"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 721 қаулысы.

      2020 жылғы 30 қазанда "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 721 қаулысы қабылданды (бұдан әрі - Қаулы)

      Қаулы "Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Қазақстан халқына Жолдауын орындау бойынша іс-шаралар жөніндегі" Мемлекет басшысының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау үшін әзірленді.

      Қаулымен экономиканың барынша зардап шеккен салаларындағы микро, шағын және орта бизнес субъектілері үшін еңбекке ақы төлеу қорынан бюджеттен тыс қорларға әлеуметтік аударымдарды тоқтату көзделген, бұл жоғарыда аталған бизнес субъектілері үшін қолдау болады.

      Осылайша, осы Қаулымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есептеу (есепке жазу) кезінде 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін "0" түзету коэффициентінің қолдану кезеңі ұзартылады, жеке кәсіпкерлердің өздері үшін "өз пайдасына" төлейтіндерін қоспағанда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз