"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 731 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжат; № 12,82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар, 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 12, 61, 63-құжаттар; 2020 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 30 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 6 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      63-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның бірінші басшысы не аппарат басшысы мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.".

      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88-құжат, 91; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44, 46-құжаттар; № 12, 63-құжат; 2020 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-бапта:

      42) тармақтағы "124 (жас балаларды азғындық жолға түсіру)" деген сөздерден кейін "134 (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту), 144 (кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту), 132-баптың екінші және үшінші бөліктерінде (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 46-бапта:

      бесінші бөлікте:

      2) тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде бас бостандығынан айыруды өтеу тағайындалмайды;".

      3) тармақтағы "аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған еркектерге;" деген сөздерден кейін "кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған еркектерге;" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 50-бапта:

      екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 132-бабының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде, 133-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады.";

      4) 55-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "8. Осы баптың ережелері он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған адам осындай қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.";

      5) 73-бапта:

      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған адам осындай қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды.";

      6) 78-бапта:

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Рақымшылық жасау туралы акт он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған адам осындай қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған адамдарға қатысты қолданылмайды.";

      7) 93-бапта:

      бірінші бөліктің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеуді және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімдікті және сексуалдық ұнатудағы ауытқуларды емдеуді тағайындауы мүмкін.";

      8) 120-бапта:

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзацтың 6) тармағы алып тасталсын;

      3-1-бөлікте:

      бірінші абзацтың 2) тармағы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) қылмыстық топ жасаса, –";

      екінші абзацтағы "он екі" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-2-бөлікте:

      бірінші абзацта:

      2) тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын;

      "3) кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаса, –";

      төртінші бөлікте:

      бірінші абзац "жас балаға қатысты жасалса" деген сөздерден кейін "не абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 121-бапта:

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзацтың 6) тармағы алып тасталсын;

      3-1-бөлікте:

      бірінші абзацта:

      2) тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) қылмыстық топ жасаса, –";

      екінші абзацтағы "он екі" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-2-бөлікте:

      бірінші абзацта:

      2) тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаса, –";

      төртінші бөлікте:

      бірінші абзац "жас балаға қатысты жасалса," деген сөздерден кейін "не абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса –" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 122-бапта:

      бірінші бөлікте:

      екінші абзацтағы "бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      екінші абзацтағы "он" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      екінші абзацтағы "он жылдан он бес" деген сөздер "он екі жылдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 123-бапта:

      бірінші бөлікте:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөлікте:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жетіден он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады";

      12) 124-бапта:

      бірінші бөлікте:

      екінші абзацтағы "бес жылдан он" деген сөздер "жеті жылдан он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      екінші абзацтағы "жеті жылдан он екі" деген сөздер "он жылдан он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      екінші абзацтағы "он жылдан он бес" деген сөздер "он екі жылдан он жеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 144-бапта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126,129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат, 102; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44-құжат; № 12, 63-құжат; 2020 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 52-бапта:

      бірінші бөліктің 5) тармағындағы "қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қаурауды – сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен жүзеге асырады." деген сөздер "қылмыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:

      "6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарауды сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен жүзеге асырады.";

      2) 321-бапта:

      төртінші бөліктің 5) тармағындағы "қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды." деген сөздер "қылмыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:

      "6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.";

      3) 631-бапта:

      бірінші бөліктің 5) тармағындағы "қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды." деген сөздер "қылмыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:

      "6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.";

      екінші бөліктің 5) тармағындағы "қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қаратуға құқығы бар." сөздер "қылмыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:

      "6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қаратуға құқығы бар.".

      4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; 2020 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 26-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды;";

      2) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтық қызметке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа кірген кезде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.";

      3) 52-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жұмыскермен еңбек шарты мынадай жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуға жатады:

      Қазақстан Республикасының азаматы – квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысында, оның орынбасарында, алқалы басқару органының мүшесінде шетел мемлекеті азаматтының болуы;

      2) квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы.";

      4) 53-бап мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:

      "11. Осы Кодекстің 52-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органының немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының ұсынуы негізінде жүргізіледі.

      12. Осы Кодекстің 52-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу мынадай негізде жүргізіледі:

      1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі;

      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық істі қысқарту туралы заңды күшіне енген сот қаулысы немесе прокурор бекіткен қымыстық қудалау органының қаулысы.";

      5) 54-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1), 18) 20) және 23) тармақшаларында және 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі және еңбек демалысында болған кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.".

      5. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):

      6-бапта:

      бірінші бөліктегі "бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес соттылық мерзімі өтелгенге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат, № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 23, 108-құжат):

      24-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не аппарат басшылары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.".

      7. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 22-II, 148-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2017 ж., № 12, 37-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 21-22, 91-құжат):

      1) 9-баптың 2-тармағының сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыртқы істер министрлігінде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді.";

      2) 11-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқаратын дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне берілуі мүмкін.".

      8. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-II, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 жылғы 6 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Объективтілік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:

      1) мемлекеттік аудит объектісі басшысының, аппарат басшысының, бас бухгалтерінің немесе олардың өкілеттіктерін жүзеге асырған өзге де адамның, құрылтайшысының, қатысушысының немесе акционерінің жақын туыстары, жекжаттары немесе сенім білдірілген адамдары болып табылатын;

      2) мемлекеттік аудит объектісінде жұмыс істеген не тексерілетін кезеңде басшының, аппарат басшысының, бас бухгалтердің немесе олардың өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де адамның, мемлекеттік аудит объектісі құрылтайшысының, қатысушысының немесе акционерінің жақын туыстары, жекжаттары немесе сенім білдірілген адамдары болып табылатын;

      3) мемлекеттік аудит объектісінің құрылтайшылары, қатысушылары немесе акционерлері, лауазымды адамдары арасынан шыққан, онда жеке мүліктік мүдделері бар мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуіне тыйым салынады.".

      9. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 6 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады, аппарат басшысына, ал сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын немесе аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.";

      3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшыларының және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері

      1. Орталық мемлекеттік органдардың аппараттарын тиісті орталық мемлекеттік органның басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын аппарат басшылары басқарады.

      2. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшыларының өкілеттіктеріне:

      1) мемлекеттік органға жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастыру;

      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;

      3) мемлекеттік органның, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      4) орталық мемлекеттік органның басшысымен келісілгеннен кейін тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілген орталық мемлекеттік органның штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның штат санын бекіту;

      5) орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру

      жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      6) құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде әзірленген операциялық жоспарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда мемлекеттік органның перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекіту, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      7) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, орталық мемлекеттік орган басшысының келісуі бойынша орталық мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органның департаменттері мен дербес басқармаларының басшыларын, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;

      8) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда орталық мемлекеттік орган басшысының ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауын келісу;

      9) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындау;

      10) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, орталық мемлекеттік орган басшысының келісуі бойынша аумақтық бөлімшелердің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;

      11) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдарды, сондай-ақ еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органның жұмыскерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;

      12) мемлекеттік органның тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;

      13) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      14) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;

      15) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;

      16) мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының функцияларын орындау;

      17) орталық органның бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз ету, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін орталық мемлекеттік органның басшысына ұсыну, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындау;

      18) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      19) мемлекеттік органның мемлекеттік саяси қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылау;

      20) аппарат басшысына жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін аппарат басшысы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.

      3. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

      4. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшыларына, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшыларына орталық мемлекеттік органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының) бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының міндеттерін жүктеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың аппарат басшыларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының міндеттерін орталық мемлекеттік органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының) бірінші басшыларына және олардың орынбасарларына жүктеуге жол берілмейді.

      5. Құқық қорғау органдарының аппараттары басшыларының өкілеттіктерін олардың бірінші басшылары айқындайды.

      6. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лауазымдық өкілеттіктердің орындалуына дербес жауапты болады.";

      4) 15-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) республикалық маңызы бар ірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірінші басшы лауазымын немесе бірінші басшыдан кейін келесі төмен тұрған лауазымды кемінде екі жыл атқарып жүрген немесе атқарған адамдар;";

      5) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

      Азаматтарды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауды осы мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам уәкілетті комиссиямен келісу бойынша конкурс өткізбестен жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Президенті тағайындауды уәкілетті комиссиямен келіспей өзі жүзеге асыратын "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына азаматтарды тағайындайды және оларды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынан босатады.";

      6) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі хатшысының – Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы жүргізеді.";

      7) 41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қызметті өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік саяси қызметшілерді және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін ротациялау деп оларды тиісінше бос немесе уақытша бос мемлекеттік саяси лауазымдарға және "А" корпусының мемлекеттік лауазымдарына не мемлекеттік саяси қызметшілер мен "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсініледі.

      Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін ротациялау деп бос "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға не "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсініледі.";

      8) 54-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк орган басшысының не аппарат басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiлер өздерінің келісімімен жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылуы мүмкiн. Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлігі мемлекеттік қызметшілерге тиісті жылдың кез келген басқа уақытында беріледі не келесі жылғы демалысына қосылады.";

      9) 59-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) шетел мемлекетінің азаматтығы болған;";

      10) 60-баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – орталық мемлекеттік органның басшысы;";

      11) 61-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) шет мемлекеттің азаматтығының болуы;".

      10. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж. № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; 2020 жылғы 30 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам, не бюджеттік бағдарламаның басшысы, не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.

      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманың жобасын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.".

      11. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 11, 49-құжат):

      2-бапта:

      1-тармақтағы "2021 жылғы 1 қаңтардан" деген сөздер мен цифрлар "2024 жылғы 1 қаңтардан" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "2020 жылғы 31 желтоқсанға" деген сөздер мен цифрлар "2023 жылғы 31 желтоқсанға" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады