайтын өзге де жағдайлар жарияланған кезде аяқталған жоғары медициналық білімі бар және жедел режимде бір айлық қайта даярлаудан өтіп, медициналық қызметке тартылмаған азаматтарды тарта отырып, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің арнайы жиынын 3 ай мерзімге ұйымдастыру және өткізу мәселесін пысықтау. Әскери жиындарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары өткізетін аумақтық қорғанысты дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ұйымдастыру ұсынылады

COVID-19 бойынша эпидемиялық қолайсыз кезеңде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері
Қорғанысмині, ІІМ
 

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдігінің қаулысы
 

бөлінген қаражат шегінде

5. Цифрландыру

1

"COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасын пысықтау арқылы COVID-19-бен ауыратын науқастарды, байланыста болған және қайтыс болған адамдарды уақтылы, дұрыс есепке алуды және мониторингтеу қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды анықтау

үнемі

ДСМ, ҚДСҰО,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ТКҚСҚБК АД, ҚДСҰО бұйрығы

талап етілмейді

2

Анықталған пациенттерді, байланыста болған адамдарды, барлық көздерден елге кіретін адамдарды (СКП, ошақтардағы жұмыс, блокбекеттер, медициналық ұйымдар) толыққанды есепке алу, сондай-ақ инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілетін эпидемиологиялық іс-шараларды тіркеу бөлігінде "COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасын пысықтау

2020 жылғы
шілде

ДСМ, ҚДСҰО
 

пысықталған
веб-қосымша

бөлінген қаражат шегінде

3

"COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасының базасында тестілеу нәтижелерінің COVID-19-ға ПТР зерттеуінің оң нәтижесі бар адамдардың орталықтандырылған қоймасын және қалыптастыруды қамтамасыз ету

2020 жылғы
шілде

ДСМ, ҚДСҰО,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

пысықталған веб-қосымша

бөлінген қаражат шегінде

4

Тестілеу нәтижелерін алу бойынша ҰСО ЗАЖ-ды аккредиттелген зертханалардың ЗАЖ-бен интеграциялау

2020 жылғы
шілде

ДСМ, ҚДСҰО,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

интеграцияны тестілеу нәтижелері

ҰСО-ның ақылы қызметтер көрсетуінің есебінен

5

Тестілеу нәтижелерін алу бойынша "COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасын ҰСО ЗАЖ-бен интеграциялау
 

2020 жылғы
шілде

ДСМ, ҚДСҰО,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҰСО аккредиттелген зертханалары
 

интеграцияны тестілеу нәтижелері

бөлінген қаражат шегінде

6

Айналасындағыларға әлеуетті жұқтыру қауіпі бар адамдардың еркін жүріп-тұруына жол бермеу мақсатында анықталған пациенттер, үй карантиніндегі пациенттер туралы мәліметтерді ЖАО және ЖО ақпараттық жүйелеріне беру бөлігінде "COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшаларына интеграциялау сервисін әзірлеуді қамтамасыз ету

2020 жылғы
шілде

ДСМ, ҚДСҰО,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

интеграцияны тестілеу нәтижелері

бөлінген қаражат
шегінде

7

"COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасын:
- анықталған пациенттер, байланыста болған адамдар, елге кіретін адамдар және барлық түрдегі зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы деректермен (ПТР, жиынтық антиденелер, экспресс-тестілер);
- барлық деңгейдегі адамдардың осы санаттары бойынша мәліметтердің толықтығын қамтамасыз ету және эпидемияға қарсы іс-қимыл процесінің барлық қатысушыларының көрсетілген деректеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аталған санаттар бойынша деректер алу мақсатында пациенттерге жүргізілетін емдеу-диагностикалық іс-шаралар туралы деректермен алмасу бөлігінде МАЖ-бен интеграциялау

2020 жылғы
шілде

ДСМ, ҚДСҰО,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

интеграцияны тестілеу нәтижелері

бөлінген қаражат
шегінде

8

COVID-19 деректер базасында тіркеуге жататын адамдар (байланыста болған адамдар, елге кіретін адамдар, ел ішінде жүріп-тұратын адамдар) туралы ақпаратты жедел тіркеу мақсатында эпидемиологиялық зерттеулермен және СКП-да (планшеттік компьютер) және эпидемиялогиялық тергеп-тексерулермен айналысатын ТКҚСҚБК қызметкерлері үшін мобильді қосымша әзірлеу және енгізу

2020 жылғы
тамыз

ДСМ, ҚДСҰО,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

мобильді қосымша

бөлінген қаражат
шегінде

9

Жұмыс берушілер, жеке бизнес иелері, авиа, ТЖ және өзге де тасымалдаушылар арасында "COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасымен интеграциялау жолымен жүріп-тұруға шектеулердің (анықталған, байланыста болған, үй карантиніне орналастырылған адамдар) бар-жоғын тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны әзірлеу және тарату

2020 жылғы
шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

мобильді
қосымша

ЖБ

10

Мобильді қосымша арқылы шектеудің бар-жоғын тексеру арқылы қызметіне БМСДҚ бойынша рұқсат етілген кез келген объектілерге кіруді бақылауды қамтамасыз етіп, бұзу фактілерін кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органдарға және құқық қорғау органдарына беру

үнемі

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ЖАО шешімі

талап етілмейді

11

Амбулаторлық бақылаудағы пациенттерге мониторинг жүргізу үшін CОVID-19 симптомдарын бағалау және өзін-өзі бағалау үшін чек-парағын МАЖ-да іске асыру

2020 жылғы
шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ

іске асырылған функционал

ЖБ

12

Симптомдарды бағалау және өзін-өзі бағалау чектері бойынша деректер алмасу бөлігінде МАЖ-ды "COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасымен интеграциялауды жүргізу

2020 жылғы
шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ, ҚДСҰО

интеграцияны тестілеу нәтижелері

ЖБ

13

Диагностикалық зертханалар мен компьютерлік томография кабинеттерін қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық буынның барлық медициналық ұйымдарының қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша жұмыс режиміне өтуін қамтамасыз ету, медициналық қызметтер көрсеткенін өтеу нысанына қарамастан көрсетілген медициналық ұйымдардың үй-жайларына пациенттердің кіруін бақылау

үнемі

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ

ЖАО шешімі

талап етілмейді

14

Әрбір өңірде алдын ала онлайн жазылуды ұйымдастыру, диагностикалық зертханалар мен компьютерлік томография кабинеттерін қоса алғанда, медициналық ұйымдардың веб-сайттары және дәрігердің қабылдауына жазылуға арналған өзге де құралдар арқылы пациенттердің өз бетінше жазылуын қамтамасыз ету

2020 жылғы
шілде
 

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ЖАО шешімі

ЖБ

15

Мемлекеттік және жеке зертханалар деңгейінде халықтың өз бетінше жүгінуі бойынша CОVID-19-ға ПТР зерттеулерінің онлайн жазбасын енгізу

2020 жылғы
шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҰСО, аккредиттелген зертханалар

онлайн-жазылу

ЖБ

16

Үй карантиніндегі пациенттер, динамикалық бақылаудағы пациенттер үшін БМСК мамандарының, бейінді мамандардың консультациялары арқылы қашықтықтан медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету

2020 жығы
шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ЖАО шешімі

талап етілмейді

17

Медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлерін планшеттермен (3G/4G интернетпен қамтамасыз етуді ескере отырып) қамтамасыз ету
 

2020 жылғы
тамыз

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ, Қаржымині

өңірлер бөлігінде жабдықтау бойынша ДСМ-ге ақпарат
 

ЖБ

18

Медициналық ұйымдардың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қозғалысын автоматтандырылған есепке алуды кезең-кезеңмен енгізу

2021 жылғы желтоқсан

ДСМ, СҚФ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

іске асырылған функционал

бөлінген қаражат шегінде

19

Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметін цифрландыру тәсілдерін әзірлеу

2020 жылғы желтоқсан

ДСМ, ТКҚСҚБК, ҰСО, ЭДСРО, ҚДСҰО

Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметін цифрландыру тұжырымдамасы

талап етілмейді

20

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері үшін web-интерфейсі бар электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ету

жүйені өнеркәсіптік пайдалануға қабылдаған сәттен бастап бір ай ішінде
 

ЦДИАӨМ, "ҰАТ" АҚ

жүйені қолданушылардың жаңа есепке алу жазбаларын тіркеу актілері
 

талап етілмейді

21

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері үшін екі факторлы аутентификация арқылы қазақстандық ІТ-шешімдер негізінде қашықтағы жұмыс орнына қол жеткізуді қамтамасыз ету

2020 жылғы тамыз
 

ЦДИАӨМ, "ҰАТ" АҚ

Мемлекеттік комиссияның шешімі
 

республикалық бюджеттен ай сайын 16 850 000 теңге талап етіледі

22

Азаматтардың "электрондық денсаулық сақтау паспорттарын" қалыптастыру жұмысын аяқтау
 

 
2020 жылғы желтоқсан

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ
 

МАЖ-ды Тұжырымдамамен интеграциялау хаттамасы
 

талап етілмейді

23

Интернет арқылы халыққа қолжетімді дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың деректер базасын құру
 

2020 жылғы қыркүйек

"Атамекен" ҰКП, ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

деректер базасы

талап етілмейді

24

"Медициналық ұйымдардың электрондық паспорттарын" енгізу

2020 жылғы қазан

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

медициналық ұйымдардың электрондық паспорттары
 

 
талап етілмейді

25

Жедел медициналық жәрдемді цифрландыру
 

2020 жылғы қыркүйек

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ

өңірлер бөлігінде жабдықтау бойынша ДСМ-ге ақпарат

ЖБ

26

Денсаулық сақтауға телемедицина мен жасанды интеллект (ЖИ) енгізу
 

2020 жылғы қазан

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ

ЖИ енгізу туралы ЖАО ақпараты

ЖБ

27

Патологиялық-анатомиялық бюро (мәйітханалар) процестерін жақсарту
 

2020 жылғы қазан

ЦДИАӨМ, ДСМ, Әділетмині, ІІМ,ҰЭМ,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

енгізілген оңтайландырылған бизнес-процестер
 

 
талап етілмейді

28

Мемлекеттік медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді цифрландыру
 

2020 жылғы желтоқсан
 

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

"СҚ-Фармация" ЖШС цифрланған бизнес-процестері
 

 
талап етілмейді

29

Еңбекке уақытша жарамсыздықтың электрондық парағын қалыптастыру
 

2020 жылғы қыркүйек

ДСМ, ЦДИАӨМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

еңбекке уақытша жарамсыздықтың электрондық парақтары
 

талап етілмейді

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

1

CОVID-19 туралы брифингтер мен бағдарламаларға қатысу үшін ДСМ спикерлерінің пулын қалыптастыру

2020 жылғы
шілде

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

тізім

талап етілмейді

2

COVID-19 инфекциясымен ауыратын пациенттерге медициналық қызметтерді алудың қадамдық тетігі бойынша постерлерді, инфографикаларды, жаднамаларды жаңа форматта әзірлеу және оларды танымал әлеуметтік желілерде тарату

2020 жылғы
шілде

АҚДМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

постерлер, инфографикалар, жаднамалар

бөлінген қаражат шегінде

3

Танымал алаңдарда медициналық қауымдастық сарапшыларымен сұхбат

үнемі

АҚДМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

сұхбатты ТД, әлеуметтік желілер бойынша тарату

талап етілмейді

4

Ұжымдасып тұратын жерлерде (студенттік жатақханалар, медициналық-әлеуметтік мекемелер, әскери-әлуетті құрылымдардың казармалары) санитариялық шараларды сақтау жөнінде материалдар (инфографика) әзірлеу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен келісу

2020 жылғы
шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері,
ДСМ, ЖАО, БҒМ, ІІМ, Қорғанысмині, Еңбекмині
 

инфографикалар

бөлінген қаражат шегінде

5

Әлеуметтік желілерде COVID-19 таралуының профилактикасы шараларын сақтау және санитариялық дәрігерлердің талаптарын елемейтін адамдарды анықтау, сондай-ақ оларды әкімшілік жазалауды көрсету бойынша бейне рейдтерді іске қосу. Оң тәжірибені тарату

үнемі

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жүргізілген рейдтерді ТД, әлеуметтік желілер бойынша тарату

бөлінген қаражат шегінде

6

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ-ның 1406 бірыңғай байланыс орталығының нөмірін байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын қызметтердің тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар дайындау

2020 жылғы қыркүйек
 

ЦДИАӨМ, ДСМ, Қаржымині

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
 

талап етілмейді

7

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың мүдделерін қорғау мәселелерін уақтылы шешу бойынша Aitu отандық мессенджерінде "BALA QORGAU" чатының тәулік бойы жұмыс істеуін ұйымдастыру

2020 жылғы шілдеден бастап

БҒМ, ЦДИАӨМ

жеке түсіндіру

талап етілмейді

8

Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, қашық режимде оқытуды ұйымдастыру

COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық кезеңде

БҒМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

БҒМ бұйрығы

ЖБ

9

Білім беру ұйымдарына жаңа 2020 – 2021 оқу жылы кезеңінде санитариялық шараларды сақтау бойынша ұсынымдар дайындау

2020 жылғы
шілде

БҒМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ұсынымдар

талап етілмейді

10

Жалпы білім беру ұйымдары үшін пневмония мен коронавирустық инфекцияның профилактикасы бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдар әзірлеу

2020 жылғы қыркүйек

ДСМ, БҒМ

ақпараттық материалдар

бөлінген қаражат шегінде

11

Мынадай:
- шектеу шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз ұсыну;
- мүгедектік бойынша мерзімдерді, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын автоматты түрде ұзарту мәселелері бойынша ТД бағдарламаларына және брифингтерге қатысу үшін Еңбекминінің ЕӘҚжКҚК аумақтық департаменттері мен ӘлМӘСҚ филиалдары спикерлерінің пулын қалыптастыру

2020 жылғы шілде

Еңбекминінің ЕӘҚжКҚК аумақтық департаменттері мен ӘлМӘСҚ филиалдары

тізім

талап етілмейді

12

Жұмыс берушілермен еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша, оның ішінде мәжбүрлі карантин немесе локдаун кезеңінде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне, толық емес режимге және т. б. ауыстыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

үнемі

Еңбекмині, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жұмыс берушілерге ұсынымдар, түсіндірмелер
 

талап етілмейді

Эпидемияға қарсы іс-шаралар

1

Rо (инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші) және КҚК (кереуеттердің көрсеткіші) өлшемшарттарына сәйкес өңірлерді бағалауды ескере отырып, шектеу шараларын қабылдау
1) R>1,3 және КҚК=50-70% немесе R=1.15-1.3 және КҚК =70-90% немесе КҚК≥90% болғанда шектеу шараларын күшейту;
2) өлшемшарттардың серпіні болмаған кезде сол көлемдегі шектеу шаралары;
3) Ro≤1, PZK≤50% болғанда шектеу шараларын жеңілдету

COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық кезеңде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ, ТКҚСҚБК, ҚДСҰО,
ТКСҚБК АД

бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің қаулылары

талап етілмейді

2

Ұйғарылған шектеу шаралары мен санитариялық шаралардың сапалы және толық орындалуын бақылау тұрғысынан қоғамдық бақылауды және ведомствоаралық мониторингтік топтардың жұмысын күшейту

2020 жылғы шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

қабылданған шаралар туралы ақпарат

талап етілмейді

3

Бұқаралық ақпарат құралдарында (облыстық, аудандық, қалалық) Қазақстан Республикасының және аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларын орналастыруды қамтамасыз ету

шығарылғаннан
кейінгі келесі күннің ішінде

АҚДМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ТКҚСҚБК АД

БАҚ-та жарияланымдар

бөлінген қаражат шегінде

4

COVID-19-ды популяциялық және шолып эпидемиологиялық қадағалауды енгізу

1 тамыздан бастап және үнемі

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

мониторинг және бақылау

талап етілмейді

5

Барлық стационарлардың инфекциялық және провизорлық (сору-сыртқа тарату желдеткішінің жұмыс істеуі, навигациялық схемалар (визуализация) және бейнекамералар (бейнебақылау) орнату, "лас" және "таза" аймақтарға бөлу) сияқты жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды іске асыруды қамтамасыз ету

2020 жылғы
шілде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

талаптардың сақталуын бақылау

ЖБ

6

Медицина қызметкерлерінің еңбегін қорғау, оның ішінде медицина қызметкерлерінің ЖҚҚ дұрыс пайдалануы, ұйым ішінде персоналдың жүріп-тұруын барынша азайту мәселелері бойынша госпитальдық эпидемиологтар қызметін күшейтуді қамтамасыз ету

2020 жылғы
1 тамыздан бастап және үнемі

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

медициналық ұйымдардың штаттық кестесіне өзгерістер енгізу
 

бөлінген қаражат шегінде

7

Халықтың жаппай баратын орындарын (білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, авто және теміржол вокзалдары, әуежайлар және т. б.) тепловизорлармен қамтамасыз ету

2020 жылғы тамыз-қараша

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ, Қаржымині

қабылдау актілері

ЖБ

8

COVID-19 жағдайында экономика салаларының түрлі объектілері үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, Санитариялық қағидаларға өзгерістер енгізу

2020 жылғы
шілде

ДСМ

ДСМ бұйрығы

талап етілмейді

9

COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаға клиникалық сынақтар жүргізу жөніндегі ҒТБ іске асыруды, сондай-ақ CОVID-19-ға антиденелердің таралуы, вирусты генотиптеу бойынша зерттеулер жүргізуді және COVID-19 сезімталдығын генетикалық факторларына және т.б. зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету (2020 – 2022 жылдарға бөлінген қаражат шеңберінде)

COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық кезеңде

ДСМ, БҒМ,
ҒК
"Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" РМК

ҒТБ іске асыру бойынша бағдарлама

бөлінген қаражат шегінде

10

Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны енгізудің орындылығы мәселесін қарау

2020 жылғы
шілде

ДСМ

ұсыныстар енгізу

талап етілмейді

11

Карантин режимін сақтамағаны үшін жеке және заңды тұлғаларға салынатын айыппұл сомасын ұлғайту, құқық қорғау органдарының, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің өкілеттіктерін кеңейту мәселесін қарау

2020 жылғы
шілде

Әділетмині, ІІМ, ДСМ, БП (келісу бойынша), Жоғарғы сот (келісу бойынша)

ұсыныстар енгізу

талап етілмейді

12

Полиция қызметкерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп және кейіннен карантин режимін бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар жасай отырып, санитариялық-дезинфекциялық режимнің белгіленген шектеулерінің сақталуын бақылау бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізуі

үнемі

ДСМ, ІІМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

мониторингтеу топтарының жұмыс нәтижелері бойынша есеп

талап етілмейді

13

ІІО күштері мен құралдарын қайта бөлу есебінен қоғамдық орындарда патрульдеу маршруттарының санын ұлғайту

үнемі

ІІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ІІМ нұсқауы

талап етілмейді

14

ХҚКО-да Мемлекеттік корпорацияның сайттарында немесе 1414 колл-орталық арқылы қалыптастырылатын алдын ала электрондық кезек болған кезде ғана мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру

2020 жылғы шілдеден бастап

ЦДИАӨМ, "ҰАТ" АҚ

қабылданған шаралар туралы ақпарат
 

талап етілмейді

15

COVID-19 профилактикасы бойынша шаралардың қамтамасыз етілуін және жұмыс орындарында қорғау шараларының сақтауын бақылауды жүргізу:
- жұмыс орындарындағы қызметкерлердің дене температурасын өлшеу;
- жұмыс орындарына үнемі дезинфекция жүргізу;
- жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен, антисептиктермен, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету

үнемі

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

қабылданған шаралар туралы ақпарат

талап етілмейді

16

Мерзімді әскери қызметке шақырылушыларға екі рет (әскерге шақырылушылар әскери бөлімдерге жөнелтілгенге дейін 3 күн бұрын жиын пункттерінде және олар қызмет өткеретін жерге келгеннен кейін 14 күн өткен соң) COVID-19-ға ПТР-зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету

COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық кезеңде

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша)

Қазақстан Республикасының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысы

бөлінген қаражат шегінде

17

БҰҰ миссиясына шыққанға дейін 4 күн бұрын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бітімгершілік бөлімшелерінің жеке құрамына ПТР-зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету

COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық кезеңде

Қорғанысмині

Қазақстан Республикасының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысы

бөлінген қаражат шегінде

COVID-19 тестілеу бойынша зертханалардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету

1

Тестілеуден өту үшін азаматтардың санаттарына қойылатын талаптарды қайта қарау (профилактикалық мақсатта және эпидқадағалау шеңберінде өткізілетін ПТР тестілердің санын азайту)

2020 жылғы
шілде

ДСМ

Қазақстан Республикасының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысы

ҚР Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат шегінде
 

2

40 бірлік зертханалық жабдықпен және 8 мобильдік зертханалық кешендерді, оның ішінде ауылдық жерлерде толық жарақтандыру жолымен ДСМ зертханаларының қосымша қуаттарын іске қосу

2020 жылғы
тамыз- қыркүйек
 

ДСМ

қабылдау актілері

ҚР Үкіметінің резерві, лизинг

3

Өңірлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде медициналық ұйымдар мен ветеринариялық зертханалар базасында CОVID-19 диагностикасы бойынша зертханалар ашу

2020 жылғы шілде-тамыз

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, АШМ

қабылдау актілері

ЖБ

4

Ауылдық жерлерде 16 мобильдік зертханалық кешенді іске қосу

2020 жылғы тамыз-қараша

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

қабылдау актілері

ЖБ, демеушілер

5

Барлық облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында модульдік зертханаларды іске қосу (дөңгелектермен тестілеу)

2020 жылғы тамыз-қараша

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

қабылдау актілері

ЖБ, демеушілер

6

COVID-19 бойынша зертханалардың жұмысына рұқсат беру жөніндегі жеңілдетілген алгоритмді қабылдау

2020 жылғы
шілде

ДСМ

ҚР БМСДҚ

талап етілмейді

7

CОVID-19 тестілеу үшін реагенттер мен шығыс материалдарын сатып алуды 2020 жылдың соңына дейін және 2021 жылдың көктеміне Бірыңғай дистрибьютордан сатып алу арқылы не тікелей шарт жасасу арқылы жоспарлау

2020 жылғы шілде-тамыз, желтоқсан

ДСМ,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

сатып алу жоспары

 
РБ, ТМККК және МӘМС

8

ПТР зерттеу мақсаттары үшін зертханалық жабдықтарды, тест-жүйелерді, шығыс материалдарын сатып алу рәсімдерін жеңілдету және Қазақстан Республикасына әкелу кезінде "жасыл дәлізді" ұйымдастыру

2020 жылғы
шілде

ДСМ, Қаржымині, ИИДМ, СІМ

Мемлекеттік комиссияның шешімі

талап етілмейді

9

Тест-жүйелер өндірісін ұйымдастыру

2020 жылғы желтоқсан

ИИДМ, ДСМ

тіркеу, шарт

талап етілмейді

10

Үстемеақы есептеу жолымен зертханалардың ПТР мамандарын ынталандыру (тәуекел санатын өзгерту)

2020 жылғы
шілде және үнемі

ДСМ,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ДСМ бұйрығы

 
РБ

9. Қаржыландыру және тарифтік саясат

1

Медициналық қызметтерге ақы төлеудің, оның ішінде бағамдық айырманы ескере отырып, қолданыстағы тарифтерін жетілдіру

2020 жылғы
шілде

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ДСМ бұйрығы
 

бөлінген қаражат шегінде

2

COVID-19 инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеу кезінде клиникалық-шығынды топтар бойынша емделіп шығу жағдайына ақы төлеудің жаңа тарифтерін әзірлеу

2020 жылғы қыркүйек

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ДСМ бұйрығы

бөлінген қаражат шегінде

3

COVID-19 инфекциясымен ауыратын науқастарды амбулаториялық жүргізу үшін қашықтан көрсететін медициналық қызметтерге тарифтер әзірлеу

2020 жылғы қыркүйек

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ДСМ бұйрығы

бөлінген қаражат шегінде

4

COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды басым қаржыландыра отырып, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстарды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

2020 жылғы
тамыз

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

Үкіметке ақпарат

талап етілмейді

5

ТМККК шеңберінде COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды қосымша қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

2020 жылғы тамыз

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

Республикалық бюджет комиссиясының бюджеттік өтінімді қарауы

РБ

6

Шектеу іс-шараларына байланысты медициналық көмек көлемі едәуір төмендеген кезеңде медициналық ұйымдарды қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу

2020 жылғы қыркүйек-қазан

ДСМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

Үкіметке ақпарат

талап етілмейді

7

COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне 2020 жылдың соңына дейін үстемеақы төлеу үшін қосымша қаражат бөлу

2020 жылғы қыркүйек-қазан

Қаржымині, ДСМ

Республикалық бюджет комиссиясының шешімі

РБ

8

Денсаулық сақтау шығыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлу (тұтыну көлемінің өсуі кезінде медициналық көмек көрсету үшін, дәрілік заттарды сатып алу, медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу және т. б.)

2020 жылғы
шілде-желтоқсан

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының мәслихаттарының шешімдері

ЖБ

10. Карантиндік шектеу шаралары енгізілген кезеңде қоғамдық құқық тәртібін тұрақтандыру жөніндегі шаралар

1

Электрондық үкімет порталының "электрондық өтініштер" сервисі арқылы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерге өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ету

2020 жылғы
шілде

ЦДИАӨМ, "ҰАТ" АҚ

қабылданған шаралар туралы ақпарат

талап етілмейді

2

Азаматтар мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамту
мәселелері бойынша www.egov.kz және / немесе enbek.kz веб-порталы арқылы қызметтерді алу мүмкіндігін ұсына отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарының жауапты қызметкерлерінің ұялы телефондары мен электрондық мекенжайларын орналастыра отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын онлайн режимге көшіру

2020 жылғы
тамыз

облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, Еңбекмині,
ЦДИАӨМ,
 

жергілікті атқару органдарының хаттамалық шешімі

талап етілмейді

3

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанына АӘК-ны тағайындауды өтінішсіз, автоматты түрде ұзарту

2020 жылғы
шілде

Еңбекмині,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

Еңбекминінің бұйрығы
 

талап етілмейді

4

Ай сайын мүгедектікті, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, сондай-ақ жеке оңалту бағдарламасын қайта куәландыру күнінен бастап үш айға автоматты түрде ұзарту
 

2020 жылғы
шілде

Еңбекмині
 

Еңбекминінің бұйрығы
 

талап етілмейді

5

COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын полиция күштерімен күзетуді, олардың орналасқан жерін белгілеуді қамтамасыз ету

үнемі

ІІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

өңірлік штабтардың шешімі

талап етілмейді

6

Әрбір білім беру ұйымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

2020 жылғы
шілде

БҒМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

ұсыныстар енгізу

талап етілмейді


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы


АӘК

-

атаулы әлеуметтік көмек

АТЖ

-

ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Әділетмині

-

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

ӘлМСҚ

-

Әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру қоры

БАҚ

-

бұқаралық ақпарат құралдары

БҒМ
БҒМ ҒК

-
-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті

ҚР БМСКҚ

-

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

БП

-

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

БҰҰ

-

Біріккен Ұлттар Ұйымы

ҒО

-

ғылыми орталық

ҒТБ

-

ғылыми-техникалық бағдарлама

ДДҰ

-

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ДСМ

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЕӘҚжКҚК

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті

ЖАО

-

жергілікті атқарушы органдар

ЖБ

-

жергілікті бюджет

ЖИ

-

жасанды интеллект

ЖҚҚ

-

жеке қорғаныш құралдары

ЖРВИ

-

жіті респираторлық вирустық инфекция

ЖОО

-

жоғары оқу орындары

ҒЗИ

-

ғылыми-зерттеу институты

ЗАЖ

-

зертханалық ақпараттық жүйелер

ИИДМ

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қаржымині

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҚДСҰО

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы

Қорғанысмині

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

МАЖ

-

медициналық ақпараттық жүйелер

МӘМС

-

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

КеАҚ

-

коммерциялық емес акционерлік қоғам

МСАК

-

медициналық-санитариялық алғашқы көмек

МКҚ

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі

МҚІА

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ПТР

-

полимераздық тізбекті реакция

РБ

-

республикалық бюджет

ОРС

-

операциялық реттеу стандарттары

ОЖЖ

-

өкпені жасанды желдету

СҚФ

-

"СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

СКП

-

санитарлық-карантиндік пункт

ТД

-

теледидар

ТКҚСҚБК АД

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

ТМККК

-

тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі

КҚК
"ҰАТ" АҚ

-
-

COVID-19 емдеу үшін инфекциялық стационарлардың кереует қорының қамтылу көрсеткіші
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

ҰСО

-

Ұлттық сараптама орталығы

ҰКП

-

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

ҮЕҰ

-

үкіметтік емес ұйымдар

ХҚКО

-

Халыққа қызмет көрсету орталығы

ЦДИАӨМ
ЭДСРО
ЭМ

-
-
-

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Электронды денсаулық сақтау республикалық орталығы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

ІІМ

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ІІО

-

ішкі істер органдары

COVID-19

-

COVID-19 коронавирустық инфекциясы
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады