"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 573 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазакстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №11, 120-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік комиссияның міндеті:

      1) Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру, теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мелшерінен асатын мемлекеттік ұйымдарды және ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдарын, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бәсекелес ортаға беруге жататын еншілес және тәуелді ұйымдарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты қайта пайдалану;

      2) экономиканың шетелдік капитал қатысуы ықтимал жекелеген секторларының тізбесін айқындау, сондай-ақ экономиканың осы секторларында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 %-тен астамын сату мәселелері бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу болып табылады.";

      б-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) экономиканың шетелдік капитал қатысуы ықтимал жекелеген секторларының тізбесін айкындайды және экономиканың осы секторларында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10%-тен астамын сату мәселелері бойынша ұсынымдық шешімдер шығарады;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады