"Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қарашадағы № 765 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

      Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

      1) Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – "Абыз Әбіш" зерттеуі үшін;

      2) Ақсұңқар Серікке, ақын – "Көкейімде Күлтегіннің жазуы" өлеңдер жинағы үшін;

      3) Есім Ғарифоллаға, жазушы – "Ғұлама-наме" трилогиясы үшін;

      4) Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – "Ұлы Дала әдебиеті" тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;

      5) Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – "Достояние души" өлеңдер жинағы үшін;

      6) Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – "Сарра" драматургия-лық шығармалар жинағы үшін берілсін.

      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады