Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және оған қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 – 2022 жылдарға арналған жедел іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тоқсан сайын,
тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Жоспардың орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
5. "Пандемия жағдайында қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 489 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 – 2022 жылдарға арналған жедел іс-қимыл жоспары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 781 қаулысымен бекітілген |
Р/с | Іс-шаралардың атауы | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар | Аяқталу нысаны | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі бақылау | |||||
1. |
Мыналардың: |
2021 жылғы қараша |
ЦДИАӨМ, ДСМ, ИИДМ, Қаржымині |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
2. | "ASHYQ" мобильді қосымшасын "COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасымен қатар қолдану мүмкіндігі мәселесін пысықтау | 2022 жылғы қаңтар | ЦДИАӨМ, ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
3. | "COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасын пысықтауды ескере отырып, ЕАЭО кедендік шекарасында көлік қатынасын жүзеге асыру кезінде профилактикалық шаралар бойынша талаптарды қамтитын ЕЭК-тің қолданыстағы актілеріне өзгерістер енгізу | 2022 жылғы ақпан | ДСМ, СИМ | ЕЭК актісі (ЕЭК алқасының әдістемелік ұсынымдары) | талап етілмейді |
4. | БМСД-ның 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағына келетін адамдарға қатысты шектеу шараларын белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2022 жылғы қаңтар | ДСМ | БМСД қаулысы |
талап етілмейді |
5. | Өткізу пункттерін (ЕАЭО елдерімен ішкі шекарада) санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті жабдықпен (тепловизорлар), интернет-байланыспен және үй-жайлармен жарақтандыру мәселесін пысықтау | 2021 жылғы желтоқсан |
ИИДМ, ДСМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша) |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
2. Эпидемияға қарсы іс-шаралар және ақпараттық жүйелерді дамыту | |||||
6. | ДСМ ҚДСҰО базасында нәтижелерді интеграциялай отырып, ДСМ және БҒМ зертханалары базасында Қазақстан Республикасының аумағында айналымда жүрген CОVID-19 штамдары мутациясының тоқсан сайынғы мониторингін (геномдық секвенирлеу әдісімен) қамтамасыз ету | тоқсан сайын | ДСМ, БҒМ |
Үкіметке ақпарат |
бөлінген |
7. |
Халық арасында SARS-CoV-2 ДЭТ-АГ пайдалануды ұйымдастыру және жүргізу алгоритмін әзірлеу және бекіту | 2021 жылғы қараша –желтоқсан | ДСМ | БМСД қаулысы | талап етілмейді |
8. | Халықтың дәріхана желісі арқылы SARS-CoV-2 ДЭТ АГ-ға қолжетімділігін қамтамасыз ету |
2022 жылғы | ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
9. | Білім беру ұйымдарында оқушылар арасында SARS-CoV-2 пайдалану мәселесін пысықтау |
2022 жылғы | ДСМ | БМСД қаулысы | талап етілмейді |
10. | Мониторингтік топтардың жұмысында және цифрлық шешімдердің мүмкіндіктерін пайдалануға баса назар аудара отырып, қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының қызметін шектеулерде жаңа тәсілдерді қарау | 2021 жылғы қараша |
ДСМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, облыстардың және |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
11. | КВИ, вакцинамен басқарылатын, аса қауіпті және жаңадан пайда болатын инфекциялар бойынша болжаудың және ден қоюдың ғылыми негізделген жүйесін құру | 2022 жылғы желтоқсан | ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
12. | Өңірлер бөлінісінде халықты вакцинациялаудың интерактивті картасын әзірлеу және енгізу | 2021 жылғы қараша | ДСМ, ЦДИАӨМ | интерактивті карта | талап етілмейді |
13. | Объектілер (меншік нысанына қарамастан өнеркәсіп, кәсіпкерлік, білім беру объектілері) тізбесін кеңейте отырып, "Ashyq" қосымшасын енгізуді кеңінен тарату | 2021 жылғы желтоқсан |
ДСМ, ЦДИАӨМ облыстардың және | БМСД қаулысы | талап етілмейді |
14. | Жақын және алыс шет елдермен вакцинациялау паспорттарын өзара тану | 2021 – 2022 жылдар | СІМ, ДСМ | ноталармен алмасу | талап етілмейді |
15. | COVID-19-ды популяциялық және шолғыншы эпидқадағалауды жүзеге асыру үшін АЖ енгізу | 2022 жылғы желтоқсан |
ДСМ, облыстардың және | мониторингтеу және байқау | талап етілмейді |
16. |
Қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде білім беру ұйымдарында желдету жүйелерінің тиімділігін қамтамасыз ету | тұрақты |
облыстардың және | ДСМ-ге ақпарат | талап етілмейді |
17. |
Вакцинациялау пункттерін, оның ішінде қоғамдық орындардағы, бейнебақылау камераларымен жарақтандыру | 2021 жылғы желтоқсан |
облыстардың және |
Үкіметке ақпарат | бөлінген қаражат шегінде (ЖБ) |
18. |
Медициналық ұйымдардағы вакцинациялау пункттерін компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету | 2021 жылғы желтоқсан |
облыстардың және |
Үкіметке ақпарат | бөлінген қаражат шегінде (ЖБ) |
19. |
Қоғамдық орындардағы вакцинациялау пункттерін медицина қызметкерлеріне арналған планшеттермен қамтамасыз ету (пациенттердің келісімге электрондық түрде қол қою мүмкіндігімен) | 2021 жылғы желтоқсан |
облыстардың және |
Үкіметке ақпарат | бөлінген қаражат шегінде (ЖБ) |
20. | ДСМ-нің "Вакцинациялау" АЖ-сын пациенттердің келісімге электрондық түрде қол қою мүмкіндігімен планшеттерде пайдалануға бейімдеу | 2021 жылғы қараша | ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
3. Вакцинациялаумен қамтуды кеңейту | |||||
21. | Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға жататын халықтың 60 %-ына дейін қамту | 2022 жылғы қаңтар |
ДСМ, облыстардың және |
Үкіметке ақпарат | бюджет қаражаты шеңберінде (болжамды сома: (2021жыл – 95892509 мың теңге ) |
22. | "Pfizer" өндірісінің вакциналарын жеткізуге дайындық іс-шаралары | 2021 жылғы қараша |
ДСМ, облыстардың және |
Үкіметке ақпарат |
бюджет қаражаты шеңберінде (болжамды сома: |
23. | Вакцинадан кейінгі жай-күйлердің мониторингін жүргізу | тұрақты |
ДСМ, облыстардың және | мониторингтеу | талап етілмейді |
24. | КВИ-ге қарсы вакцинациялау үшін қарсы көрсетілімдердің (медициналық себептермен кейінге қалдыру) тізбесіне толықтырулар енгізу | 2021 жылғы қараша | ДСМ | БМСД қаулысы | талап етілмейді |
25. | Медициналық ұйымдарда вакцинациялау туралы деректердің анықтығын қамтамасыз етуді есепке алуды, беруді және бақылауды қалыптастыру жүйесін қайта қарау | 2022 жылғы желтоқсан |
ДСМ, облыстардың және |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
26. | Жаңа деректер мен вакциналардың қолжетімділігін ескере отырып, вакцинациялауға жататын халық топтарын (12 жастан асқан балалар, жүкті әйелдер, лактация кезеңіндегі әйелдер) қайта қарау | 2021 жылғы қараша |
ДСМ, облыстардың және |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
27. | 12 жастан асқан балаларды, жүкті әйелдерді, лактация кезеңіндегі әйелдерді вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу | 2021 жылғы қараша – желтоқсан |
ДСМ, облыстардың және | БМСД қаулысы | талап етілмейді |
28. | Ревакцинациялау жүргізу әдіснамасын (алгоритмдерін) әзірлеу | 2021 жылғы қараша |
ДСМ, облыстардың және |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
29. | Жалған вакцинациялау паспорттары бар адамдарды вакцинациялау үшін ДСМ АЖ-да функционалды іске асыру | 2021 жылғы қараша – желтоқсан | ДСМ, ІІМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
30. | Халықтың нысаналы тобын ұлттық бағдарламаларға енгізілген барлық вакциналармен иммундаумен қамту | 2021– 2022 жылдардағы желтоқсан |
ДСМ, облыстардың және |
Үкіметке ақпарат |
бөлінген қаражат шеңберінде |
31. | Халық арасында вакцинациялау тиімділігін бағалау бойынша зерттеу жүргізу | 2021 – 2022 жылдардағы желтоқсан | ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
32. | Қажетті температуралық режимді қамтамасыз ететін тоңазытқыш жабдығының, оның ішінде тоңазыту жабдығы, салқын элементтері және құрғақ мұз бар рефрижераторлық үлгідегі контейнерлердің жеткіліктілігіне бағалау жүргізу және қажетті көлеммен қамтамасыз ету және қажетті жабдықпен (ДСБ қоймасынан егу кабинеттеріне дейін) қамтамасыз етілуді жақсарту жөнінде ұсыныстар беру | ай сайын |
облыстардың және | ДСМ-ге ақпарат | талап етілмейді |
4. Халыққа медициналық көмек көрсету, медициналық оңалту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету | |||||
33. | КВИ ағымы ауырлығының таралу деректерін мониторингтеу негізінде денсаулық сақтау жүйесінің көмек көрсетуге әзірлігін бағалау | тұрақты | ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
34. | Халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ-ды диагностикалау мен емдеудің жаңа технологияларын енгізу | тұрақты | ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
35. | КВИ-ды диагностикалау мен емдеудің, оның ішінде КВИ-мен ауырған пациенттерді медициналық оңалтудың клиникалық хаттамаларын өзектілендіру | қажет болғанда | ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
36. | КВИ бойынша нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсынымдарды өзектілендіру | қажет болғанда | ДСМ, кәсіптік қауымдастықтар (келісу бойынша), медициналық ЖОО (келісу бойынша) |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
37. | КВИ-мен ауырғаннан кейін пациенттерді медициналық оңалтумен қамтуды мониторингтеу | тоқсан сайын | ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
38. | КВИ-мен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде антикоагулянттық терапияның әртүрлі нысандарын қолдану және көктамыр тромбоэмболиясының даму тәуекелін айқындау бойынша шет елдердің тәжірибесін зерделеу |
жаңа ғылыми жариялымдардың пайда болуына қарай |
ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
39. |
Медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздік және медицина персоналын қорғау (аймақтандыру, бейнебақылау, визуализациялау) жөніндегі шаралардың сақталуын мониторингтеу | тұрақты |
облыстардың, | ДСМ-ге ақпарат | талап етілмейді |
40. | Бейіндер бөлінісінде аурухана төсектеріне оңтайлы қажеттілікті айқындай отырып, төсек қорын пайдалану тиімділігіне талдау жүргізу |
2022 жылғы қаңтар | ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
41. | Денсаулық сақтау объектілерінің шамадан тыс жүктемесіне жол бермеу: | тұрақты | ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
1) өңірлерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету; | талап етілмейді | ||||
2) амбулаториялық жағдайларда коронавирустық инфекцияны емдеу үшін ДЗ-мен қамтамасыз етілу мониторингі |
ДСМ, "МӘМС" КеАҚ (келісу бойынша) |
| |||
42. | COVID-19 пандемиясымен күресу шеңберінде тартылған медициналық кадрлармен қамтамасыз етуді мониторингтеу және талдау | тоқсан сайын | ДСМ |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
43. | COVID-19-бен күресуден алынған сабақтарды және халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды ұйымдастыру тәсілдерін бейімдеу |
2022 жылдың | ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
44. | COVID-19-дың ұзақ мерзімді салдарын клиникалық жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу | 2022 жылдың 1-жартыжылдығы | ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері | ДСМ-ге ақпарат | талап етілмейді |
45. | КВИ диагностикасы және оны емдеу хаттамаларына сәйкес КВИ-мен ауыратын пациенттерге арналған жедел медициналық көмек қызметін және реанимация бөлімшелерін жарақтандыруды мониторингтеу | тоқсан сайын | облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ | ДСМ-ге ақпарат | талап етілмейді |
46. | Ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту: ауылдық елді мекендерде, оның ішінде тірек және серіктес ауылдарда фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашу |
2021– 2022 жылдардағы желтоқсан | ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Үкіметке ақпарат | бөлінген қаражат шегінде (ЖБ) |
47. | Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын халықты жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды тарта отырып, медициналық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету |
2021– 2022 жылдардағы желтоқсан | ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Үкіметке ақпарат |
ТМККК және МӘМС |
48. |
Аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен, перзентханаларды – қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыруды мониторингтеу |
тоқсан сайын | ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
49. | Өңірлерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, оның ішінде жеке қорғану құралдарының азайтылмайтын запасының болуын мониторингтеу | апта сайын |
облыстардың, | ДСМ-ге ақпарат | талап етілмейді |
5. Коммуникациялық стратегия | |||||
50. | Таргеттік топтар үшін проблемалық аймақтарды, негізгі хабарламалар мен коммуникация арналарын айқындай отырып, "КВИ-мен күрес бойынша ақпараттық-түсіндіру науқанын іске асыру жөніндегі жол картасын" іске асыру | 2021– 2022 жылдардағы желтоқсан | АҚДМ, ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
51. | Медиа тұлғаларды, қоғам қайраткерлерін, ҮЕҰ-ны ақпараттық-түсіндіру жұмысына тарту, жеке профилактика және вакцинациялау шараларын ілгерілету | тұрақты | АҚДМ, ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
52. | Медицина қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы "Pfizer" вакциналарын қолдануға оқытуды жүргізу |
2021 жылғы | ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
53. | Коронавирустық инфекция пандемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар шеңберінде клиникалық хаттама бойынша COVID-19-дың диагностикасы және оны емдеудің өзекті әдістерін түсіндіру бойынша дәрігерлер мен ОМЖ үшін түсіндіру және оқыту іс-шараларын жүргізу | тоқсан сайын | ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері | Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
54. | Медициналық ЖОО-ны тарта отырып, коронавирустық инфекция пандемиясымен күрес бойынша "Ел үшін егілемін" азаматтық штабымен бірлесіп ақпараттық жұмыс жүргізу | тоқсан сайын | ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
55. | Нәтижелерін республика өңірлеріне жібере отырып, КВИ-ге қарсы вакцинациялау жүргізудің маңыздылығы бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді мониторингтеу | КВИ-ге қарсы вакцинациялау жүргізу кезеңінде |
ДСМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
56. | Егу кабинеттерінде КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын адамдар үшін ақпараттық-білім беру материалдарының (стендтер, плакаттар, кітапшалар, буклеттер және т.б.) қолжетімділігін қамтамасыз ету | КВИ-ге қарсы вакцинациялау жүргізу кезеңінде | ЖАО | ДСМ-ге ақпарат | талап етілмейді |
57. | КВИ-ге қарсы вакцинациялау жүргізудің қажеттілігі туралы телевизия мен әлеуметтік желілерге арналған әлеуметтік роликтер әзірлеу және орналастыру | күн сайын |
АҚДМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері | телевизия мен әлеуметтік желілердегі әлеуметтік роликтер | талап етілмейді |
58. | КВИ-ге қарсы вакцинациялау жүргізу мәселелері бойынша теріс материалдарға жедел ден қою, әлеуметтік желілерде уақтылы түсіндірме беру | КВИ-ге қарсы вакцинациялау жүргізу кезеңінде |
АҚДМ, | ДСМ-ге ақпарат | талап етілмейді |
6. Ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту | |||||
59. |
"QAZCOVAC-P" вакцинасын клиникалық зерттеу | 2021– 2022 жылдар | БҚПҒЗИ | ДСМ-ге клиникалық зерттеудің есебі |
бөлінген |
60. |
КВИ кезінде "Эфесовир" дәрілік затының тиімділігін клиникалық зерттеу | 2021– 2022 жылдар |
ИП ҒО | ДСМ-ге клиникалық зерттеудің есебі | ИП ҒО-ның меншікті қаражаты есебінен |
61. | COVID-19-бен ауыратын пациенттерді литий карбонатымен және фамотидинмен емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау | 2021– 2022 жылдар |
Назарбаев Университеті (келісу бойынша) | ДСМ-ге зерттеу есебі |
Назарбаев Университетінің |
62. | "Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы" ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру | 2021– 2022 жылдар | "С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ (келісу бойынша) | ДСМ-ге есеп |
013 "2021– 2023 жылдарға арналған денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" ББ (2021 жылға – 4061041,0 мың теңге, |
63. | КВИ-дің мутациясын ескере отырып, QazCovid-in вакцинасын түрлендіру жөніндегі шараларды іске асыру |
2022 жылғы | БҒМ, БҚПҒЗИ, ДСМ | Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
64. | Мутацияға ұшыраған штамдардың құрылымдары жөніндегі зерттеулермен жедел алмасу және өзіндік диагностикалық препараттарды әзірлеу үшін ДДҰ-мен және жетекші мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрліктерімен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл жасау | тұрақты | ДСМ | Үкіметке ақпарат | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АГ ДЭТ | – | антигенге диагностикалық экспресс-тест |
АЖ | – | ақпараттық жүйе |
АҚДМ | – | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
БАҚ | – | бұқаралық ақпарат құралдары |
ББ | – | бюджеттік бағдарлама |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
БМСД қаулысы | – | Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы |
БТҰО БТҚ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биотехнологиялар ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бюджеттен тыс қаражаты |
БҚПҒЗИ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны |
ҒТБ | – | ғылыми-техникалық бағдарлама |
ДДҰ | – | Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы |
ДЗ | – | дәрілік зат |
ДСБ | – | Денсаулық сақтау басқармасы |
ДСМ | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | |
ДСМ ҚДСҰО | – |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау |
ЕАЭО | – | Еуразиялық экономикалық одақ |
ЕАК | – | Еуразиялық комиссия |
ЖАО | – | жергілікті атқарушы органдар |
ЖБ | – | жергілікті бюджет |
ЖҚҚ | – | жеке қорғану құралдары |
ЖОО | – | жоғары оқу орны |
ЖРВИ | – | жіті респираторлық вирустық инфекция |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
ИП ҒО | – | "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
КеАҚ | – | коммерциялық емес акционерлік қоғам |
КВИ, COVID-19 | – | COVID-19 коронавирустық инфекциясы |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҚР | – | Қазақстан Республикасы |
ҚҰФ | – | Қазақстандық ұлттық формуляр |
МӘМС | – | міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру |
МБМ | – | мектепке дейінгі балалар мекемесі |
МСАК | – | медициналық-санитариялық алғашқы көмек |
Назарбаев Университеті | – | "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы |
ООО | – | орта оқу орны |
ОМЖ | – | орта медицина жұмыскері |
РФ | – | Ресей Федерациясы |
СИМ | – | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
СКФ | – | "СК-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
ТМККК | – | тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі |
ҮЕҰ | – | үкіметтік емес ұйым |
ҰҚК ШҚ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |