Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 903 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2023 № 903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларының 12-тармағының 7) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 29 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "7) жобаны іске асыру кезінде жер учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру қажет болған жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының бос жер учаскесінің және жер қойнауын пайдалану құқықтарының бар екенін растайтын хатының көшірмесі, сондай-ақ жобаны іске асыруға бөлінген алаңның орналасқан жерінің координаталарын (схемасын) және жоспарланатын ауданын көрсете отырып, жер учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын алдын ала таңдау актісінің көшірмесі.".

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 409 қаулысымен
бекітілген

Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай индустрияландыру картасы – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы;

      2) бірыңғай индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның, салалық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық холдингтер мен даму институттарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың қызметкерлері қатысатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін қарау мәселесі жөніндегі комиссия (бұдан әрі – штаб);

      3) жауапты мемлекеттік орган – өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган;

      4) жергілікті уәкілетті орган – кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында дамыту, үйлестіру, реттеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын, тиісті аумақта өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы;

      5) қарсы міндеттемелер – Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің және мемлекеттің өзара міндеттемелері;

      6) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістер құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

      7) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе – өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, инфрақұрылым мен Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға бағытталған құралдардың жиынтығы;

      8) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға, өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілетуге байланысты қызмет;

      9) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын, Заңға сәйкес жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары;

      11) өтінім беруші – жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

2-тарау. Жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібі

      3. Бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіп салаларындағы мемлекеттік ынталандыру шараларын алуды жоспарлайтын өнеркәсіптік-инновациялық жобалар енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 225 қаулысымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 225 қаулысымен.

      5. Уәкілетті орган, өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру шараларын қарау, келісу және ұсыну кезінде мынадай өлшемшарттардың бірін басшылыққа алуға міндетті:

      1) инновациялылық – жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді), технологияларды немесе процестерді одан әрі енгізуді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, оларды жасау арқылы қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталу;

      2) бәсекеге қабілеттілік – ұқсас өнеркәсіптік-инновациялық жобалармен салыстырғанда шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, жоғары сапасынан, өсіп келе жатқан сұранысынан және өзге де қасиеттерінен көрініс табатын бәсекелік артықшылықтар;

      3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту үшін өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру маңыздылығы;

      4) экспортқа бағдарлану – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің кемінде бір шет елге орнықты экспорттауда әлеуеттің болуы;

      5) еңбек өнімділігі – өндіріс көлемі мен өндіріске жұмсалған еңбек ресурстарының, жұмыс уақытының арақатынасы.

      6. Мемлекеттік ынталандыру шараларын алған жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңімен жүргізіледі:

      1) бірінші кезең – өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінен уәкілетті органға ақпарат беру;

      2) екінші кезең – жобаларды уәкілетті органда қарау.

      7. Бірыңғай индустрияландыру картасына мемлекеттік ынталандыру шараларын алуды жоспарлап отырған жобаларды енгізу кезең-кезеңімен жүргізіледі:

      1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті уәкілетті органда қарау;

      2) екінші кезең – жобаларды уәкілетті органда қарау.

      7-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген индустрияландыру картасында, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің 2022 жылғы 7 шілдені қоса алғанға дейінгі қаулыларымен бекітілген өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарында көзделген, іске асырылып жатқан жобалар осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерден өтпей-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.09.2022 № 725 қаулысымен.

3-тарау. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінен уәкілетті органға ақпарат беру

      8. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және/немесе қағаз жеткізгіштерде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық жобалар және/немесе кәсіпорындар бойынша ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) жібереді.

      Бұрын ұсынылған ақпарат өзгерген кезде өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері бұл туралы уәкілетті органды өзгерістер фактілері анықталған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Бірыңғай индустрияландыру картасында қамтылған ақпарат осы Қағидалардың 9, 10, 27 және 29-тармақтарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жаңартылады.

      Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға электрондық және/немесе қағаз жеткізгіштерде толтырылған ақпаратты жібереді.

      9. Уәкілетті орган өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінен алынған ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Жіберілген ақпарат сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктердің толық тізбесін көрсете отырып, ақпаратты өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне қайтарады.

      10. Ақпарат қайтарылған жағдайда өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктердің толық тізбесін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты пысықтайды және уәкілетті органның атына қайта жібереді.

4-тарау. Жобаларды жергілікті уәкілетті органның қарауы

      11. Өтінімдерді қабылдауды жергілікті уәкілетті орган тұрақты негізде жүзеге асырады.

      12. Өтінім беруші жобаны бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін тиісті өңірдің жергілікті уәкілетті органына мынадай құжаттарды электрондық және қағаз жеткізгіштерде қолма-қол ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны бірыңғай индустрияландыру картасына енгізуге арналған өтінім;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруші бекіткен жоба паспортының көшірмесі;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруші бекіткен жобаны іске асырудың жоспар-графигінің көшірмесі;

      4) жобаны қаржыландырудың пысықталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (ниеттер туралы меморандум және келісім және/немесе жобаны қаржыландыру туралы шешім);

      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба бойынша ақпарат;

      6) мынадай мәліметтерді қамтитын 1 парақтағы слайд-таныстырылым: жобаның атауы, жобаның мақсаты; өтінім беруші; іске асыру орны; іске асыру кезеңі; жобаның жалпы құны; қаржыландыру құрылымы; күтілетін нәтижелер; құрылыс және пайдалану кезеңінде жұмыс орындарын құру;

      7) жобаны іске асыру кезінде жер учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру қажет болған жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының бос жер учаскесінің және жер қойнауын пайдалану құқықтарының бар екенін растайтын хатының көшірмесі, сондай-ақ жобаны іске асыруға бөлінген алаңның орналасқан жерінің координаталарын (схемасын) және жоспарланатын ауданын көрсете отырып, жер учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын алдын ала таңдау актісінің көшірмесі.

      13. Жергілікті уәкілетті орган құжаттар осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда құжаттарды өтінім берушіге берілген күні қарамай қайтарады.

      14. Құжаттар қайтарылған жағдайда өтінім беруші жол берілген сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін қайта жүгінеді.

      15. Ескертулер болмаған кезде өтінім қабылданады, журналға тіркеледі, өтінімнің көшірмесі құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қойылып өтінім берушіге тапсырылады.

      16. Жергілікті уәкілетті орган өңірлік сараптаманы жүргізеді.

      Әрбір жобаға өңірлік сараптаманы жүзеге асыру мерзімі өтінім тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      17. Өңірлік сараптаманың қорытындысы мынадай құрылым бойынша жүзеге асырылады:

      1) жобаның коммерциялық бөлігінің пысықталу дәрежесі;

      2) жобаны іске асырудың негізгі бастапқы шарттарының болуы;

      3) инфрақұрылым мәселесінің пысықталуы;

      4) экологиялық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

      5) рентабельділік;

      6) өңірдің бағдарламалық құжаттарына сәйкес келуі;

      7) жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар.

      18. "Жобаның коммерциялық бөлігінің пысықталу дәрежесі" деген бөлімде жоба бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) өнімдерді/көрсетілетін қызметтерді өткізуді талдау, төлемге қабілетті сұраныстың болуы, нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;

      2) маркетингтік жоспардың пысықталу дәрежесін, болашақ өнімдерді/көрсетілетін қызметтерді өткізу арналарын бағалау.

      19."Жобаны іске асырудың негізгі бастапқы шарттарының болуы" деген бөлімде жоба бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) жобаны іске асыру үшін қажетті мәлімделген активтердің болуы (жер учаскесі, өндірістік база, негізгі және ақша қаражатының болуы, ауыртпалықтың/активтерге тыйым салудың болмауы);

      2) қаржыландыру құрылымының пысықталуын талдау, қаржы ұйымдарымен жобаны қаржыландыру туралы меморандумдардың/ келісімдердің болуы;

      3) шикізат көздерін, оны тасымалдау схемалары мен құралдарын талдау, шикізат берушілермен келісімдердің болуы, шикізаттың/дайын өнімнің оңтайлы/барынша көп қорларын сақтау үшін қоймалардың жайластырылуы;

      4) құрылыс және объектіні пайдалануға беру кезеңдерінде құзыретті менеджерлердің және мамандардың болуы;

      5) техникалық жабдықты пайдалану бойынша персоналды оқытудың қазіргі/жоспарланып отырған бағдарламасын талдау;

      6) өндіріс технологияларының баламалы нұсқаларын және жабдық берушілерді талдау; жабдықты жеткізу және монтаждау кестесі, инновациялық құрамдастың болуы; тиісті лицензиялар мен сертификаттардың немесе оларды алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының болуы.

      20. "Инфрақұрылым мәселесінің пысықталуы" деген бөлімде сыртқы және ішкі коммуникациялардың әзірлік дәрежесі, сондай-ақ қажетті мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары сипатталады.

      21. "Экологиялық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану" деген бөлімде жобаның экологиялық аспектілері, олардың қоршаған ортаға әсері, табиғатты қорғау іс-шараларының болуы, заманауи ресурс үнемдейтін және энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, баламалы энергия көздерін қолдану, өндірістің қоршаған ортаға теріс әсерін қысқарту жөніндегі шаралар сипатталады.

      22. "Рентабельділік" деген бөлімде жоба тиімділігінің қаржылық көрсеткіштерін талдау, өтелу мерзімі, IRR кірістіліктің ішкі нормасы, NPV таза дисконтталған кіріс көрсетіледі.

      23. "Өңірдің бағдарламалық құжаттамаларына сәйкес келуі" деген бөлімде мәлімделген жобаның өңірді дамытудың негізгі стратегиялық және жоспарлы құжаттарына сәйкес келуін талдау жүргізіледі.

      24. "Жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар" деген бөлімде жобаны сәтті іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі және оларды алу тетігі көрініс табады, сондай-ақ оң немесе теріс уәжді қорытынды не себептерін негіздей отырып, жобаны пысықтау туралы ұсыным беріледі.

      25. Өңірлік сараптаманың қорытындысы екі данада ресімделеді және ол өткізілген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бір данасы өтінім берушіге жіберіледі, біреуі жергілікті уәкілетті органда қалады.

      26. Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізуге үміткер жобалар бойынша жергілікті уәкілетті орган өңірлік сараптаманың қорытындысы ресімделген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде материалдарды уәкілетті органға жібереді.

5-тарау. Уәкілетті органның жобаларды қарауы

      27. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінен және жергілікті уәкілетті органдардан өтінімдердің түсуіне қарай, тоқсанына бір реттен сиретпей уәкілетті орган ақпаратты жүйелейді және штаб отырысында қаралатын бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу туралы ұсыныстар бар өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жалпы жинақтауды жүзеге асырады.

      28. Штаб негізгі параметрлерді енгізу, алып тастау және өзгерту, бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларының басымдықтарына жатқызу жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды, сондай-ақ бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыруға жауапты мемлекеттік органды айқындайды.

      29. Штаб материалдар келіп түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай:

      1) жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу туралы;

      2) жоба бойынша анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктердің толық тізбесін көрсете отырып, жобаны жергілікті уәкілетті органға пысықтауға қайтару туралы;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген бірыңғай индустрияландыру картасының өлшемшарттарына сәйкес келмеген кезде бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 225 қаулысымен.

      30. Хаттамалық шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оның көшірмесін жергілікті уәкілетті органдарға және жауапты мемлекеттік органдарға жібереді.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      31. Жобалар штабтың хаттамалық шешімі шыққан кезден бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде өткізілетін бірыңғай индустрияландыру картасын өзектілендіру қорытындылары бойынша енгізіледі. Бірыңғай индустрияландыру картасында қамтылатын ақпарат осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері ұсынған өзгерістерді штабтың қарауы нәтижелері бойынша тұрақты негізде жаңартылып тұрады.

      32. Жауапты мемлекеттік орган қарсы міндеттемелерді қабылдай отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жобаға өтінім берушіден алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісімді сұратады.

      33. Жауапты мемлекеттік орган бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобасының негізгі параметрлерін алып тастау немесе өзгерту қажет болған кезде материалдарды уәкілетті органға қарау үшін жібереді.

      34. Жобалар осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген өлшемшартарға сәйкес келмей қалған және жоба бастамашысы себептерін көрсетіп жобаны іске асырудан бас тартқан жағдайларда өзектілендіру қорытындылары бойынша бірыңғай индустрияландыру картасынан алып тасталады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 225 қаулысымен.

  Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық жобалар және (немесе) кәсіпорындар бойынша ақпарат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 225 қаулысымен.

Р/с №

Жобаның атауы

Жобаға өтінім беруші

ЭҚЖЖ

Орналасқан жері

Мемлекеттік ынталандыру шарасы түрінің атауы

Құндық мәнде көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шаралары, млн теңге

Пайдалану кезеңіндегі жұмыс орындары

Жобаның құны, млн теңге

Заттай мәндегі қуаты

Құндық мәндегі қуаты

Пайдалануға беру (жыл)

Қарсы міндеттемелер

Қарсы міндеттемелердің орындалуы

Қазіргі жағдайы

1















2















3















4















5















      "Мемлекеттік ынталандыру шараларын алған жобалар бойынша ақпарат нысанын" (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме:

      1) мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде нысанның 2, 8, 9, 10, 11, 12-бағандары тиісті ақпарат болған кезде толтырылады;

      2) нысанның 1-бағанында жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;

      3) нысанның 2-бағанында жобаның атауы көрсетіледі;

      4) нысанның 3-бағанында жобаға өтінім беруші немесе мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінім беруші көрсетіледі;

      5) нысанның 4-бағанында экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші көрсетіледі;

      6) нысанның 5-бағанында мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінім берушінің жобасы іске асырылатын облыс, қала, аудан, көше (бар болса), ғимараттың № (бар болса) немесе заңды мекенжайы көрсетіледі;

      7) нысанның 6-бағанында жоспарлатын мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы көрсетіледі;

      8) нысанның 7-бағанында құндық мәнде көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шаралары миллион теңгемен көрсетіледі;

      9) нысанның 8-бағанында жобалау құжаттамасына немесе жоба паспортына немесе мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға арналған өтінімге сәйкес пайдалану кезеңінде құрылған не жоспарланатын жұмыс орындарының саны көрсетіледі;

      10) нысанның 9-бағанында жоба инвестицияларының құны немесе көлемі миллион теңгемен көрсетіледі;

      11) нысанның 10-бағанында жобаның немесе жобалау құжаттамасына немесе жобаның паспортына немесе мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға арналған өтінімге сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінім берушінің заттай мәндегі қуаты өлшем бірліктерін көрсете отырып көрсетіледі;

      12) нысанның 11-бағанында жобаның жобалау құжаттамасына немесе жобаның паспортына сәйкес құндық мәндегі қуаты көрсетіледі;

      13) нысанның 12-бағанында жоба пайдалануға берілген жылы немесе пайдалануға беру жоспарланған жыл көрсетіледі;

      14) нысанның 13-бағанында жобаны мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде айқындалған қарсы міндеттемелер көрсетіледі;

      15) нысанның 14-бағанында жоба бастамашысының қарсы міндеттемелерді орындауы көрсетіледі;

      16) нысанның 15-бағанында жобаның ағымдағы жағдайы көрсетіледі;

      Нысанның көрсеткіштері нақты деректер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніне дейін қалыптастырылады.

  Өнеркәсіптік-инновациялық
  жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
  2-қосымша
  ______________________
  (облыс, қала)
  кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының басшысы
  ___________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жобаны бірыңғай индустрияландыру картасына енгізуге өтінім

      Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін:

      _________________________________________________________________

      (ұйым атауы)

      _________________________________________________________________

      ________________________________

      (жоба атауы)

      жобасы бойынша өтінімді тіркеуді сұраймын.

      Өтінімге мынадай құжаттарды қоса беремін:

      _________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      ______________________________________________

      Бірінші басшы: ____________________________________________________

      Қолы: ___________ М.О., толтырылған күні 20__жылғы "___"____________

      Әкімдіктің жауапты жұмыскері: _____________________________________

      Қолы: ___________, №____, қабылданған күні 20__жылғы "___"__________

      осы өтінімнің көшірмесі өтінім берушіге беріледі

      ________________

  Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
3-қосымша
  "БЕКІТЕМІН"
  _________________________
Өтінім берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса),
лауазымы
20__ жылғы " "

Жобаның паспорты

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 225 қаулысымен.

Р/с

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

1

2

3

4

1.

Жобаның атауы



2.

Жобаның түрі



1)

Жаңа жоба



2)

Қазіргі өндірісті жаңғырту




Қазіргі өндірістің қуат түрі




Қазіргі өндірістің жобалық қуаты



3.

Жобаның мақсаты



4.

Жобаның сатысы: (төмендегілердің бірін таңдау)



1)

Іске асырылуда



2)

Жоспарланып отыр



3)

Перспективалы



5.

Жобаны іске асыру орны:



1)

Облыс (анықтамалық)



2)

Қала (анықтамалық)



3)

Аудан (анықтамалық)



6.

ӘАОК коды (анықтамалық)



7.

Экономика саласы (анықтамалық)




ЭҚЖЖ коды (анықтамалық)



8.

Жауапты мемлекеттік орган, холдинг



9.

Жер учаскесінің болуы (бөлінуі) (иә, жоқ)



1)

Жер учаскесін бөлу талап етіледі (иә, жоқ)



2)

Учаскенің қажетті ауданы



9.1

Жобаны іске асыру үшін қажетті активтердің болуы (өндірістік база, негізгі және ақшалай қаражат)



9.2.

Инфрақұрылымның болуы



10.

Іске асыру мерзімі (ай, жыл саны)

ай, жыл – ай, жыл


1)

Іске асыру кезеңдері

ай, жыл – ай, жыл


11.

Құрылыстың басталуы (құрылысқа рұқсат алу)

ай, жыл


12.

Құрылыстың аяқталуы (пайдалануға беру туралы мемлекеттік акт)

ай, жыл



Пайдалануға берілгенін растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні



13.

Жобаның жалпы құны

млн теңге


14.

Негізгі өндірілетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер (атауы)



1)

Өнім түрі (6 белгілі СЭҚ ТН) 1-кезең



2)

Өнім түрі (6 белгілі СЭҚ ТН) 2-кезең



...

Өнім түрі …кезең



15.

Жылына жобалық қуаты:



1)

Заттай мәнде

өлшем бірлігі


2)

Құндық мәнде

млн теңге


16.

Құрылыс уақытындағы жұмыс орындарының саны

адам


17.

Пайдалану уақытындағы жұмыс орындарының саны

адам


1)

Оның ішінде бейінді бағыттағы мамандар



18.

Қаржыландыру құрылымы



1)

Меншікті қаражат, оның ішінде:

млн теңге



Отандық жеке инвесторлардың қаражаты

млн теңге



Тікелей шетелдік инвестициялар (жарғылық капиталға қатысу)

млн теңге



Мемлекеттің бақылауындағы ұйымдардың қаражаты (жарғылық капиталға қатысу)

млн теңге


2)

Қарыз қаражаты (лизингті қоса алғанда), оның ішінде:

млн теңге



Бас компаниялардың кредиттері

млн теңге



Отандық даму институттарының кредиттері

млн теңге



Екінші деңгейдегі банктердің (резиденттер) кредиттері

млн теңге



Ішкі облигациялық қарыздар

млн теңге



Бюджеттік кредиттер

млн теңге



Сыртқы қарыздар, оның ішінде:

млн теңге



Қаржы ұйымдарының (бейрезиденттер) кредиттері

млн теңге



Халықаралық даму институттарының кредиттері

млн теңге



Сыртқы облигациялық қарыздар

млн теңге



Өзге көздер



3)

Бюджет қаражаты, оның ішінде:

млн теңге



Республикалық бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы)

млн теңге



Жергілікті бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы)

млн теңге


19.

Өткізу нарығы:



1)

Ішкі нарық

%


2)

Экспортқа (елі)

%


3)

Өнімді өткізу бойынша келісімдердің болуы



20.

Жоба тиімділігінің көрсеткіштері:



1)

NPV

мың теңге


2)

Дисконтталатын мөлшерлеме

%


3)

IRR

%


4)

Өтелудің қарапайым мерзімі

жыл


5)

Өтелудің дисконтталатын мерзімі

жыл


21.

Жобаның инновациялылығы:

иә/жоқ


22.

Жобада қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің болуы

%


23.

Жобаны дайындау мен іске асырудың ағымдағы жай-күйі



24.

Шикізат (атауы, ел, тасымалдау құралы), шикізат жеткізіп берушілермен келісімнің болуы (компания атауы)



25.

Өндіріс технологиясы (қысқаша атауы)



26.

Жабдық (атауы, ел)



27.

Жабдықты жеткізіп беруші (компания атауы, жеткізіп беру уақыты, тиісті лицензиялардың және сертификаттардың болуы)



28.

Табиғатты қорғау іс-шарасы



Жобаға өтінім беруші жөніндегі мәліметтер


Заңды тұлғаның толық атауы



Заңды мекенжайы



Нақты мекенжайы



Телефон/факс/e-mail



ЖСН/БСН



Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі мен күні немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама


Инвестицияларды (күрделі салымдарды) игеру жоспары

Р/с

Атауы

20___ жыл

20___ жыл

20___ жыл

20___ жыл

20___ жыл

1

2

3

4

5

6

7


1-кезең






1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары







Жабдықтар







Өзге







2-кезең






2.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары







Жабдықтар







Өзге






Қаржыландыру жоспары

Р/с

Атауы

Барлығы

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

1

2

3

4

5

6

7

8


Барлығы, оның ішінде







1.

Меншікті қаражат








отандық жеке инвесторлардың қаражаты








тікелей шетелдік инвестициялар (жарғылық капиталға қатысу)








мемлекеттің бақылауындағы ұйымдардың қаражаты (жарғылық капиталға қатысу)







2.

Қарыз қаражаты








бас компаниялардың кредиттері








отандық даму институттарының кредиттері








екінші деңгейдегі банктердің (резиденттер) кредиттері








ішкі облигациялық қарыздар








бюджеттік кредиттер








қаржы ұйымдарының (бейрезиденттер) кредиттері








халықаралық даму институттарының кредиттері








сыртқы облигациялық қарыздар







3.

Өзге көздер







4.

Бюджет қаражаты, оның ішінде:








республикалық бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы)








жергілікті бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы)







Заттай мәндегі жобалық қуатқа шығу жоспары

Р/с

Атауы

Өлш. бірл.

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__жыл

20__жыл

1.

1-кезең








Қуат түрі








Қуат түрі







2.

2-кезең








Қуат түрі








Қуат түрі







Ақшалай мәндегі жобалық қуатқа шығу жоспары

Р/с

Атауы

Өлш. бірл.

20__жыл

20__жыл

20__жыл

20__жыл

20__жыл

1.

1-кезең








Қуат түрі








Қуат түрі







2.

2-кезең








Қуат түрі








Қуат түрі







Экспорттың заттай мәндегі жоспарлы көлемі

Р/с

Атауы

Өлш. бірл.

20__жыл

20__жыл

20__жыл

20__жыл

20__жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

1-кезең








Экспортталатын тауардың түрі (анықтамалық)








Экспортталатын тауардың түрі







2.

2-кезең








Экспортталатын тауардың түрі (анықтамалық)








Экспортталатын тауар түрі







Жұмыскерлер мен мамандарға болжамды қажеттілік туралы

Р/с №

Кәсіптің (лауазымның) атауы

ҚМК базалық тобының коды (анықтамалық)

Жұмыскерлерге қажеттілік (адам)

Талап етілетін білім деңгейі (тізім)

Талап етілетін біліктілік деңгейі (тарифтік разряд, санат) (тізім)

20_

20_

20_

20_

1.








2.








3.








Жобаның жоспарлы нысаналы көрсеткіштері (іске асырылып жатқан жобалар үшін)

Р/с

Атауы

Өлш.бірл.

Жыл

20….

20….

20….

20….

20…

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Отын-энергетика ресурстарына қажеттілік, оның ішінде:








Электр энергиясы

кВт.сағ







Жылу энергиясы

Гкал







Газ

жылына/мың м3







Көмір

жылына/тонна







Мұнай өнімдері (мазут, дизотын)

тонна







Су

жылына/м3






2.

Инфрақұрылымға қажеттілік, оның ішінде:








Электр желілері

ҚС мВт







Жылу желілері

км







Су құбыры желілері

км







Кәріз желілері

км







теміржол инфрақұрылымы (магистральдық теміржол желісі, кірме жолдар)

км







Автомобиль жолдары

км






3.

Көлік (қосымша көрсетілетін қызметтерге қажеттілік)








Жүк тасымалдау көлемі

мың тонна







Теміржол көлігімен

мың тонна







Су, теңіз көлігімен

мың тонна






  Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
4-қосымша
"БЕКІТЕМІН"
  _______________________
  өтінім берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса),
лауазымы
20__ жылғы "___"_________

Жобаны іске асырудың жоспар-графигі

Р/с

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

1.

*


2.



3.



           *Мысалы:

           1) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

           2) құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде іске қосу кешендері бойынша;

           3) пайдалануға беру, оның ішінде іске қосу кешендері бойынша;

           4) жобалық қуатқа шығу.

  Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
5-қосымша
  "БЕКІТЕМІН"
  ___________________________
Өтінім берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса),
лауазымы
20__ жылғы " "

Өнеркәсіптік-инновациялық жобалар үшін жоба бойынша ақпарат

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 225 қаулысымен.

      1. Жобаның түйіндемесі.

      2. Саланың сипаты.

      3. Өнімді өткізу жөніндегі жобалар мен жоспарлар.

      4. Жобаны іске асыру жоспары.

      5. Қаржылық жоспар мен болжамдар.

      6. Тәуекелдер мен тәуекелді төмендететін факторлар.

      7. Әлеуметтік аспект.

      8. Қоршаған ортаға әсері.

      9. Қосымшалар.

1. Жобаның түйіндемесі

      Түйіндеме жобаға қысқаша шолуды білдіреді және үш парақтан аспайтын көлемде ұсынылған бөлімдердің ішінде неғұрлым маңыздысы болып табылады.

      1. Түйіндеме мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) жобаның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттары, жеке өңірге де, тұтас ел экономикасына да мультипликативтік әсері, жобаның өтелу кезеңіне дейінгі ақша ағынының болжамы;

      2) инвестицияларға қажеттілік, қаржыландыру құрылымы және көздері, капитал салымдарын қайтарудың есеп-қисабы, болжамды кепілді қамтамасыз ету тізбесі және олардың нарықтық құны (қажет болған кезде бағалау күнін көрсету);

      3) жобаны іске асыру кезінде қандай тәуекелдер және қандай сыйақылар туындауы мүмкін;

      4) компанияның қысқаша сипаты;

      5) жобаны іске асыру үшін активтердің (жер учаскелері, өндірістік базалар және т.б.) болуы.

2. Саланың сипаты

      1. Саланың сипаты:

      1) саланың экономикалық секторын айқындау (өндіріс, бөлу, көрсетілетін қызметтер және т.с.с.);

      2) өнеркәсіптің осы саласы ұсынатын негізгі өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      3) кәсіпорын жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуі болжанатын нарық сегментінің сипаттамасы;

      4) қазіргі негізгі клиенттердің сипаттамасы;

      5) әлеуетті клиенттердің сипаттамасы.

3. Өнімді өткізу жөніндегі жоба мен жоспарлар

      3. Өнімнің сипаты:

      1) өнімнің осы түрін таңдау негіздемесі;

      2) өнімнің даму кезеңдері (идея, эскиздік жоба, жұмыс жобасы, тәжірибелік партия, қолданыстағы сериялық өндіріс).

      4. Өнім нарығының сипаттамасы:

      1) сұраныс пен нарық мүмкіндіктерін айқындау;

      2) нарықтың ағымдағы үлесі, жобаны іске асырумен тікелей немесе жанама байланысты болжамды өзгерістер;

      3) негізгі үрдістер мен нарықтың даму бағыттары (экспорттық әлеует).

      5. Шикізат, материалдар нарығын және өндірістің өзге де факторларын зерттеу мен талдау:

      1) өндірістің шикізаттық және өзге де факторларының сипаттамасы;

      2) шикізатқа, материалдарға және өндірістің өзге де факторларына қолжетімділік (шикізат, материалдар және өндірістің өзге де факторлары үшін есеп айырысу тәртібі);

      3) жабдықтау бағдарламасы (жобаның жұмыс істеуінің әрбір жылына, іркіліссіз жабдықтау кепілдігі мақсатында шикізатты жеткізу жөніндегі іс-шаралар);

      4) жеткізіп беру бағдарламасы (әрбір жылға);

      5) еңбек өнімділігі (өндіріс жаңғыртылған жағдайда).

      6. Өнімді өткізу бағдарламасы:

      1) бағаны есептеу және негіздеу, баға белгілеу;

      2) өнімнің өзіндік құнын есептеу;

      3) сату бағдарламасы (жобаны іске асырудың әрбір жылына);

      4) сатудан күтілетін кіріс (әрбір жыл бойынша);

      5) өткізуді ынталандыру.

      7. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі:

      1) негізгі бәсекелестер (атауы және қысқаша сипаты), олардың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері, нарықта иеленетін үлесі;

      2) қолданылатын технологияларды салыстырмалы талдау;

      3) негізгі бәсекелестердің бағаларын салыстырмалы талдау;

      4) маркетинг және тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) бөлу стратегиясын салыстырмалы талдау.

      8. Жобаны орындаудың заңнамалық және нормативтік базасы:

      1) лицензия не рұқсат алу қажеттігі;

      2) халықаралық ұйымдардың, республикалық және жергілікті басқару органдарының жобаның іске асырылуын шектеуі/қолдауы;

      3) қажетті рұқсат беру құжаттарының болуы.

4. Жобаны іске асыру жоспары

      9. Орналасқан жері (жоба орналасқан жерді таңдауға ықпал еткен негізгі факторларды көрсету):

      1) шикізат көздері мен оны берушілерге қатысты орналасуы;

      2) өнімдерді (көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға қатысты орналасуы;

      3) таңдап алынған алаңның кәсіпорынның өндірістік қуатына сәйкес келуі (жоба іске асырылатын алаңдағы объектілерді, оның ішінде ғимараттарды, құрылыстарды (паспорттық деректері, жай-күйі), құрылысжайларды (эстакадаларды, жерасты сақтау орындарын, ұңғымаларды және т.б.) қысқаша сипаттау).

      10. Инфрақұрылым:

      1) электрмен жабдықтау – электр жүктемесі (мВт), электр тұтыну (мың кВт/сағ), электр желісіне жалғауға техникалық шарттардың болуы, электр желілері (шаршы/км), қосалқы станциялар (дана/МВА), инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру көзі;

      2) жылумен жабдықтау – дербес көздер мен алаңішілік желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;

      3) сумен жабдықтау – дербес көздер мен алаңішілік желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;

      4) кәріз – дербес жинақтағыштар мен алаңішілік желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;

      5) сарқынды су ағызу, тазарту әдістері, сарқынды сулардың сапасы, ағызып жіберу шарттары, қазіргілерін пайдалану немесе заманауи тазарту құрылысжайларын салу;

      6) газбен жабдықтау – тарату құрылғылары мен алаңішілік желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;

      7) автожолдар – алаңішілік өтпежолдардың болуы, жай-күйі және ұзындығы;

      8) теміржолдар – тұйықтың болуы, жай-күйі және ұзындығы;

      9) жүк және жолаушы терминалдары;

      10) абаттандыру объектілері;

      11) басқа коммуникациялар;

      12) шикізатты өндірістік алаңға жеткізу (алу) және оны сақтау тәсілі.

      11. Технологиялық процестің сипаты:

      1) технологияны таңдау негіздемесі (әлемдік стандарттарға сәйкес келуі, қазіргі аналогтарымен салыстыру, жаңашылдығы және/немесе Қазақстандағы немесе шетелдегі басқа жобаларда сынақтан өтуі);

      2) таңдалған технологияның сипаты (практикада қолданылатын өнімдерді өндіру технологияларының нұсқаларын сипаттау, іске асырылатын жоба үшін нақ осы технологияны таңдауға негіз болған техникалық өлшемшарттарды және балама нұсқалардың ауытқуын көрсете отырып, өнімдер өндірісінің қазіргі нұсқаларының негізгі жетістіктері мен кемшіліктеріне салыстырмалы талдау жүргізу);

      3) технологияны сатып алуға шығындар (лицензиялар, патенттер, құқықтар, тұрақты төлемдер және басқалары);

      4) өндірістік қуаттың негіздемесі;

      5) кәсіпорын қуатын игеру серпіні;

      6) технологиялық және өзге жабдық пен техниканың болуы және қажеттілігі, оларды сатып алу шарттары (қолда бар техника мен жабдықтың тізбесі, олардың ағымдағы жай-күйі, қажетті жабдық пен техниканың тізбесі, бәсекеге қабілетті бағасы, пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық үйлесуі, жабдықты жеткізудің әртүрлі нұсқаларын салыстырмалы талдау);

      7) жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылысжайларға, коммуникацияларға қажеттілік.

      12. Жобаны басқару және кадрларды орналастыру:

      1) жобаны басқару құрылымы;

      2) жұмыскерлер саны және кадрларды орналастыру;

      3) еңбек ресурстарына және оқытуға қажеттілік.

5. Қаржылық жоспар мен болжамдар

      15. Қаржыландыру және төлемдер графигі:

      1) аванстық төлемді енгізу мерзімі;

      2) сақтандыру және комиссиялық төлемдердің мерзімі;

      3) негізгі қарызды қайтару және олар бойынша пайыздарды төлеу графигі.

      16. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу және шығындар сметасы.

      17. Сатудан түскен кірістердің баптарын толық жазу (ай сайын шығарылатын өнімнің әрбір түрі бойынша өткізу көлемін көрсете отырып); маусымдық ауытқу болған кезде оларды ескеру.

      18. Пайда мен залал туралы есепті болжау.

      1) шығындардың ірі баптары бойынша түсініктеме беріледі;

      2) дайын өнімді өткізу және шикізат сатып алу бағасы мен көлемінің маусымдық ауытқуы ескеріледі.

      19. Қаржылық бағалаудың қарапайым тәсілдерінің көмегімен жобаны талдау:

      1) жобаның өтелуінің қарапайым мерзімі;

      2) пайданың қарапайым нормасы (жоба іске асырылатын әр жылы және тұтас жоба бойынша);

      3) рентабельділік, өтімділік және айналымдылық көрсеткіштерін талдау.

      20. Белгісіздік жағдайларындағы талдау:

      1) сезімталдықты талдау (өндіріс көлемдері төмендеген кездегі жобаның тұрақтылығын, өткізу бағасын, шығындар сомасының ұлғаюын талдау);

      2) залалсыздықты талдау (жылына есептегенде заттай және ақшалай мәндегі залалсыздық нүктесін айқындау).

6. Тәуекелдер мен тәуекелді төмендететін факторлар

      Ресурстар тәуекелі, маркетингтік тәуекел, басқарушылық тәуекел, операциялық-өндірістік тәуекел, салалық тәуекел, құқықтық тәуекел, елдік және өңірлік тәуекелдер, жобаны аяқтау тәуекелі және басқалары:

      1) тәуекелдің негізгі факторлары;

      2) өзгерістердің болжамды сипаты мен диапазоны;

      3) тәуекелдерді төмендету мен басқару жөніндегі болжанатын іс-шаралар, оның ішінде қажетті мемлекеттік ынталандыру шаралары.

7. Әлеуметтік аспект

      1) өңірдегі әлеуметтік-мәдени және демографиялық жағдайдың сипаттамасы;

      2) жобаның халықты жұмыспен қамтуға, біліктілікті арттыруға, білім беруге ықпалы және т.с.с.

8. Қоршаған ортаға әсері

      1) қоршаған ортаға қолайсыз әсер етудің барлық болжанатын әсерлерін айқындау және қысқаша мазмұндау;

      2) әрбір іс-шараның техникалық аспектісін ол қарсы бағытталған теріс әсермен қоса сипаттау;

      3) жоба шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру графигі;

      4) жобаның жалпы құнына шамамен алғандағы сметаларды және теріс әсер етуді шектеу жөніндегі іс-шараларды іске асырумен байланысты бастапқы салымдарды, сол сияқты ағымдағы шығыстарды қаржыландыру көздерінің тізбесін енгізу;

      5) жоба технологиясының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкес келуі.

      Қосымшалар

      Қосымшаларда жоба бойынша ұсынылған мәліметтерді растай алатын немесе анағұрлым толық түсіндіре алатын құжаттар қамтылады, оларға мыналар кіруі мүмкін:

      1) кәсіпорын немесе жоба басшыларының құзыреті мен жұмыс тәжірибесін растайтын өмірбаяндары;

      2) маркетингтік зерттеулердің нәтижелері;

      3) аудиторлардың қорытындылары;

      4) өнім үлгілерінің фотосуреттері немесе бейнеролигі;

      5) өнімнің толық техникалық сипаттамалары;

      6) кәсіпорының жоспары;

      7) кепілдік хаттар немесе өнім берушілермен және оны тұтынушылармен жасалған келісімшарттар;

      8) жалға беру, жалдау шарттары, лицензиялық келісімдер;

      9) экология және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекеттік қадағалау қызметтерінің қорытындылары;

      10) журналдар мен газеттердегі кәсіпорынның қызметі туралы мақалалар.

  Өнеркәсіптік-инновациялық
  жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
6-қосымша

Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісім (жобаға өтінім берушінің бланкісінде толтырылады)

      ______________________________________________________________

      (өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің толық атауы)

      жауапты мемлекеттік орган, уәкілетті орган – ______________________
(органдардың атауы)

      мынадай нысандар бойынша:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ___________________________________________________ кезең үшін

      __________________________________ көрсеткіштері бойынша

      алғашқы статистикалық деректерді ашуға келісім береді.

      Жобаға өтінім берушінің басшысы

      ______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын
құжатта көрсетілсе)

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 409 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысы.

      2. "Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 786 қаулысы.

      3. "Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлердің кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 601 қаулысы.

      __________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады