Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
Жоба |
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республнкасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 44-құжат; 1999 ж., № 10, 344-құжат; 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2007 ж., № 12, 84-құжат; 2014 ж., № 19-1, 19-11, 93-құжат; 2017 ж. № 12, 33-құжат, № 14, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 21-1-бап алып тасталсын;
2) 22-баптың 2-2-тармағының бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"2-2. Министрліктің құрылымы және құрылымдық бөлімшелерінің ережелері министрмен бекітіледі.";
3) 24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ведомствоның құрылымы тиісті орталық атқарушы органның басшысымен бекітіледі. Ведомствоның құзыретін және оның өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін осы ведомство құрылымына кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.".
2-бап. Осы Конституциялық Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |