"Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 520 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2022 № 736 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасында:

      "Мемлекеттік бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:

      "Қаржыландыру көздері мен көлемдері" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемдері:
 

млрд теңге


2020
жыл

2021
жыл

2022
жыл

2023
жыл

2024
жыл

2025
жыл

Барлығы

РБ*

652,6

637,2

592,5

505,6

394,2

388,3

3 170,4

ЖБ*

32,6

32,6

32,2

28,9

29,1

28,9

184,3

Бюджеттен тыс қаражат

704,5

322,9

280,9

200,4

200,2

202,0

1910,9

Барлығы

1389,7

992,7

905,6

734,9

623,5

619,2

5 265,6

*Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау шамасына қарай нақтыланады.
 

      ";


      5.1.1-кіші бөлімде

      2-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган ҚТҚЖБ-ға өңірлер бойынша кредит беру лимиттерін көзделген санаттағы кезекте тұрғандардың санына қарай барабар бөлуді жеткізеді.

      ҚТҚЖБ көзделген санаттағы кезекте тұрғандардың төлем қабілеттілігін бағалауға өтініштер қабылдау туралы хабарландыру жариялайды және кезектілікке сәйкес тізімдерді қалыптастырады. Кезекте тұрған адамның тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылғанын растау және ҚТҚЖБ-ның тиісті мәртебесінің болуы Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялау арқылы анықталады.";

      3-тармақта:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖАО-да кезекте тұрған адамдарды тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюды және тиісті мәртебесінің болуын растауды ҚТҚЖБ Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы айқындайды.";

      алтыншы бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. "Шаңырақ" пилоттық жобасына қатысушыларға кредит беру

      "Шаңырақ" пилоттық жобасына қатысушыларға кредит беру үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ҚР ҰБ-ның еншілес ұйымынан алынған облигациялық қарыздың шеңберінде ҚТҚЖБ-ға 210 млрд теңге бөледі.

      "Шаңырақ" пилоттық жобасын іске асыру кезеңі: 2020 – 2022 жылдар.

      "Шаңырақ" пилоттық жобасына қатысушылар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (бұдан әрі ЖАО-да кезекте тұрған адамдар) бола алады.

      Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріне дейін табыстың болуы;

      3) төлем қабілеттілігін растау;

      4) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін және тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылғанын растау болып табылады.

      ЖАО-да кезекте тұрған адамдарды тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюды және тиісті мәртебесінің болуын растауды ҚТҚЖБ Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы айқындайды.

      ҚТҚЖБ төлем қабілеттілігін бағалауға өтініштер қабылдау туралы хабарландыру жариялайды және тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күні бойынша кезекте тұрғандардың тізімін қалыптастырады.

      Осы кіші бөлімнің 3-тармағында көзделген кредиттеу шарттарында балдық жүйе бойынша бұрын қалыптастырылған пулдар шеңберінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін сатып алатын Бағдарламаға қатысушыларды кредиттеуге жол беріледі.

      Тұрғын үйді өткізу тәртібі мен шарттары және бөлу осы Бағдарламаға және ҚТҚЖБ ішкі құжаттарына сәйкес белгіленеді.

      Қажетті құжаттар тізбесі ҚТҚЖБ ішкі құжаттарымен белгіленеді.

      Кредит беру шарттары:

      1) қарыздың мақсаты – бастапқы нарықтан тұрғын үй сатып алу (жеке құрылыс салушылардың тұрғын үйі, оның ішінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымының кепілдігімен қамтамасыз етілген тұрғын үй құрылысы объектілерінде, ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйі);

      2) сыйақы мөлшерлемесі жылдық – 5 % (бес пайыз);

      3) кредит беру мерзімі – 20 (жиырма) жылға дейін;

      4) ҚТҚЖБ-ның шотында бастапқы жарнаның болуы:

      алдын ала тұрғын үй қарыздары бойынша қарыз сомасының кемінде 10 % (он пайыз) мөлшерінде;

      аралық тұрғын үй қарыздары бойынша "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде;

      5) кепілдікпен қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй. Қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес келетін өзге мүлікті кепілге беруге жол беріледі;

      6) тұрғын үй жеке құрылыс салушылардан сатып алынған кезде қарыздың ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында – 18 млн теңгеден аспайды; Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында – 15 млн теңгеден аспайды; басқа өңірлерде – 12 млн теңгеден аспайды;

      7) ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйі бойынша қарыздың ең жоғары сомасы осы Бағдарламаның 5.1.2-кіші бөлімінде көзделген 1 шаршы метр құнының шекті мөлшерімен белгіленеді.

      ЖАО осы Бағдарламаның 5.1.3-кіші бөлімінде белгіленген шаралар шеңберінде ЖАО-да кезекте тұрған адамдарға бастапқы тұрғын үйдің белгіленген көлемін өткізуді жеке құрылыс салушылармен ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес келісуге құқылы.";

      5.1.3-кіші бөлімде:

      2.4-тармақ мынадай редакциядағы бөліктермен толықтырылсын:

      "ҚР ҰБ басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – Қайта қаржыландыру бағдарламасы) ЕДБ-ның, "БТА Банкі" АҚ-ның тарату комиссияларынан жеке тұлғалардың, бұрынғы тұрғын үй иелерінің (бұдан әрі – жеке тұлғалар) қарыздары бойынша берешекті өндіріп алу кезінде теңгерімге қабылданған кепіл тұрғын үйді "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымының сатып алуы тетігін қарастырады.

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы сатып алған тұрғын үй Жеке тұлғаларға Қайта қаржыландыру бағдарламасы мен осы Бағдарлама шарттарында сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға беріледі.";

      5.5.4-кіші бөлім мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Құрылыс материалдарының нарығын дамыту шеңберінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ірі құрылыс компанияларымен бірлесіп жаңа негізгі өндірісті құруды, сондай-ақ қолданыстағы өндірістік кәсіпорындарды жаңғыртуды жоспарлайды.";

      "6. Қажетті ресурстар" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қажетті ресурстар

      Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.

      Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемдері:

  млрд теңге


2020
жыл

2021
жыл

2022
жыл

2023
жыл

2024
жыл

2025
жыл

Барлығы

РБ*

652,6

637,2

592,5

505,6

394,2

388,3

3 170,4

ЖБ*

32,6

32,6

32,2

28,9

29,1

28,9

184,3

Бюджеттен тыс қаражат

704,5

322,9

280,9

200,4

200,2

202,0

1910,9

Барлығы

1389,7

992,7

905,6

734,9

623,5

619,2

5 265,6

      *Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітуіне және нақтылануына қарай нақтыланатын болады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады