"Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 601 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.06.2022 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 7, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;

      3) өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері жалпы санының кемінде 50%-ін бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – кеңес);";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) уәкілетті орган – индустриялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Комиссия);";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына жобаларды іріктеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Жобалар индустрияландыру картасына өтінімдердің түсуіне және олардың тиісті қаралуына қарай жылына кемінде бір рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен енгізіледі.

      Жобалар индустрияландыру картасынан жылына кемінде бір рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мынадай:

      1) бір жыл бойы кемінде қуаттар үздіксіз 70 % деңгейінде жүктелген;

      2) Бағдарламаны іске асыру кезеңінде шешілуі мүмкін емес проблемалар, оның ішінде форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларда алынып тасталады.

      62. Жобалар өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасына өтінімдердің түсуіне және олардың тиісті қаралуына қарай жылына кемінде екі рет өзектілендіру қорытындылары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулысымен енгізіледі.

      Жобалар өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасынан жылына кемінде екі рет өзектілендіру қорытындылары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулысымен мынадай:

      1) бір жыл бойы кемінде қуаттар үздіксіз 70 % деңгейінде жүктелген;

      2) Бағдарламаны іске асыру кезеңінде шешілуі мүмкін емес проблемалар, оның ішінде форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларда алынып тасталады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады